Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анама сыйлық

04 наурыз 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
Аққұм ауылы КМҚК№7 «Шұғыла» бөбекжайы
I санат тәрбиешісі Саламатова Күлайым Бақбергенқызы

Білім беру саласы:«Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: «Анама сыйлық»
Мақсаты: Балалардың мереке туралы түсініктерін кеңейту. Қалдық заттардан әдемі сыйлық жасауды үйрету. Тиянақты жұмыс жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Саусақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Өз ойларын жеткізе білу. Жақындарына қуаныш сезімдерін сыйлауға, анасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Қиялдарын дамыту.
Көрнекілігі: Дискілер (СД, RV, DVD), түрлі – түсті жұмсақ ысқыш(ыдыс - аяқ жуатын) үлгі, сурет, желім. қайшы, проектор, музыкалық центр,
Әдіс - тәсілдер: ТРИЗ, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сөздік жұмыс: Ысқыш
Билингвистикалық компоненттер: Гүл - цветок, ана - мама

Мотивациялық қозғаушы
- Балалар, бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз өте ерекше тіпті қызықты өтпекші. Сондықтан балалар, көңіліміз көтеріңкі болу үшін, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнаймыз ба балалар, жақсы онда барлығымыз экранға назар аударайық.
Кімнің суретін көріп тұрмыз?
Олай болса, «Анамыз қандай?»- деген ойын ойнайық.
Бізге ойын ойнау үшін алдыменен не керек?
Өте жақсы.
- Ал енді айтайық анамыз қандай?
- Сұлу
- Мейірімді
- Нәзік,
- Анамыз бізге не береді?
- Бізге қамқор болады.
- Сүт береді.
Дұрыс айтасыңдар.
Құшағы ыстық, бірақ күн емес
Өзі нәзік, гүл емес
Және сүйкімді, қоян емес,
Сүт береді, сиыр емес.
Бұл кім екен балалар?

Іздену Ұйымдастырушы
Жарайсыңлар балалар
Балалар АНА деген сөзді бояу керек болса? Қай түспен бояр едіңдер?
Ал, осы «АНА» деген сөзді ұстап көрсек, қандай болар екен.
Міне сендер қазір барлығыңда өз аналарыңды елестеткен боларсыңдар.
- Анаң үйде болмаса қандай болады.
- Көңілсіз, ренжиміз, суық болады.
- Ал, үйде аналарыңа қандай көмек бересіңдер?
- Жыл мезгілінде аналарға арналған қандай мерекелер бар екен.?
- Қандай мереке келе жатыр деп ойлайсыңдар.?
Әрине, ол аналар мерекесі. 8 наурыз жақындап қалды. Бұл күні барлық бала аналарын, әжелерін, апайларын, тәтелерін құттықтайды. Сондықтан балалар, бүгін бізде аналарымызға сыйлық жасаймыз. Сендер аналарыңа тосын сый жасағыларың келеме? Қалай ойлайсыңдар, аналарыңа қандай не сыйлауға болады. Аналарыңа қандай сыйлық ұнайды.? Гүл сыйлауға болады. Бірақ гүлді қайдан аламыз. Топтағы гүл жетпейді. Сатып алатын ақшамыз жоқ. Өз қолымызбен сыйлық жасайық.
Балалар аналарың сендерге тосын сый жасап, бізге бүгін өздері келіпті.
Аналарымызға не дейміз. Қайырлы таң деп айтайық. Ендеше балалар, біз былай жасайық, бүгін аналарымызға біздің қолымыздан барлығы келетінін және ақылды, білімді екенімізді дәлелдейік. Ал енді айта қойыңдаршы аналарыңның қасында өздеріңді қалай сезініп отырсыңдар?
- Күшті, жылы, көңілді.
Біз сыйлықты сатып алмаймыз. Өз қолмызбен жасаймыз. Келістік пе балалар.
Қараңдаршы балалар, мынау не? диск, онымен не істейміз? Мультфильм көреміз. Қазір балалар, балапан каналынан мультфильмді көріп жүрміз. Бұл дискілерді қазір ешкім пайдалана қоймайды. Бұл барлығымыздың үйімізде бар. Солай ғой, енді бұны біз тастамай анамызға сыйлықты осы дискіден жасаймыз. Дискінің пішіні қандай?
Мұқият қарап алыңдар. Мынау кәдімгі жұмсақ ысқыш майлық. Бұлда барлығмыздың үйімізде бар. Енді осы дайын қиылған домалақ, жұмсақ ысқышты қолымызға аламыз да, қылшамен дискіге желім жағып жапсырамыз.. Және қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, кішкене жүрекше қиып аламыз, оны дискінің ортасына әдемілеп желімдер, оны да жапсырамыз. Оған қоса анамыздың суретін желім жағып жапсырамыз. Одан соң түрлі моншақтармен безендіреміз.
Енді ойларыңа түсіріңдер, қайшымен қалай жұмыс жасаймыз?
Балалар есімізге түсіріп алсақ, жұмысты бастайық. Алдыменен дискіге қиылған дөңгелек ысқышты желімдеп жапсырып аламыз. Бетінен әдемілеп орамалмен бастырып сүртеміз. Содан соң, қайшыны ұқыпты ұстап, жүрекшені қиып алып оны дискінің ортасына желім жағып, жапсырамыз. Одан соң анамыздың суретін желім жағып жапсырып, түрлі әшекей моншақтармен безендіреміз
Қане, балалар шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Рефлексивті коррекциялаушы
- Сендерге қиын болды ма?
Не оңай болды? Өзіміздің шын жүрегімізбен жасаған сыйлығымыз анамызға ұнайды деп ойлаймыз және оны көп уақыт сақтайтын болады.
Олай болса анамызға бір - бір тілек айтып сыйлығымызды ұсынайық. Аналарымыз қуанып қалсын.
Ал анамыздың махаббаты бізді мәңгіге жылытады.

Күтілетін нәтиже: Білу керек: Желім жағу мен жапсыру әдісін
Нені игерді: Аналарына сыйлық жасаудың әдіс - тәсілдерін
Нені білді: Қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтауды

Толық нұсқасын жүктеу
27 561
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Үйшік
Үйшік
Балаларға «биік» «аласа», «бір және көп» ұғымдарын түсіндіру. «Үшбұрыш», «Шаршы» геометриялық пішіндерімен таныстыру. Балалардың сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұйымшыл болуға
Ыдыс - аяқ
Ыдыс - аяқ
Ыдыс - аяқтар туралы түсініктерін толықтыру. Асхана құралдары, оның ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын түсіндіру (түсті, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатындығы, жасалуы т.) оларға бағдар жасауға үйрету. Оларды сақтау ережелерін
Өнерлі екен он саусақ
Өнерлі екен он саусақ
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Шежін орта мектеп - балабақшасы мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Айжарикова Гульбану Талаповна
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, КМҚК «Ақерке» бөбек -жайы қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы
Қыс бейнесі
Қыс бейнесі
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×