Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы

14 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы
Мектепке дейінгі балалардың ақыл - ой, дене, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі жөніндегі психологиялық, педагогикалық зерттеу нәтижелері осы кезеңдегі балалардың қабылдау мүмкіндіктері мол екенін дәлелдейді.

Ата - аналардың, тәрбиешілердің басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез - құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, айналадағы адамдарға қарым - қатынасы қалыптасады.

Мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу бағдарламаларында баланы мектепке дайындау жөніндегі негізгі міндеттер атап көрсетілген. Сол міндеттердің ішінде балаларға математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастыру қарастырылған. Мектепалды даярлық топтарында балалар математика жөнінде нені білуі тиіс?

Бағдарлама негізінен 5 тараудан тұрады.
1. Сан және есеп. Мектеп жасына дейінгі баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады. Бұл кезеңде баланың оқуға икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі жетілдіре түсудің маңызы зор.

Балалар дидактикалық ойындар арқылы түрлі жаттығуларды орындайды. Мектепке даярлық топтарында балалар 10 - ға дейін тура және кері санау, есептеу материалдарын пайдаланып, ауызша қосу, азайту сияқты арифметикалық амалдарды орындай білуі, сандарды салыстыру, тең емес топтардан қалай теңдік жасауға болатынын, сандардың реттік қатары мен цифрларын тану, санның бірліктерден және өзінен кіші екі саннан тұратынын, көрсетілген сан бойынша заттарды санап алуға, заттарды тең екі және төрт бөлікке үйренеді. Сандарды салыстыра отырып, көп – аз, біреу, қанша болса сонша ұғымдарын үйренеді.

2. Көлем. Әртүрлі шама өлшемдері бойынша заттарды салыстыруға үйрету. Заттардың ұзындығы, жалпақтығы, биіктігі, қалыңдығы жағынан салыстыра біліп, олардың көлемдік өзгерістерін түсінуі және оны сөзбен айтып бере білуі керек. Мысалы: мынау жалпақ, биіктеу, ұзарды сияқты ұғымдарды, заттарды бір - бірімен салыстыру, шартты өлшеуіштің көмегімен және көзбен мөлшерлеу арқылы үйренеді. Сусымалы және сұйық заттарды өлшеуге дағдыланады.

3. Форма. Мұнда геометриялық пішіндер төртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, сопақша және көпбұрыштармен таныстыру. Қоршаған ортадан өздеріне таныс геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды көре білуге, геометриялық пішіндерден әртүрлі бейнелер құрастырып, қандай пішіндер құрастырғанын атап айта білуге үйренеді.

4. Кеңістікті бағдарлау. Кеңістікті бағдарлау тапсырмалары заттың қалпын өзіне қатысты жағынан да, мысалы: менің алдымда Қанат, менің сол жағымда стол тұр және өзгелерге қатысты жағынан да мысалы: Қанаттың оң жағында Самат отырады, аюдың қасында қоян тұр, шкафтың үстінде доп тұр деп анықтауға және қоршаған заттардың арасындағы өзінің орнын да анықтауға үйренеді.

5. Уақытты бағдарлау. Балалардың уақыт туралы түсініктерін ойын, әңгіме, оқу қызметі үстінде табиғи белгілерге сүйене отырып, үйренуге болады. Таңертең, түс, кеш, түн ұғымдарын түсініп, дұрыс қолдануы, жыл мезгілдерінің ретін білуі, оларды өзіне тән белгілері бойынша айыра білуі, күн, апталарын ретімен атау, бүгін қай күн, кеше қай күн, ертең қай күн болатынын, ай аттарын айта білуге үйрету.

Халқымызда бала тәрбиесіне арналған алуан түрлі ауыз әдебиетінің үлгілері бар. Балаларды санай білуге үйрететін, зейінін дамытатын жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, әзіл есептер баланы қызықтырып, көңіл - күйін көтеріп, қуанышқа бөлейді. Әдемі машықтар, жақсы ұйқастар бәрі де балаға әсер беріп, қиялық қанаттандырады, ойлауын дамытады. Бала жүрегіне жақын «Қуырмаш», «Саусақ санау», «Бес саусақ», «Бір қазан сүт» ойындарын ойната отырып, баланың көңілін көтеріп, жағымды көңіл - күй қалыптастырады. Саусақтардың халықтық тұрғыдағы атауларын үйрете отырып, оларды санауға үйретеді.

Мектеп жасына дейінгі балалар оқытудың жарыс, ойын, есеп құрастыру және шешу, затты іздеп табу секілді көптеген тәсілдерін құлшына орындайды. Бұл ретте сандарды қалыптастыруға «Кім тез табады?», «»Не өзгерді?, «Кімнің орны?», геометриялық пішіндерді қалыптастыруға «Сыңарын тап», «Өз үйіңді тап», «Алтын сандық», «Қандай пішінге ұқсайды?», кеңістікті бағдарлауға «Барлаушылар», «Саяхатшылар», «Ойыншық қайда тұр?», «Қоян қайдан келеді?», уақытты бағдарлауға «Апта», «Бұл қай кез?», «Кім шапшаң?», көлемді қалыптастыруға «Кімнің үйі биік?», «Қайсы жол ұзын, қайсы жол қысқа?», логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға «Аспанда 5 балық ұшып жүр, екі балық жерге қонды. Аспанда неше балық қалды?» немесе «Сиырда 5 мүйіз, ешкіде 5 мүйіз қосқанда барлығын болады қанша мүйіз» - деген сияқты дидактикалық ойындар мен есептерді пайдаланып, оқу қызметі жапсыру, мүсіндеу, құрастыру, сурет, тіл дамыту, айналамен таныстыру пәндерімен байланыстыра өткізсе балаларға тәрбие және білім беру нәтижелері болар еді.

Математика оқу қызметінде балалардың ой - өрісін кеңейтуді, танымдық белсенділіктерін дамытуды көздеп отырамын. Күнделікті оқу материалдарын оларға айналадағы таныс нәрселермен, құбылыстармен салыстыра түсіндіруді тиімді санаймын. Балаларға 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды өткенде заттарды жеке, топтап салыстыру арқылы санауға машықтандыруды мақсат еттім. Сандардың атауларын, реттерін, цифрларын меңгертуде түрлі әдістер қолданып отырдым. Санауға үйреткенде сан бірліктерден тұратынын мысалдар арқылы түсіндірдім. Мысалы: тақтаға шақырылған 5 баланың әрқайсысының қолына бірінші балаға – 1 саны, екінші балаға – 2 саны, үшінші балаға - 3 саны, төртінші балаға – 4 саны, бесінші балаға – 5 саны жазылған карточка беріп, карточкада көрсетілген санға сәйкес алма саны салынған суреттер таратылады. Соған қарап, балалар санның неше бірліктен тұратынын аңғарады.

Мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын баланың математикадан жеткілікті білім қоры, қабілеті мен икемділігі болғаны жөн. Баланың мұндай қабілетін қалыптастыру оның келешекте жақсы оқып, жан - жақты жетілуіне негіз болады.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
МККҚ №2 «Айгөлек» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Диханбаева Гүлімхан Жақсылыққызы
20 584
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді.
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің №557 бұйрығына (базалық оқу жоспары) енген өзгерістер:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің №557 бұйрығына (базалық оқу жоспары) енген өзгерістер:
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын, рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға,
Үйрету карточкалары
Үйрету карточкалары
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изенова Зухра Жеткергенқызы
Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №234 Ж. Жабаев атындағы қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық жетекшісі Смағұл Гүлжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×