Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ашық сабақ «Математика еліне саяхат»

31 қаңтар 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру бөлімі: Таным.
Бөлім: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Математика еліне саяхат».
Мақсаты: Балалардың тез санау, цифрларды атау және сандарды ретімен қою біліктерін бекіту. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерін атап білу.
Геометриялық пішіндер туралы білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Заттардың көлемдері бойынша салыстыруға жаттықтыру.
Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Ойлау арқылы балалардың сөйлеу қабілеттерін дамыту. Математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Топпен жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.
Сөздік жұмыс: Нүкте, сандар, апта күндері.
Қос тілдік: Сандар - цифры, нүкте - точка.
Іс - әрекет кезеңдері Педагогтың басқару іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті

l этап
Мотивациялық - қозғаушылық
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге көптеген апайлар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті.
Төрімізге еніпті.
Сәлеметсіздер ме, апайлар.
- Балалар, сендерге аналарың бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыссын деп көтеріңкі көңіл - күй сыйлап кетті. Сендер де аналарыңды қуантып, бүгінгі ашық сабаққа белсенді қатысыңдар жарай ма? Ал сендер қандай балаларсыңдар?
Тақпағымызды еске түсірейік
Мен талапты баламын,
Дайын дәптер қаламым.
Есептерді шығарып,
Бестік баға аламын - дей келе сабағымызды бастайық.
- Ал, балалар, бүгін біз математика сабағында саяхатқа шығамыз. Ал балалар саяхатқа шыққыларың келеме?
- Жақсы. Ендеше алға.
- Бір, екі, үш, төрт, бес,
Аяқты басамыз тез тез
Қонақтармен амандасады.

Шеңберге тұрып өлең жолдарын бәрі бірге айтады.
Бәрі бірге хормен айтады.

Иә, келеді.
ll этап
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Өлең оқып беру.
Ал тыңдаңдар, тыңдаңдар
Асығыстық қылмаңдар
Асықпайық дегенде
Көп ойланып тұрмаңдар.
Алу, қосу, теңдік деп
Ұзын, қысқа жолақша
Жуан менен жіңішке
Көппен бірге аз екен
Балалар да мәз екен.
Үшбұрыш пен шаршы көп
Төртбұрыш пен дөңгелек.
- Өлең не жайында айтылған?
- Осы пішіндерді, сандарды, ұзын қысқаны қандай ғылым зерттейді?
- Дұрыс айтасыңдар,
Математика. Балалар бізді саяхатқа апаратын қарындаш бар екен. Көзімізді жұмайық 1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді математика еліне апар. Міне біз Математика еліне де келдік.
- Математика сөзінің астында не көріп тұрсыңдар?
- Нешеге дейінгі саңдар?
- Ендеше Математика сөзі неше дыбыстан тұрады екен?
- Бұл сандар жай сандар емес, сиқырлы сандар екен. Әр санның артында бізге сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Ал кәне, осы тапсырмаларды шешіп көрейік.
«Миға шабуыл». Жылдам жауап беру.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- 1жылда неше ай бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Бір аптада неше күн бар?
- Апта күндерін атап айт.
- Бүгін аптаның нешінші күні?
- Балабақшаға аптасына неше күн келеміз?
- Қай күндері келеміз балабақшаға?
- Қай күндері демаламыз?
- Жақсы жарайсыңдар. Енді сандардың тапсырмаларын орындап көрейік.
1. Тапсырма. «Сан санау».
Поездағы аңдарды санау.
1 - ші, 2 - ші, алдыңда, артында...
Үлкен - кішкентай
Биік - аласа.
- Жақсы жарайсыңдар!
2. Тапсырма. «Шатасқан сандар»
а) Қатты жел соққан кезде сандар орындарын шатастырып алыпты оларды 1 - ден 10 - га дейін дұрыс орналастырайық.
б) 1 - ден 10 - ға дейін яғни сандарды тура және кері санау.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
в) 3 - тен бастап сана,
г) 6 - дан ары қарай сана
3. Тапсырма. Ойын: «Көрші санды ата».
4 санның көршісін тап
6 санның көршісін тап
9 санның көршісі.
4. Тапсырма «Қай сан жоқ?»
Нүктелердің орнына жоқ санды орналастыру.
Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға бір, бұрылып,
Солға бір бұрылып,
Алақанды соғайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
5. Тапсырма. «Суреттегі заттарды санмен белгіле».
Суреттегі заттарды санап, санына қарай қажетті санды көрсету.
Слайд арқылы 5 - 6 сурет қолдану.
6. Тапсырма. Ойын: «Ойна да ойла». Логикалық сұрақтар.
1. Қонжық екеу, табаны нешеу?
2. Үш қоянда неше құлақ бар?
3. Аланда емен ағашы өсіп тұр. Еменде барлығы неше алма өсіп тұр?
4. Орманда аңдар арасында жүгіруден жарыс өткізілді. Жүгіруге қоян, түлкі, балық қатысты. Осы жарыста балық нешінші болып келді деп ойлайсыңдар?
5. Шеңбердің бұрышы бар ма?
6. Иттің құйрығы нешеу?
7. Ай көп, жұлдыз көп пе?
8. Гүлдің неше сабағы бар?
9. Не ауыр піл ме, қоян ба?
10Жағаға дейін қаз тез жүзе ме, әлде әтеш пе?
11. Жол кең болса, ал тротуар ше?
12. Аю үлкен, ал тиын...
13. Алма тәтті, лимон...
14. Адамда неше бас бар?
15. Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
7. Тапсырма.
Суретте қандай геометриялық пішіндер орналасқан?
Санағыш таяқшамен жұмыс:
Таяқшалардан геометриялық пішіндер құрандар.
Үш бұрышы, үш қабырғасы бар...
Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бірдей...
Төрт бұрышы бар, екі қабырғасы ұзын, екі қабырғасы қысқа...
Бес таяқшадан бірдей екі үшбұрыш құрастыр.
8. Тапсырма «Уақытты бағдарлау».
Жұмбақтар шешу.
а) Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз. Анамызға ереміз, бақшамызға келеміз. Бұл қай кезде болады?
б) Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз, серуенге шығамыз, қыдырамыз. Қай кезде?
в) Күн батады қызарып, мамамызды күтеміз. Бұл қай кезде болады?
г) Үйлерде шам жанады, дем алады бар әлем, деп әлдилеп ақ әжем. Бұл қай кезде болады?
- Сонымен бір тәулікте нешеге бөлінеді?
9. Тапсырма:
«Кеңістікті бағдарлау».
Алдарында жатқан ақ қағаздың
жоғарғы оң жағына – үшбұрыш,
төменгі сол жаққа - төртбұрыш,
жоғарғы сол жаққа - дөңгелекті,
төменгі оң жаққа - шаршыны, ортасына - сопақшаны орналастырыңдар.
10. Тапсырма.
Математикалық мақал - мәтелдер:
1. Бір досың болғанша,
Жүз досың болсын.
2. Бір тал кессең, он тал ек.
3. Сегіз қырлы, бір сырлы.
4. Бес саусақ бірдей емес.

- Балалар, енді саяхаттан қайтатын уақыт болды. Сиқырлы қарындаштың көмегімен топқа қайтайық.
1, 2, 3 – сиқырлы қарындаш бізді топқа апар.
Міне, балалар, топқа келдік.
Біздің сиқырлы қарындашымыздың ішінде әдемі жұлдызшалар бар екен, бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатысып, тәртіпті, білімді екендеріңді көрсеткендерің үшін осы жұлдызшаларды таратып берейін.

Өлеңді мұқият тыңдайды.
Пішіндер, алу, қосу, жуан - жіңішке.
Математика.
1, 2, 3 деп айтады.
Сандар.
1 - ден 10 - ға дейін.
10 дыбыстан.
Келіседі.

4 мезгіл
12 ай бар
Көктем мезгілі.
Сәуір айы
7 күн бар.
Жауаптары.
5 күн келеміз.
Атап айтады.
Суретке қарап тапсырманы орындайды.
1 бала тақтаның алдыңда, қалғаны орындарында тапсырманы орындайды.
3, 5
5, 7
8, 10
Кестедегі нүктелердің орнына жоқ санды қояды.
Мазмұнына сай қимылдар орындайды.
Заттарды санайды санмен белгілейді.
Сұрақтарды мұқият тыңдап, жылдам, дұрыс жауап беруге тырысады.

Ол үшбұрыш.
Шаршы.
Тіктөртбұрыш.
Жұмбақтарды шешеді.
Таңертең.
Күндіз.
Кешке.
Түнде.
Төртке бөлінеді.

Геометриялық пішіндерді орналастырады.
Мақал - мәтелдер айтады.
1, 2, 3 - сиқырлы қарындаш бізді топқа апар деп хормен айтады.
lll этап
Рефлексиялық - түзетушілік
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетті қорытындылау.
- Саяхатқа қайда бардық?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- Қандай тапсырмалар сендерге қиын болды?
- Сабақта не ұнады? Сұрақтарға толық жауап береді, өз ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: 1 - ден 10 - ға дейін сандарды, сандарды таңбалау, геометриялық пішіндерді, сан санау ұғымдарын.
Игеру керек: Геометриялық пішіндерді таяқшадан құрастыруды. Алған білімдерін қолдана білу.
Жасай білу керек: Санның өсу, кему ретімен дұрыс орналастыра білу.
18 131
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 саны және цифры.
8 саны және цифры.
- Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. - Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
8 саны және цифры.
8 саны және цифры.
Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Балалардың алған түсініктерін бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×