Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Туған ел" көркем сөз сайысы

24 қаңтар 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
"Туған ел" көркем сөз сайысы
Жүргізуші: Айдын шалқар көлім бар
Ну орманды жерім бар
Күннен күнге көркейген
Менің байтақ елім бар

Армысыздар қадірлі қонақтар! Бала тәрбиесінің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып, білім алады. Қазақ халқымыз Отан отбасынан басталады дейді. Әр адам өз Отанын сүйіп, құрметтеуге тиіс. Қазақ елінің маңдайына біткен біртуар азаматтары туған еліне, жеріне деген сезімдерін жыр шумақтарымен білдірген. Болмасаң да ұқсап бақ дегендей біздің бүлдіршіндерімізде өз Отанына, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін ағаларының, апаларының жырларын жаттап, елжанды болып өсіп келе жатқандықтарын дәлелдемек. Сіздердің алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұл - қыздарыңыз «Туған ел» атты көркемсөз байқауына қатысып өз бақтарын сынамақ.

Жүргізуші:
Ал келіңдер, келіңдер
Бір біріңе еріңдер
Көркем сөзбен көмкеріп
Сайысқа қатысып көріңдер - деп қатысушы бүлдіршіндерімізді қарсы алайық!
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Жүргізуші:
Әділ қазы береді
Өздеріңе билікті
Өнерден кім жеңеді
Алады сол сыйлықты - деп қазылар алқасымен таныс болайық.

1. Директор С. Абулгартаева
2. Әдіскер Ұ. Ақжігітова
3. Бейнелеу жетекшісі С. Сақтағанова

Жүргізуші:
Жас ұланмын елімнің
Болам ұл - қыз зор әлі
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары
Ән: Қарлығаш тобының «Сағат» биін қабыл алыңыздар

Кезекті «Қарлығаш пен Көгершін» сайыскерлерін ортаға шақырамыз.(Балалар тақпақтарын айтады)
Жүргізуші:
Мәпелейді ұланын
Асыл ана думанды ел
Тілегіңнен шығамын
Қуантамын туған жер - деп кезекті

«Көгершін» тобының тәрбиеленушілерін «Қуыршақ» биімен қарсы алайық.
Жүргізуші: «Тұлпар мен Балдырған» тобының сайыскерлерін ортаға шақырайық.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққулар қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде балабақшамыздың бишілерін «Индиский» биімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Көкке қолын созады
Көкбайрағым желбіреп
Бәрінен де озады
Менің елім кең жүрек
Еркелеткен төрінде
Елімізді сүйеміз
Ата баба қалдырған
Байлығына иеміз

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
«Көгершін»тобының тәрбиеленушілерінің «Кокожамбо» биімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Әділқазылардың бағасы дайын болғанша «Қарлығаш» тобының «Конфет»биімен тамашалайық
Мәнерлеп оқу сайысы
Қандырар көрермен айызын
Топты қорғап ішінен
Шығасын жарып қайсысың

Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Марапаттау
Осымен «Туған ел» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Бейбіт таңдар арайланып атады
Туған жерді аймалайды шапағы
Байтақ елім Қазақстан
Ең бақытты балалардың Отаны
Қымбатты балалар, қонақтар! Тұғыры биік елімізде өнерлі, білімді өрісі кеңге жайылған саналы ұрпақтарымыз көп болса, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену біздер үшін толғандырған мәселе болары анық. Ендеше, әрбір бала жұлдызын жарқырата білейік! Талапты бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын, атар таңы арайлы болсын! Сәт сапар тілейміз!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, "Ақбота"балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы А. Е. Ермекбаева
7 745
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ еліне саяхат ойыны
Қазақ еліне саяхат ойыны
Оқушылардың қазақ еліне саяхат жасау арқылы қазақ елі, өнері, қалалары туралы ой - өрісін кеңейту
Тәуелсіз елім - туған жерім
Тәуелсіз елім - туған жерім
Астана қаласы, №10 «Бөбек» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі: Аяпбергенова Ботакөз Сагындыковна
Жайнайды Астана! (оқушы шығармашылығынан)
Жайнайды Астана! (оқушы шығармашылығынан)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің 6 - сынып оқушысы Бақытжанқызы Бибінұр
Менің Қазақстаным  (өлеңдер)
Менің Қазақстаным (өлеңдер)
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері, Қазақстан – қазағымның туған елі. Кен байтақ Қазақстандай жерде туған Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
№5 «Ақбота»МДҰ МКҚК Әдіскер Есжанова С. Т.
«Туған жерім – Қазақстан»
«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×