Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы

04 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы
Мақсаты: • Балалардың жануарлардың ұзақ қыс алдындағы дайындығы туралы білімдерін бекіту;
• Өмір мен қоршаған орта жағдай арасындағы жануарлар байланысын анықтауды үйрету;
• Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқу қызметінің әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Жануарлардың суреті (түлкі, аю, қоян, қасқыр, тиін жолбарыс, арыстан т. б.)
Билингвалдық компанент: Қыс - зима, орман - лес, түлкі - лиса, аю - медведь, қасқыр - волк, қоян - зайц

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Армысың, Қайырымды аспан ата.
Армысың, Мейірімді жер ана.
Армысың, шұғылалы алтын күн.
Қуанайық, шаттанайық бәріміз.
Қол ұстасып тұрайық.
Шаттық шеңбер құрайық.

Ұйымдастыру - іздестіру
1. Қыс мезгілі жабайы жануарлар өмір сүру үшін өте қиын, азығын қардың арасынан тауып жеуге қиналады, сондықтан олар жиі аштыққа ұшырайды.
2. Аю, аю тұршы әнін айту.
3. Баларға слайд көрсету.

Бұл суреттен не көріп тұрсыңдар?
Жабайы аңдарға нелер жатады?
Неліктен жабайы аңдар дейміз?

4. Тақпақтар айту
Қасқыр: Дәулет
Мен көкжал қасқырмын,
Малшыны састырдым.
Аш болсам, ұлимын,
Ауылды торимын.
Аю: Асылбек
Тауға шықсаң - қалың қар,
Сайға түссең - қалың қар,
Шырша үсті - қалың қар,
Байқаңдар қар астында,
Ұйықтап жатқан аю бар.
Сұр қоян: Диана
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжек екен өзінің.
Жолбарыс: Нұрқанат
Мен – жыртқыш жолбарыс,
Тұрағым ну қамыс.
Түн демей, күн демей,
Жортамын жолда алыс.
Арыстан: Мейірбек
Мен – мықты арыстан,
Аңдардың патшасы.
Жауымның алысқан,
Күл болған қаңқасы.
Тиін: Айзере
Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші толы үйімнің.

Ақләйлек
Жолбарыс - ірі жыртқыш аң. Ол біздің Қазақстанда кездеспейді. Суматра аралында ғана кездеседі. Ол ну орманда жүреді. Қыста өз азығын тауып жейді.

Алдияр:
Қоян - орман мен далалы жерлерді мекендейді. салмағы 6 килограммға дейін жетеді. Қоянның түсі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.
Қыста қар астындағы шөптердің тамырымен және ағаштардың қабығымен қоректенеді.

5. Сергіту сәті

6. Жұмбақтар шешу.
1. Өзі қу, жүрген жері айғай да шу.
2. Жаздай қаңғиды,
Қыста қалғиды.
3 Аузы бейне, шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ малда орады.
4. Сылпдырдан қорқады,
Шошынып жатады.

7. Суреттерге әңгіме құрастыру.

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Алакөл негізгі орта мектебінің
«Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі:
Шонаева Гулдаурен Нурлыбаевна

Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы. жүктеу
4 825
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Жануарлардың келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөнінде білімдерін кеңейту. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы аңдардың балаларының аттарын дұрыс айта білуге үйрету, олардың табиғаттың бір бөлшегі екендігін сезіндіріп, қамқорлық сезімдерін оят
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілге дайындығы тақырыбын оқушыларға жүйелі түрде меңгерту
Жануарлар қысқа қалай дайындалады
Жануарлар қысқа қалай дайындалады
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Омарова Раушангүл Жұбандыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×