Білімділер поралы

Қазақтың ою - өрнектері

Тақырыбы: Қазақтың ою - өрнектері
Ересектер мен мектеп алды тобы.
Мақсаты. Балаларға қазақтың ою - өрнектері туралы түсінік беру. Халық шеберлерінің еңбектеріне құрметпен қарауға, ұлттық салт - дәстүрді жалғастыруға тәрбиелеу. Аппликация, құрастыру арқылы қазақ ою - өрнектеріне қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: Желім, түрлі - түсті қатырма қағаз.
Әдіс - тәсілдері. үйрету, көрсету, айтып түсіндіру, естеріне түсіру.
Билигвальді компонент: өрнек - узоры

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Балалар музыка әуенімен топқа кіреді.
Жылулық шеңбері. Балалар бір - бірімен құшақтасып амандасып орындарына отырады.
Тәрбиеші:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Балалар біз қай мелекетте тұрамыз?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Сендер қай ұлттың баласысыңдар? балалар әр халықтың өзіне тән ұлттық белгілері бар. Біздің өз рәміздеріміз, тіліміз, салт - дәстүріміз бар. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі - ұлттық ою - өрнектері. Ол оюларды сендер күнде көріп жүрсіңдер.
Мысалы: көк туымыздың жиегінде оюмен әшекейленген белгісі бар.
Балалар сендер қандай ою - өрнек түрлерін білесіңдер?(қайталау)
Олай болса мен сендерге ою - өрнек түрлерін көрсетемін. Сендер естеріңе түсіріп, атап беріңдер.
Теледидардан бейне көрініс.

Ал, балалар бізге қонаққа ұлттық ою - өрнек түрлерін жете меңгерген шебер әжеміз келіп отыр.
Әже: Амансыңдар ма, немерелерім!
Қәне, кім ою - өрнек туралы мақал - мәтелдер біледі?
Мунира: Шебердің саусағы алтын
Ою ойған сызу да сызады.
Даниял: Өз үйінде ою оймаған
Кісі үйінде сызу сызады.
Әйгерім: Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатқан жолында.
Тәрбиеші: Балалар қазақтың ою - өрнегі туралы не білесіңдер?
Ақылбек: Менің түсінгенім ою - өрнек дегеніміз сәндік, көркемдік, тазалық, сұлулық, шат көңіл деп ойлаймын.
Дулат: Ою - өрнек салған адамның жүрегі нәзәк, жаны таза болады.
Алмас: ою - өрнек ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра.
Айым. біздің қазақ шеберлері ою - өрнек түрлерін жете меңгерген.
Мысалы: Көк түс - аспанның
Қызыл түс - қуаныштың,
Сары түс - ақылдың,
Қара түс - жердің символы,
Жасыл түс - көктемнің белгісі.
Нұрдәулет: Біздің қазақтың ою - өрнегі ұрпақтан - ұрпаққа көшіп, біздің заманымызға жетті.

Дидактикалық ойын: Өрнектерді кім тез анықтайды?
Тәрбиеші: Біздің ұлттық киім-кешектер басқа ұлттар сияқты өз ою - өрнектерімен көзге түседі. Қазақтың ұлттық киімдер топтамасынан тұратын сән үлгілерін көрсетейік.
Балалар музыка әуенімен ұлттық сән үлгілерін көрсетеді.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Оюлардан әр түрлі,
Көрпеше жасап алайық.
Оңға, солға бір қарап,
Денемізді бұрайық.
Тәрбиеші:
Қазақтың ою-өрнек деген сөзінің мағынасы сәндеу, әсемдеу. Күнделікті тұрмыста үй жиhаздарында, сырмақ, текемет, көрпеше, бөстек, сандық, кебеже сондай - ақ киім-кешектерде безендіруде қолданылады.
Тапсырма: Геометриялық пішіндерден өрнек құрастырып,(өрнектің аты "Бес таңба") аппликация әдісімен көрпеше жасау. Алдын ала қиылып алынған пішіндерді үлгі бойынша қағаз бетіне құрастырып, оларды бірте - бірте желімдеп шығамыз.
Әже: Ой айналайын бәрің өнерлі, шебер, алғыр екенсіңдер!(еңбектерін бағалап, батасын береді)

Қорытынды: Көрме ұйымдастырып, балалардың еңбегін бағалап, оқу қызметіне белсенді араласқан балаларды мақтап, марапаттау.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 83
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 83
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика