Білімділер поралы

Менің отбасым

«Балдырған» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: Білімділік: Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы, мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді қолдануға үйрету.
Дамытушылық: Өзінің отбасы мүшелерінің бір - біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.
Тәрбиелік: Отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Отбасы ұғымын түсіндіру. Отбасы мүшелерімен таныстыру.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын.
Қажетті құрал – жабдықтар: Отбасы мүшелерінің суреттері. Үлкенді құрметтеу, сыйлау туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: отбасы, әке, ана.
Билингвальды компонент: Отбасы - семья, әке - папа, ана - мама.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі Жылулық шеңберіне жиналу.
Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне, мен!
Доспын енді сенімен.
Балалар, отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

Ұйымдастырушылық - ізденушілік.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?
- Иә, балалар сендерге жылы сөздерді аталарың, әке, әжелерің аналарың айтады екен.
- Ал, осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?
- Онда бүгінгі оқу іс - әрекетімізде біз кімдер туралы әңгіме қозғайды екенбіз? Балаларды екі орталыққа бөлемін.
Бірінші орталықтағы балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, өздерінің отбасы мүшелерінің қызметтері мен қарым - қатынастары туралы айтып беруді тапсырады.
Екінші орталықтағы балаларға бірнеше қуыршақтарды пайдаланып, отбасы мүшелерін топтастыру және олардың отбасындағы туыстық қарым - қатынасын анықтап айтып беру тапсырылады(әңгімелесу барысында амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым - қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді пайдаланады)

Сергіту сәті
Иіліп оңға бір, иіліп солға бір,
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай - ақ.
Д/о: «Жылулық тілегі»
Ойынның шарты: ойынға қатысушы барлық балалар ата, апа, ана, әке, ағаның, ал допты ұстаған бала баланың рөлін ойнайды.
Бала допты лақтырған кезде, қағып алған бала(ата, әже, әке, ана, аға) допты кері қайтарып теңеу сөз, жылы сөз, лебіз немесе тілек айтады.

Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіру. Өздеріне ұнаған суреттерді тандап алып, коллаж құрастыру.
- Балалар, біз бүгін кімдер туралы білдік?
- Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті ұнады ма?
Тәрбиеші: Утепова С. А.

Менің отбасым. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 28
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 27
Роботтар: 3
Шамиль
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика