Білімділер поралы

Гүл ханшайымының тапсырмалары

Тақырыбы: Гүл ханшайымының тапсырмалары
Мақсаты: Балалардың әртүрлі қимыл - қозғалыстарға ептілігін, шапшаңдылығын, төзімділігін дамыту және ойынға деген қызығушылығын, дене сымбаттылығын қалыптастыру.
Қимыл - қозғалыс ойыны: «Көбелек гүлге қонды»
Көрнекіліктер: Текшелер, кругтар, гимнастикалық орындық, геометриялық фигуралар, гимнастикалық қабырға, арқан, әр түрлі гүлдер, көбелектің суреттері.
Ашық оқу қызметінің барысы.

Кіріспе бөлімі:
Нұсқаушы: Балаларды залға әуенмен кіргізеді. Қатарға тұрғызады. Амандасады.
Балалар: Амандасады.
Нұсқаушы: Тік тұрыңдар! Түзеліңдер! Тік тұр, оңға бұрыл. Саппен жүріңдер. Аяқ ұшымен қолымыз белде. Өкшемен жүреміз, қолымыз желкеде. Қолымызды алға созып, тізені көтеріп жүреміз. Жәй жүгіреміз. Қарқынмен жүгіреміз. Жәй жүреміз. Қатарға тұрамыз.
Балалар: Нұсқаушының берген тапсырмаларын орындады. Қатарға тұрды.
Нұсқаушы: 1 - 2 деп санап 2 қатарға бөлінеміз.
Балалар: Санап 2қатарға бөлінді.
Нұсқаушы: Балалар уақ доппен жалпы дамытушы жаттығуын орындаймыз. Уақ допты себеттен алады.

1 - жаттығу. Уақ допты қолға алып, қолымызды жоғары созамыз. Қолымыздағы допқа басымызды оңға, солға бұрып қараймыз. (5 - 6 рет қайталау.)
2 - ші жаттығу. Уақ допты екі қолмен ұстап, оң және сол иыққа допты тигіземіз. (5 - 6рет қайталау)
3 - жаттығу. Қолымызды алға созып, оңға, солға бұрыламыз. (5 - 6 рет қайталау)
4 - жаттығу. Оң қолымыз белде, сол қолымызда доп оңға иілеміз. (5 - 6рет қайталау)
5 - жаттығу. Сол қолымыз белде, оң қолымызда доп солға иілеміз. (5 - 6 рет қайталау)
6 - жаттығу. Уақ допты 2 қолымызбен ұстап, отырып - тұру. ( 5 - 6 рет қайталау)
Балалар: Жалпы дамытушы жаттығуларын орындады.

Негізгі бөлім:
Нұсқаушы: Бүгінгі ашық оқу қызметінің тақырыбы: «Гүл ханшайымының тапсырмалары».
Ғажайып сәт.(есік қағылады.) Гүл ханшайымы келеді.
Гүл ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар? Мен гүлханшайымы боламын. Осы балабақшада дене шынықтыру сабағынан ашық оқу қызметі болып жатыр деп естіп едім. Мен сендердің қимыл - қозғалыс кезінде ептіліктеріңді, төзімділіктеріңді байқауға келдім, сонымен қатар сендерге көптеген тапсырмалар әкелдім.
Балалар: Сәлеметсіз бе гүл ханшайымы.
Гүл ханшайымы: Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен сендерді өзімнің гүлдер әлеміне апарамын. Балалар тапсырманы орындайсыңдар ма?
Балалар: Орындаймыз.

Гүлханшайымы: Ендеше 1 - ші тапсырма.
Текшелер арасымен жыланша жүру.
Балалар: Текшелер арасымен жыланша жүрді.

Гүл ханшайымы: 2 - ші тапсырма
Кругтан - кругқа секіру.
Балалар: Кругтан - кругқа секірді.

Гүл ханшайымы: 3 - тапсырма. Тунельдің арасымен еңбектеп өту.
Балалар: Тунельдің арасымен еңбектеп өтті.

Гүлханшайымы: 4 - тапсырма. Арқан үстімен табан ойысымен жүру.
Балалар: Арқан үстімен жүрді.

Гүл ханшайымы: 5 - тапсырма. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп, келесі сатысына өтіп, түсу.
Балалар: Гимнастикалық қабырғаға өрмеледі.

Гүл ханшайымы: 6 - тапсырма. Тепе - теңдікті сақтау.
Гимнастикалық орындық үстімен тепе - теңдікті сақтап жүру.
Балалар: Тепе - теңдікті сақтап жүрді.
Гүл ханшайымы: Балалар сендер менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар. Мен сендерді өзімнің гүлдер әлеміме апарамын. Қанеки бәріміз көзімізді жұмайық. (әуен)
Нұсқаушы: Балалар енді көзімізді ашайық. Біздер гүлдер әлеміне келдік. Ауасы өте керемет, таза ауа, гүлдердің хош иістері шығады. Балалар қандай гүлдердің түсін көріп тұрсыңдар? (табиғат құбылысының дауысы)
Балалар: Қызыл, сары, көк, және жасыл жапырақты гүлдер.
Нұсқаушы: Ендеше онда «Көбелек гүлге қонды»қимыл - қозғалыс ойынын ойнайық па?
Балалар: Иә
Нұсқаушы: Ойын шарты. Жердегі гүлдерді қолымызға алып ортаға шеңберге тұрайық. Гүлді жерге қояйық. Көбелек ұшты деген кезде қолдарын жоғары - төмен қимылдатады. Көбелек гүлге қонды деген кезде жердегі гүлге қолын қойып, отырады.
Балалар: Гүлді алып ортаға шеңберге тұрады.
Нұсқаушы: Көбелек ұшты.
Балалар: Қолдарын жоғары - төмен қимылдатады.
Нұсқаушы: Көбелек гүлге қонды.
Балалар: Көбелек гүлге қонды деген кезде жердегі гүлге қолын қойып, отырады.
(Осы қимыл - қозғалыс ойынын 3 - 4 рет қайталап ойнатады). (жәй әуен ойнатылады)
Нұсқаушы: Тыныс алу жаттығуы. Суға салынған шынайы гүлді балаларға үлестіріп береді. Қолымыздағы гүлді мұрнымызбен иісін иіскеп, демімізді ішке алып, ауызбен шығарамыз.
5 - 6 рет қайталайды
Балалар: Тыныс алу жаттығуын орындады.
Гүл ханшайымы: Балалар осы қолдарыңыздағы гүлді мен сендерге сыйладым.
Нұсқаушы: Гүліңізге рахмет гүл ханшайымы. Балалар енді өзіміздің бақшамызға оралайық. Қанеки көзімізді жұмайықшы. (әуен ойнатылады)

Қорытынды:
Нұсқаушы: Балалар бізге кім келді?
Балалар: Гүл ханшайымы
Нұсқаушы: Қайда бардық және қандай ойын ойнадыңдар?
Балалар: Гүлдер әлеміне және «Көбелек гүлге қонды» ойынын ойнадық.
Нұсқаушы: Балалар сендер гүл ханшайымының тапсырмаларын өте жақсы орындадыңдар. Жарайсыңдар балалар. Балаларды мадақтады. Балалар қолымыздағы гүлдерімізді келген қонақтарға ұсынайық. Шеңберге тұрайық. Осымен бүгінгі ашық оқу қызметім аяқталды. Оңға бұрылып, қатармен жүреміз. Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже
Білуі керек: Жалпы дамытушы жаттығуларын орындай білуі
Болуы керек: Ойынға деген қызығушылығы, шапшаңдылығы, төзімділігі, ептілігі.
Қолынан келуі: Гүл ханшайымының тапсырмаларын дұрыс орындай алуы.

Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Баутин ауылы
"Ақбота"балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы А. Ермекбаева
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 23
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 23
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика