Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің тәуелденуі

14 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты: 1. Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін түсіндіру.
2. Оқушының ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.
3. Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік.
Түрі: жаңа білімді меңгерту, СТО технологиясы.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, ойын түрлері.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика

Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту.
- Екі көз не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
- Екі қол не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
- Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл, кеңес тыңдау үшін.
Олай болса балалар бүгінгі сабақта жақсы қатысып, өз білімімізді көрсетейік.
Ребус, сөзжұмбақ шешу арқылы топтың атын табу.
І топ «Зат есім»
ІІ топ «Сын есім»
ІІІ топ «Сан есім»

ІІ Миға шабуыл.
Үй тапсырмасын сұрау.
46 - жаттығу
Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қойып жазу.

ІІІ Мағынаны таныту.
Балалар алда қандай мерекелер келе жатыр?
Ол мерекеде ұлттық қандай ойындар ойнатылады?
Ал ендеше ұлттық ойындар жайлы толық білгіміз келсе тапсырмаларды орындайық.
1) Түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыру.
Ережелерді еске түсіру.
Көкпар ойыны.
Ұлттық ат ойыны. Әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні сойып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір - бірінен ала қашып, мәз - мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.

IV Ой қозғау
2) Жұмбақ шешу.
Аузы бар, тілі жоқ,
Терісі бар, жүні жоқ.
Жүрегі бар, ізі жоқ,
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.
(балық)
Тәуелденген сөздерді табу. Қарамен жазылған сөздің түбірін табу.
Қыз қуу ойыны.
Ол – ұлттық ат спорты ойыны.
Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді.
Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.

3) 53 - жаттығу Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жазу.
Теңге алу ойыны.
Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі
Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18 - ден асқан адамдар ғана қатысады.
V Ой толғаныс.
4) Ребус шешу.

Күндегі тамағы -
Балықтың шабағы.
Теңізге барғандар,
Жағадан табады.
(шағала)
«Ханталапай» ойыны бүкіл қазақ жеріне кең тараған. Ойынға екеуден 10 адамға дейін қатысады. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар «ханның» қалай түскенін бақылап отырады. «Хан» алшы түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыс¬тап, «ханды» өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып есептеледі.
5) Бес жолды өлең құрастыру.
І топ асық
ІІ топ жылқы
ІІІ топ ауыл

Аударыспақ ойыны.
Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындалған салт атты жігіттер қатысады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз адамға бұл сайыс оңайға соқпайды. Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі жеңісті ат пен сайыскер жігіттің бірлескен жіті қимылы шешіп жатады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла - амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл - бірлестігіне сүйене отырып, күш - жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке ұласып жатуы шарт.

VI Ой қорыту.
Зат есім
Аламан бәйге.
Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25 - 100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай - сала, бел - белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

Үйге тапсырма.
Сөздерді үш жақта, жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 776
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шахида Тохтахунова
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Пирманова Гульжамила Альзакқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×