Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ»

28 қыркүйек 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу (3 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Қызыл шұнақ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: автор жайлы мағлұмат бере отырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық: сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой - өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты аялауға, мейірімді болуға баулу.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: С. Сейфуллиннің портреті, жыл мезгіліне байланысты сүреттер, жұлдызшалар, дидактикалық материалдар, интерактивті тақта арқылы жүргізу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық: (интерактивті тақтада)
Оқушыларды 3 топқа бөлу: (интерактивті тақтада үш мезгілдің суреті)
1. Күз
2. Көктем
3. Жаз
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Алдымен топтарыңыздың атына байланысты дайындалып келген жаттауларымызды айтайық.
1. Күз
2. Көктем
3. Жаз
(мезгіл айларының аттарын атату)
Үйге берілген тапсырманы сұрау: (интерактивті тақтада Абай Құнанбайұлының портреті)
- Абай Құнанбайұлы «Қыс» жаттау
/Сабақта бағалау жұлдызша санымен бағаланады. Қай топ көп жинаса, сол топ ұпай санына қарай тиісті бағасын алады. Сондықтан жауап берген балаға тиісті жұлдызшаны таратып отырамын./

II. Жаңа сабақ
Интерактивті тақтадан сөзжұмбақ шығады.
- Балалар, сөзжұмбақты шешкенде бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбына арқау болған ақын, жазушының есімі шығады.
Сөзжұмбақтың жауабы: «Сәкен» (жауап берген оқушыларға жұлдызша таратылады.)
Интерактивті тақтадан Сәкен Сейфуллиннің портреті шығады.
- Балалар, мен сіздерге Сәкен Сейфуллин туралы мәлімет жинап келуді тапсырғанмын. Кәне, кім? не айтады?
Сакен Сейфуллин жайлы не білесіздер?
1 - топ « Ақынның өмірбаяны»
2 - топ « Ақынның шығармалары»
3 - топ « Ақынның достары, қоршаған ортасы»
Оқушылар ойы тыңдалады. (жауап берген оқушыларға жұлдызша таратылады.)

1. Кіріспе сөз.
- Сәкен Сейфуллин Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында 1894 жылы дүниеге келген. Шығармашылықпен белсене араласқан. 1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімені жазды. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жазуға қатысты.
Жазушының көптеген өлең, повесть, әңгімелері бар. Бізге бүгін «Қызыл шұнақ» атты өлеңі берілген екен.
Балалар, кітабымыздағы өлеңді қарайық.
(интерактивті тақтада Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» өлеңі, қысқы аяздың әуені жүріп тұрады.)
2. Өлеңді мәнерлеп оқу.
3. Оқушыларға тізбектетіп, шумақтатып оқыту.
4. Сергіту сәті. (интерактивті тақтада)
Түн болды.
Таң атты.
Жел соқты
Қар жауды.
Боран соқты.
Боран басылды.
5. Сөздік жұмысын жүргізу.
Қызыл шұнақ - бет қаратпайтын аяз, үскірік. (интерактивті тақтада)
6. Топтық жұмыс
Тапсырма: (интерактивті тақтада қыс суреті)
1 - топ: Қыс туралы эссе жазу
2 - топ: Дәптерге қыс бейнесін суреттеу.
3 - топ: «Шатасқан шумақтар» ойыны арқылы өлең құрастыру (интерактивті тақтада)
(тапсырманы үздік орындаған оқушыларға жұлдызша таратылады.)

III. Сабақты бекіту.
Топтардың жинаған жұлдызшасын санау.
Жеңіске жеткен топты анықтау.(қол шапалақтау)

IV. Сабақты қорыту.
Сұрақтар: (интерактивті тақтада)
V. Үйге тапсырма беру
1. Өлеңді жаттау.
2. Қыс мезгіліне байланысты мақал - мәтелдер жазып келу.
VI. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
13 374
0
  • 80
3 дауыс


Жаңалықтар
С. Сейфуллин Қызыл шұнақ
С. Сейфуллин Қызыл шұнақ
Сәкен Сейфуллин туралы түсініктерін кеңейту. «Қызыл шұнақ» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
Қыс
Қыс
Шытынайды тыста аяз - Қызыл шұнақ үскірік. Қылшылдайды жалаңдап, Зәрлі деммен ысқырып.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
"Қызыл шұнақ" Сәкен Сейфуллин
"Қызыл шұнақ" Сәкен Сейфуллин
Қызыл шұнақ өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×