Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұрыштардың түрлері

13 қазан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұрыштардың түрлері.
Сабақтың мақсаты: Көпбұрыштардың әр түрлі бұрыштарын тік бұрышпен салыстырады және анықтайды, берілгеннен күрделірек есеп құрастырады шығарады, топпен сынап көру әдісін пайдаланып, теңдеулерді шешу білігін жетілдіруді жалғастырады;
Ойлау қабілетін дамыту, халқымыздың дәстүрін насихаттай отырып, оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, сұрақ жауап, ойын арқылы есеп шығару, тиянақтау әдістері,
Сабақтың көрнекілігі: сабаққа байланысты слайдтар, үлестірмелер, математикалық қызықты есептер.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Оқушылар: Тек бес біздің бағамыз
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Бүгінгі сабағымыздың түрі: жарыс сабақ. Үш топқа бөлініп алайық. Әр топ өз топ басшысын сайлап алайық. Әр топ өз аттарын мына мысалды орындап, кему ретімен жазып, өз топтарының атын анықтайық.
1 - Топ --------------- 2 - топ --------------- 3 - топ
7+8=ү ---------------- 5+5=л ---------------- 8+8=і ---------------- 9+6=ы
6+6=р ---------------- 7+7=д ---------------- 7+7=к ---------------- 8+9=ұ
8+8=с ---------------- 9+4=о ---------------- 9+9=т ---------------- 8+8=р
9+5=й ---------------- 5+6=а ---------------- 9+9=б
7+6=і ----------------- 7+5=ғ ---------------- 8+4=ш

Жарыстың ережесі:
1. Тыныштық сақтау.
2. Бірігіп жұмыс жасау
3. Мұқият тыңдап алып, содан кейін жұмыс жасау
4. Тез, шапшаң әрі дұрыс орындау.
Сабағымыздың ұраны: Бірлік болмай, тірлік болмас!
Үй тапсырмасын тексеру: №7 Кесінді сызу.
Өткенді еске түсіру: Үш топқа фигуралар беру. Оқушылар оның қандай фигура екенін дәлелдейді.
1 - топқа: Үшбұрыш - 3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қабырғасы бар
2 - топқа: Төртбұрыш - 4 төбесі, 4 бұрышы, 4 қабырғасы бар, қарама – қарсы қабырғалары тең. (Ережесін сұрау)
3 - топқа: Шаршы - 4төбесі, 4 бұрышы, 4 қабырғасы тең, барлық қабырғалары тең.(Ережесін сұрау)

Жаңа сабақ: Осылардың бұрыштары туралы пікірлерін сұрау, бұрыштардың қай түріне жататынын дәлелдеу.
1 - топ
Сүйір бұрыш
2 - топ
Доғал бұрыш
3 - топ
Тік бұрыш

Өмірмен байланыстыру.
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Жалпы бұрыш дегеніміз - бір нүктеден шыққан екі сәуле ортасын айтамыз.
Тік бұрыш - бұрыштары оның тік болады.
Сүйір бұрышы - тік бұрыштан кіші бұрышты айтамыз.
Доғал бұрыш - тік бұрыштан үлкен бұрышты айтамыз.
Мысал: Өмірмен байланыстыру.
Сандық - оның бұрыштары тік болады.
Астана қаласындағы пирамида - сүйір бұрыштар, тік бұрыштары, доғал бұрыштар бар.
Құрақ көрпе - әр түрлі бұрыштар бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 881
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Оқушылардың есептерді теңдеу құру арқылы шығару тәсілдері жөнінде білімдерін тиянақтау, есептеу дағдыларын жетілдіру;
Бұрыш түрлері
Бұрыш түрлері
- Бұрыш түрлерімен (тік, сүйір, доғал) таныстыру; - Көпбұрыштардың элементтері, олардың атауларын оқып - үйрену;
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Оқушылардың теңдеулер және оларды шешу тәсілдеріне байланысты білімдерін пысықтау; күрделі теңдеулерді шешу жолдарын қарастыру.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Екі таңбалы санға көбейту және бөлуге байланысты есептер, теңдеулер шешу, мазмұнды есептер шығарту арқылы есеп шығару дағдысын қалыптастыру.
Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару
Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жаманова Үзілхан Жалеловна
Бұрыштардың түрлері, көпбұрыштардың элементтері
Бұрыштардың түрлері, көпбұрыштардың элементтері
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Дюсенгалиева Ш. Б.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×