Білімділер поралы

Қош бол, қызықты лагерь!

Тақырыбы: Қош бол, қызықты лагерь!
Бірінші кезеңдегі жазғы сауықтыру лагерінің жабылуы.
Мақсаты: 1) Лагерь сөзінің мағынасын ашу. Отан, Қазақстан, туған жер, ел туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалық шақтың ең қызықты күндерін есте сақтау
2) Ой - өрісін, шығармашылық есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3) Сыйластыққа, ізгілікке, Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Барысы:
- Армысыңдар құрметті балалар, тәрбиеші ұстаздар! Бүгінгі мектебіміздегі «Қуаныш» лагерінің 1 - ші маусымының жабылу салтанатына қош келдіңіздер.
- Балалар, лагерь деген не?
- Жарқыраған – тіршілік – шаттық - күн - табиғат - жаңа достар - таза ауа – су - денсаулық - бақыт - жаз
- Ия, дұрыс айтасыңдар, балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанымен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Ол жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді. Олай болса бүгінгі мерекеміз де ойын түрінде болмақ.
Көбелек те, гүл де бір
Қызыл – жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт
Бау – бақшада барша жұрт
Саңқылдаған саз әні
Көлде құстың базары
Жидек пісіп толады
Бұл қай кезде болады? ( Жаз )
- Балалар кім жаз мезгілі жайлы тақпақ біледі?
Жаз келіпті дегенше
Алма пісті дегейсің
Бақшамызда ендеше
Алма теру көбейсін
Жаз келіпті, қарандар
Көлге үйрек, қаз қонды
Асыр салып балалар
Суға түсіп мәз болар.
Жаз келіпті дегенше
Қауын пісті дегейсін
Бақшамызда ендеше
Қауын – қарбыз көбейсін.

1. Атың қандай жаз деген,
Мағына бар мәз деген.
Бар тіршілік масайрап,
Күй толқыды сөзбенен.

2. Балаларда мәз болып,
Үйге мүлде кірмейді.
Көлге аққу, қаз қонып,
Жазсыз өмір сүрмейді.

3. Жаз болса, жердің жүзі жайнап тұрған,
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.
Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз,
Ыстық боп, жердің жүзі қайнап тұрған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 183
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 183
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика