Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаз келер

02 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Индер ауданы,
Құрылыс ауылы, М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Гулаим

Сабақтың тақырыбы: Жаз келер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ш. Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңді оқыту арқылы жаз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту, өлеңнің негізгі ойын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, көру, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тірі табиғатқа қамқоршы болуға, байқампаздыққа, табиғатты сүйе білуге, әсемдікті сезінуге, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, СТО стратегиялары
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, өзін - өзі тану, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім, Абай портреті, сызбалар, гүлдер, қималар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сәрсенбі
- Олай болса, бір - бірімізге сәттілік тілейік.
- Сәттілік тілей отырып, әріптерден сөз құрайық.
І С Ә Е К С Т
Сабақты бастамас бұрын екі топқа бөлінеміз.
• 1 - топ
Талап
Еңбек
Қанағат
Терең ой
Рақым
• 2 - топ
Еріншек
Надан
Салақ
Жалқау
Талапсыз

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. « Еріншек» өлеңін жатқа сұрау.
2. Мәнерлеп оқыту.
3. «Еріншектік - жаман әдет» әңгімесін оқыту.
4. Еріншек туралы мақал - мәтелдер.
5. Ой қорыту.
- Өлеңде қандай жағымсыз қасиеттер туралы айтылған?
- Адам бойындағы мұндай жағымсыз қылықтар неге әкеліп соқтырады?

ІІІ. Жаңа сабақ
«Пікірлер ағашын» толтыру
- Абай туралы не білесің?
- Шәкәрім туралы не білесің?
6. Ой қозғау
- Жылдың неше мезгілі бар?
- Ең жақсы көретін жыл мезгілдерің қандай?

ІІІ. Мағынаны тану.
1. Ассоциация құру
Жаз
2. Ш. Құдайбердіұлының «Жаз келер» өлеңі
Ш. Құдайбердіұлының өмірі

Шәкәрім Құдайбердіұлы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы Абайдан кейінгі ірі ақын, ғұлама ойшыл. Ол 1858 жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім деген Абай мектебінен тағылым алып, жолын жалғастырған ақын.
1931 жылы « Халық жауы» деген жанның құрбаны болды.

ІV. Оқулықпен жұмыс
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Сөздікпен жұмыс

V. Сұрақ - жауап әдісі
1. Ақын жаз мезгілін қалай суреттеген?
2. Өлең шумақтарын оқыған кезде нелер көз алдыңа елестейді?

VІ. Шығармашылық жұмыс
1 - топ «Жаз көрінісі» әңгіме
2 - топ «Жаз» тақырыбына өлең құрастыру.
VІ. Білім бекіту. Сөзжұмбақ « Шәкәрім»
2 268
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмір оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұнымен идеясын ашу.
Адамның нашар мінезі. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адамның нашар мінезі. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын дұрыс тануына жол салу. Мәнерлеп қатесіз оқуға, тез жүгіртіп оқуларын жетілдіру, оқу - дағдысын жаттықтыру.
Абай. Жазғытұры
Абай. Жазғытұры
Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту. «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнымен идеясын ашу Оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, түсініктерін кеңейту. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының таным әрекеттерін дамыту. (ереже жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін
Атау септік
Атау септік
Атау септігі оның сұрақтарымен таныстыру, атау септіктегі сөздің сөйлемде бастауыш мүше қызметі атқаратынын байқау.
"Қыс" Абай Құнанбаев
"Қыс" Абай Құнанбаев
Сарымсақова Айгүл Жәнібекқызы Ақтөбе қаласы, № 24 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×