Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппе - білім бастауы

18 қаңтар 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппе - білім бастауы
Мақсаты:
а) Сауат ашқан «Әліппеге» деген өлең, тақпақтарын мәнерлеп айту, «Әліппеден» алған білім - білік дағдыларын көрсету.
ә) Пәнге деген қызығушылығын арттыру, тілін дамыту сауаттылығын жетілдіру және шапшаң оқуға жетелеу.
б) Отанын, туған жерін, мектебін сүюге, Қазақстан Республикасының білімді азаматы мен азаматшасы болуға жетелеу.

Көрнекілігі:
«Біз ХХІ ғасырдың ұрпақтарымыз» ұраны, интерактивті тақта (слайдтар), шарлар, нақыл сөздер, Абай, Ыбырай суреттері, Алфавит, «Сандар құрамы»- буклеті, т. б

Жүру барысы:

Ж о с п а р ы:
1. Кіріспе сөз
2. Әліппеге арнау. Әдеби - монтаж.
3. «Мен не үйрендім» бөлімі.
а) «Әдемі етіп жазамын» (оқушылардың көркем жазуы)
ә) «Есептеуге кім жүйрік» (есептер, сан құрамын айту)
б) «Кім шапшаң оқиды» (оқушылардың оқуын шапш - н байқау)
в) «Менің шығармашылық жұмыстарым» (оқушы қоржыны)

4. Қорытынды бөлім.
(Марапаттаулар, құттықтау сөздер)

Кіріспе сөз:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Елдігіміз ескеріліп, еңсеміз көтеріліп, тәуелсіз мемлекет болғанымызға да 18 жылдай уақыт өтті. Еліміз 50 елдің қатарына қосылу үшін елбасымыз Н. Ә. Назарбаев білім беру саласына да көп міндеттер жүктеді.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ.. Сондықтан жас ұрпақ білімді, сауатты болуы үшін ата - аналарға да жүктелер міндеттер аз емес.
Күні кешегі ойын баласы болған сіздердің балаларыңыз, бүгінде бойларына үлкен міндет, жауапкершілік арқалап отыр. Сауат ашу мақсатында қолға алғаш ұстаған кітабы - Әліппе оқулығы.
Енді оқушылармен бірге білім бастауы болған Әліппе оқулығымен қоштасу мақсатында «Әліппе - білім бастауы» атты ертеңгілігін ұйымдастырып отырмыз. Баршаңыз да қош келдіңіздер!
Ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
1 «а» сынып оқушылары дайындаған «Әліппе - білім бастауы» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

1 - оқушы
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштаспақ
Ой білімі жаңғырып
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың

2 - оқушы
Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық
Шашу шашу шашайық
3 - оқушы
Армысыздар аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз

4 - оқушы
Ұқсатпа мені басқаға
Есейдім 7 жастамын
Қош айтысып бақшаға
Мектепке жолды бастадым
5 - оқушы
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды мейіріммен
Қадамымды құп алып
6 - оқушы
Еркесі едім атамның
Еркесі едім анамның
Толып биыл 7 - ге
Мен де оқушы атандым
7 - оқушы
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені әріптердің бәрін танып,
сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. Енді өзіміз оқып, жаза алатын болдық..

Мұғалім: Сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
- Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Оқушылар:
Болашаққа жол бастар,
Ол сүйікті Әліппе!

8 - оқушы
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат ашып тойладық

Мұғалім: Олай болса ортаға Әліппені шақырайық!
хор: Әліппе, әліппе!
Әліппе:
Армыссыздар, жас достар
Армысыздар ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!
Жүргізуші:
Армыздар, жас достар
Болашаққа жол бастар
Әліппесін меңгерген
Әріптер әлеміне саяхатқа шақырамын.

9 - оқушы
А - ға й - ды қоссаңыз
Көкте тұрған ай болар
Т - ны алдына тоссаңыз
Бәсірелі тай болар

10 - оқушы
Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылғөй
Б дегенің бабамыз
Бауыржандай батыр ғой

11 - оқушы
В - дегенің вал болар
Толқын күшін шомылар
М - дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар

12 - оқушы
Г әріпімен гүлденен
Қызғалдақты қырат тау
Ғ әріпімен бір келер
Ғылым атты ұлы тау
13 - оқушы
Д әріпінен бастасаң
Дархан, дария далам бар
Е - ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жарандар
14 - оқушы
Ж - дегенің жөргегің
Туып өскен жерлерің
З - әріпімен зердедім
Зергерлердің зергерін
15 - оқушы
И - дегенің иманың
Адалдықтың асқары
К - дегенің күй - дарын
Домбыраның дастаны

16 - оқушы
Ұ әріпі ұлысың
Ағайының өз - елің
Ы - дегенің ырысың
Орман - тоғай өзенің

17 - оқушы
О - дегенің отбасы
Отан деген ұғым бар
Я - дегенің Яссы
Қала болған бұрындар

18 - оқушы
Р - дегенің рақым
Мейірің мен пейілің
С әріпінен тұратын
Сый, сияпат, сенімің

19 - оқушы
Ш - дегенің шапағат
Тие берсін баршаға
Х - дегенің сәлем - хат
Қуанышың қаншама

20 - оқушы
А деген ол – аналар ғой ардақты
Ә - деген ол - әкелер ғой салмақты
Анадан жоқ аяулы әлемде
Әкелер ғой сыйлайтұғын бақ барды

21 - оқушы
Біздің 42 әріпті танып, оқып кетуімізге ата - анамыздың да көмегі зор болды.
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын
Болармын күні ертең мақтанышың
Білім алып, тер төгем, еңбек етем
Ата - ана сеніміңді ақтау үшін.

Ән: «Әкешім - анашым»

22 - оқушы
Ата - анамнан кейінгі
Екінші адам өмірде
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Тәрбиелі білікті
Ол ұстазың сүйікті
Шәкірт қана алаңы
Өсиеті адалдық
Тентек сотқар баланы
Шығаратын адам ғып
Тәрбиелі саналы
Ол ұстазың сүйікті

Ән: «Ұстазым»
Әліппе:
Мен туралы біраз нәрсе ұғыпсыңдар. Маған өкпелерің болмаса қош болыңдар!

23 - оқушы
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.

24 - оқушы
Құрметтеп қадір тұтатын
Халқымның дана тілі бар
Әліппені білген соң
Білімнің жолын ұғынар
Сүйікті менің Әліппем
Өзіңмен қимай қоштасам
Әліппе: Рахмет, балалар! Бәрің сауаттаныпсыңдар. Келесі оқитын Ана тілін жақсы меңгеріңдер. Қош сау болыңдар!

хор:
Қош бол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің

Жүргізуші:
Әріптер елінен іздеген қымбат, асыл қазынамызды ана тілінен табатын боламыз. Ортаға Ана тілін шақырамыз.

Ана тілі: Құрметті оқушылар! Мен Ана тілі пәнімін. Барлық қазына байлық оқу білімде. Ендеше ол туралы менен оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін.

Жүргізуші:
Ана тілі қалған уақытта бізбен болыңыз. Біздің сізден үйренеріміз әлі алда.

Құрметті: Ұстаздар, ата - аналар!
Әліппеге арналған сазды әуенімізді аяқтаймыз!

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Тасшағыл орта мектебіінің
бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі
Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы
11 289
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін
Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін
Әліппеден алған білімдерің жинақтау, өз өнерлерің ата - анаға көрсету. Сахна көрініс еркін шығуға, өз ойларын еркін айтуға, есте сақтауға дағдыландыру тілін дамыту.
Әліппемен қоштасу кеші
Әліппемен қоштасу кеші
Оқушылардың өнерін тамашалау, еркін сөйлеуін, есте сақтау қабілетін дамыту, ата – анамен байланысты нығайту. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеп, эстетикалық талғамдарын кеңейтіп, оқу, білім алуға тәрбиелеу;
Қош, бол сүйікті Әліппем!
Қош, бол сүйікті Әліппем!
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Әліппе - ғылым анасы
Әліппе - ғылым анасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.