Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық ою - өрнектері

09 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою - өрнектері
Мақсаты: Оқушыларды ұлтымыздың ою - өрнектерімен, олардың түрлерімен таныстыру. Ою - өрнектер түрлерін өздері ажырата білуге, ою - өрнектермен өрнектей алуға үйрету.
Ою - өрнектерді өздеріне жасата отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, белсенділікке балу, саусақ қимылдарын дамыту.
Елін, жерін, ұлтын сүюге, сонымен қатар ұлтымыздың салт - дәстүрін біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Ата - бабамыздан қалған ұлттық көркем қолөнерімізді одан әрі жалғастырып, оны жандандыратын өздері екенін сезіну.
Көрнекілігі: Ою - өрнектер суреті, заттық бұйымдар, қайық, жазылған сөздер, жылқы суреті, өзен. Жайлау бейнесі, киіз үйдің нұсқасын жасау, ішін ұлттық бұйымдармен безендіру.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық, саяхат, сахналау.

Тәрбие сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық көңіл - күй.(қолдарынан ұстайды)
1 - қатар: Біз бір - бірімізге жақсылық тілейміз
2 - қатар: Біз бір - бірімізге қуаныш тілейміз
3 - қатар: Біз бір - бірімізге сәттілік тілейміз
Бәрі хормен: Біз бір - бірімізді жақсы көреміз.

II. Қызығушылықтарын ояту:
1. Ең алдымен сандар арқылы «өрнек» сөзін шығарып алу. Мысалы бірінші «ө» әрпін шығару үшін төрт сөзінің екінші әрпін тауып алу керек. Төрт санының екінші әрпі «ө». Осы әдіспен келесі әріптерді таба отырып, «өрнек» сөзін шығарып алу.
4 – 2 Ө
1 – 3 Р
10 – 2 Н
5 – 2 Е
2 – 2 К

2. Топтастыру:
- Ою өрнек дегенде ойларыңа не келеді?
Әсемдеу

көркем сызықтар
әшекейлеу
сәндеу

III. Мағынаны тану. (Өзім толығырақ өрнек жайлы айтып кетемін)
- Дұрыс балалар, өрнек дегеніміз - бірнеше көркемдеп сызылған сызықтар жиынтығынан құралған әсемдік сызба. Өрнектер түрі көп. Әр ұлттың өзіне тән ою - өрнектері бар.
Ал бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қазақтың ұлттық ою - өрнектері» деп аталады. «Ою - өрнек» сөзі - латынның «орнамент» деген сөзінің баламасы. «Орнамент» сөзі –«сәндеу» немесе «әсемдеу» деген ұғымды білдіреді. «Ою» сөзі, біріншіден, ағаш немесе темір материалдарын ойып, затты көркемдеу дегенді білдірсе, екіншіден, материалды ою немесе ою үлгісін дайындау дегенді білдіреді.(көрнекілікпен көрсетемін)
Ою - өрнек – бұл сызба. Халық шеберлері ою - өрнекті өсімдік, жануар, құс, ғарыштық денелер бейнесіне ұқсатып құрастыра білген. Ою - өрнекті тұрмыстық мүліктер мен бұйымдарды безендіруге қолданған. Ұлттық ою - өрнектердің сан алуан түрі барын айту.

«ҚҰСТҰМСЫҚ» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою - өрнекті қиғанда ортасындағы сызықтың ұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған.
Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата - анасы қуанып көршілерін шақырған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзікке қарап ата - анасы қызының ұзатылған жерінің жақсы екендігін біледі.

«ӨРКЕШ» ою - өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою - өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе - теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке - бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.

«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою - өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
- Ал, балалар, айтыңдаршы, ою - өрнектерді қандай заттарда кездестірдіңдер?
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін:
- Ою - өрнекті кімдер жасайды? (Әжелеріміз бен аналарымыз)
Әжемізден ою - өрнектер туралы сұрап алуымыз керек. Сол үшін, балалар, бүгін сендермен Ыбырай атамыздың аулына қонаққа барамыз. Ауылға саяхаттап келеміз.
Балалар біз әдебиеттен Ыбырай атамыздың қандай әңгімелерін өттік?
Ыбырай атамыздың аулына бару үшін жылқы керек.
(Осы кезде жылқының дауысы шығады, жылқының шауып келе жатқан дүбірі естіледі)
- Жылқыға мінбес бұрын біз бір сұраққа жауап беруіміз керек екен.
- Қазақта киелі сан қандай сан? (7)
- Қазақта 7 қазына деген бар. Егер сендер жеті қазынаны атап берсеңдер жылқылар келеді.
(1. Ер жігіт 2. Сұлу әйел 3. Ақыл, білім 4. Жүйрік ат 5. Қыран бүркіт 6. Берен мылтық 7. Жүйрік тазы)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 222
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу
Координаталық жазықтықта ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу
Координаталық жазықтық бойында ұлттық нақыштағы киіз үй мен ою өрнектерді бейнелеу. Координаталық жазықтық бойында сурет шығару.
Қазақтың ұлттық ою - өрнектері
Қазақтың ұлттық ою - өрнектері
«Ою - өрнек» сөзі - латынның «орнамент» деген сөзінің баламасы. «Орнамент» сөзі –«сәндеу» немесе «әсемдеу» деген ұғымды білдіреді. «Ою» сөзі, біріншіден, ағаш немесе темір материалдарын ойып, затты көркемдеу дегенді білдірсе, екіншіден, материалды
Өрнек құрастыру
Өрнек құрастыру
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш мұғалімі Акманова Алия
Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау
Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×