Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамның күзгі еңбегі

15 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО, Уржар ауданы,
"Жансүгіров атындағы орта мектебі" КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Умбетова Эльмира Толеугазиновна

Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамның күзгі еңбегі.
Сабақтың мақсаты: 1. Жыл мезгілдері туралы айта келе, күз мезгіліндегі адамдар еңбегімен таныстыру
2. Сөйлеу тілдерін дамыту сөздік қорын молайту
3. Адам еңбегін құрметтеп, бағалауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Күз мезгіліне мазмұнды сурет.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Балалар бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр олар сендердің тәртіптеріңді, білімдеріңді көруге келіпті сол қонақтармен амандасып алайық
1. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Қонақтарды құрметтеп бас иеміз біз!
Өте жақсы балалар күлімдеген күнде сендерге шуағын шашып амандасып тұр бізде онымен амандасып алайық.
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!№1 слайд

Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы – сабағымызды бастайық.

Сабақты бастамас бұрын мен сендерді топтарға бөлемін.
1 топ – Алма
2 топ – Алмұрт
3 топ – Шие №2 слайд
Мен сендерден топ ережелерін сақтауларыңды талап етем.№3 слайд

Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс
Қыстың қай айы?
Желтоқсан айы.
Аптаның қай күні?
Жұма
Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жыл мезгілдерін оқу, әңгімелеу 32 – 33 бет. Слайд.№4, 5, 6

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
Алма тобына мынандай сұрақ: Табиғи денелерге нелер жатады? Адам, өсімдік, жануарлар, аспан, бұлт, күн
Алмұрт тобына сұрақ: Табиғи денелер нешеге бөлінеді? Екіге өлі және тірі өлі табиғатқа не жатады? Тірі табиғатқа ше?
Шие тобына сұрақ: Табиғи құбылыстарға нелер жатады? Жауын, жел, қар, боран

Ұйқасын тап слайд №7
Күз болғанда атырап
Сарғайды жапырақ

Күз мезгілінде адамдар қандай жұмыстарды атқарады екен? слайд №8, 9

Дұрыс айтасыңдар балалар ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Адамның күзгі еңбегі слайд №10
ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс 50 - 51 бет тізбектеп оқу.
Балалар бой сергітіп демалып алайық.
Сергіту сәті слайд №11
Қоюланып тағы бұлт,
Жауды жаңбыр себелеп.
Жапырағын жамылып
Бұға қалды көбелек.

Дала сары киінді. Слайд №10
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді
Алтын астық – алтын тау.
Балалар айтыңдаршы ас атасы не? Нан
Дұрыс айтасыңдар ендеше осы нан біздің дастарханға қалай келгенін мен сендерге оқып берейін
«Қайдан келдің бауырсақ» өлеңін оқып берейін слайд №12 – 17

- Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ,
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап;
- Қайдан келдің бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ
- Дүкеннен келдім нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан
- Диірменге келдім кең жақтан
Жер - анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.

ҮІ. Білімді бекіту. Балалар нанның дастарханға келуі үшін көп адамдар еңбек еткен екен. Ол адамдарын еңбегін бағалап құрметтеуіміз керек. Сендер еңбек туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?

Күзде аянбай еңбек етсек қыста қысылмаймыз дегенді қалай түсінеміз?

Күзді “жиын – терін” науқаны деп атайды. Науқан қолайлы, шығынсыз болу үшін қандай ауа райы қажет деп ойлайсыңдар? Слайд №18
Жылы күн сәулесі шығып тұрған
Ендеше біз сендермен «Күн көзін бұлт баспасын» атты ойын ойнаймыз ол үшін мына жұмбақтарды шешіп бұлтты сейілтуіміз керек. Слайд №19

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: слайд №20
1 топ – Күзде қандай жұмыстар аяқталады?
1 топ – Дихан еңбегің қалай түсінеміз?
2 топ – Өз үйінде осы еңбектің қай түрімен айналысасыңдар
Шығармашылық жұмыс сурет салу №21
Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
Ондай болса қолымыздағы жемістерімізді ғажайып ағашқа ілетін сәт келді. Егер сабақ түсінікті болса жемісті ағашқа ілеміз егер түсініксіз болса онда ағаш түбіне жинаймыз

ҮІІІ. Үйге тапсырма50 – 51 бет оқып әңгімелеу Күзгі еңбек жайлы сурет салу.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 902
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. (қайталау)
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. (қайталау)
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау.
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы басты еңбек түрін ажырата білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту. Әңгіме желісін көрініс арқылы көрсету. Әңгіме
Абай «Жаз» өлеңі
Абай «Жаз» өлеңі
Өз ойларын ашық айтуға, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Көктем мезгіліндегі ерекшеліктермен салыстыра отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Табиғат - анамыз
Табиғат - анамыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
Алтын күз байлығы
Алтын күз байлығы
Ақтөбе қаласы, №28 «Көркем» МДҰ тәрбиеші Шакибаева Гүлнар Сагидуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×