Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 санын қосу және азайту

06 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаттары:
1. Орманның халық шаруашылығы және адам өмірі үшін маңызы зор екенін ұғындыра отырып, санға 4-ті қосу және азайту туралы алған білімдерін одан әрі меңгерту, пысықтау.
2.Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін, дүниетанымын дамыту.
3. Оқушыларды қоршаған ортаны сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың көрнекіліктері:слайдтар, карточкалар т.б.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі біз орманға серуенге шығамыз. Ондағы аңдардың тіршілігімен танысамыз. Серуенге шығуға дайынсыңдар ма? Ендеше, дайындықтарыңды тексеріп алайын.

Сергіту сәті
Санға 1-ді, 2-ні қосу, азайту
Ойлау жылдамдығымыз – 2
Есте сақтау жылдамдығымыз – 5
- Мәссаған орманға да жетіппіз ғой. Қысқы орманның түсі қандай? Орман іші ақ көрпе жамылғандай аппақ.Ағаштардың жапырақтары түскен. Тек қана шырша ғана жап-жасыл күйінде тұр.
- Балалар, сауысқаннан басқа құстар көрінбейді. Олар қайда кеткен?

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сауысқанның тапсырмасы:
5 + 4 – 2 =
10 – 5 + 3 – 4 =
6 + 2 – 5 + 3 =
8 – 5 + 3 + 4 + 0 =
Сауысқанның алғысы: «Жарайсыңдар, балалар, рахмет!»
Ормандағы қардың қалыңдығынан бұғыға қорек тауып жеу қиынға соғады. Олар ашыға бастайды.Оларға қар астындағы шөпті аршып жей алмай, тек ағаш бұтақтарымен ғана қоректенеді.

2. Бұғының тапсырмасы:
5 + 4 * 8 – 4
9 - 4 * 3 + 4
6 + 4 * 7 - 4
Бұғының алғысы: «Туған жердің табиғатын қорғай біліңдер!»
Қыста тиін әр жердегі өзі тыққан азық қоры – саңырауқұлақтар, түрлі жаңғақтармен қоректенеді. Өте аязды суық күндері ағаш қуысындағы ұясында отырып, күзде жинаған азығын жейді. Бірақ оның көбі қар астында қалып, табылмай қояды. Мұндайда ол да ашығады.

3. Тиіннің тапсырмасы:
5 + 4 =
3 + 4 =
Тиіннің алғысы: «Қоршаған ортаға әрқашанда қайырымды болыңдар!»
Түлкі - өте қу, иісшіл, саққұлақ, қырағы көз аң. Ол қоян, тышқанмен қоректенеді. Қыс түсісімен тышқандар қар астына кетіп, оларды табу оңай емес.Енді түлкі тышқандарды ізі арқылы іздеп аулайды. Ол қар астындағы тышқандардың сыбдырын, шиқылын тез ести қояды. Сол жердің қарын аяғымен аршып жіберіп, тышқанды тез-ақ ұстап алады.

4. Түлкінің тапсырмасы:
Тауық – 3
Әтеш – 5
- ? артық
5 - 3 = 2
Ж: әтештің 2-еуі артық.
Түлкінің алғысы: «Табиғатты аялаңдар!»
Қоян өте қорқақ. Ол қыста қоңыр тонын ақ тонға ауыстырады.Бұл жауларынан қорғану үшін өте тиімді.

5. Қоянның тапсырмасы «Жетіспей тұрған санды тап» ойыны
Қоянның алғысы: «Табиғатты қорғау – сендердің борыштарың»

6. Сергіту сәті
1- ағаш ---------------------------- 6 - құлып
2 – аққу --------------------------- 7 - балта
3 – құс ----------------------------- 8 – аққала
4 – орындық --------------------- 9 - шар
5 – алманың жартысы -------- 0 – доп
Мыс: орындықтан аққуды азайтсаң неге тең болады? (аққуға тең)
Алманың жартысына құсты қосса неге тең болады? (аққалаға)

7. Логикалық тапсырма
а)Бес асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады. 5-3 = 2
Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2
Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық. 5+3+2 = 10
ә) Жетіспей тұрған мысықты тап.

Қорытынды.
Орманның халық шаруашылығы және адам өмірі үшін маңызы зор. Халық шаруашылығында орман өнімдерін пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз – осылардың бәрі табиғаттың сыйы. Табиғатқа қамқорлық жасау - әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парызы.
- Сонымен, серуен ұнады ма? Не білдіңдер?
ІҮ. Бағалау
ҮІ. Үйге
5 450
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Математика 5 сынып Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Екі санын қосу және азайту
Екі санын қосу және азайту
2 санын бөлшектеп қосу және азайту тәсілін қолдану, 2 санын бөлшектеп қосып және азайтуды біледі, ондықтан аттап 2 санын қосу және азайту тәсілдерін біледі.
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Астана қаласы, № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Муханбетжанова Гульзада Арыстановна
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×