Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шалқарым – құт мекенім

06 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Шалқарым – құт мекенім[/b]
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды Шалқар қаласының тарихы, ондағы біртуар перзенттері, олардың еңбектері туралы мағлұмат беру.
2) Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту
3) Туған жерін, елін сүюге, оған құремтпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шалқар қаласы бейнеленген буклеттер, туған жер туралы жазылған кітаптар, Шалқар қаласынан шыққан біртуар азаматтардың суреттері.

Барысы:
1 – оқушы:
Мағыналы Шалқар деген ат қандай?
Маңғаз далам мәңгі шалқып жатқандай.
Күннің көзі Шалқар жақтан шыққандай,
Таңның өзі Шалқар жақтан атқандай.
2 –оқушы:
Шалқарым, абыройың арта берсін,
Жұртшылыққа белгілі дархан елсің.
140 жылдық ұлы тойың Шұғылалым,
Атақ, бақыт, абырой арта келсін.

3 –оқушы:
Шалқар ауданы — Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Алғашында 1921 жылы аудан болып құрылған. 1922 жылы аумағында 6 болыс кіретін уезд, 1924 жылы 20 болысы бар аудан, 1932 жылы Ақтөбе облысы құрылғанда Шалқар ауданы болып құрылды. Кейін 1925 жылы наурызда Шалқарға қала атағы берілді.
Биыл Шалқар ауданына 140 жыл толды. Осы мерекеге арналған «Шалқарым – құт мекенім» атты тәрбие сағатымызды бастайық.
Ән: «Туған жер»

4 –оқушы: Аудан экономикалық даму қарқыны жөнінен республикадағы 160 ауданның алғашқы сегіздігіне енді. Бұл жалғыз әкімшіліктің ғана емес, жалпы аудан халқының бірігіп жұмыс жасағанының нәтижесі. Аудандағы «Теміржол жөндеу» АҚ, «Тау-Кен», «Жаңатас-Продактс», «Көктас», «Қамқор-Вагон», «ЖБИ-30», «Мұрагер» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, шағын наубайханалары, т.б. өнімдері артты. Ауыл шаруашылығы саласында үш заңды тұлға, бес жүзге жуық шаруа қожалықтары жұмыс жасайды.

5 –оқушы:
Аққуындай Шалқарымның қалқыған,
Өтті арулар жүрегінде ар тұрған.
Елдің мына, басын иіп алдыңда
Айналады баға жетпес парқыңнан.

6 –оқушы:
Ыстық қой кең Шалқардың топырағы,
Алыстан көз тартады жоталары.
Сүйемін жұпар иіс жусаныңды
Жүрегім дүрсіл қағып, от ұрады.
7 –оқушы:
Ұл – қыздарың еңбегіңді ақтасын,
Қиындықтан тайсалмай, тек сақтасын.
Кеудеңдегі әулиелер – Есеттей,
Желеп, жебеп әрқашан да қорғасын.

8 –оқушы:
Ерлерім бар қадір тұтар өткенін,
Қайта оралтып өлгені мен өшкенін.
Елін сүйер азаматтар сау болсын,
Құтты болсын тойым бүгін текті Елім!
Ән: «Шалқарым – мәңгі сағыныш»

9 –оқушы:
Бүгінде қаламызда көптеген жаңа ғимараттар бой көтеріп жатыр.М. Шыманұлы мен І. Үргенішбаев көшелерінің қиылысынан 2216, 5 шаршы метр жерді алып жатқан ел көңілін қуантар еңселі мешіт бой көтеруде. Бұл мешіт Ділдә Қоқанованың демеушілігімен және қолдауымен бой көтеріп жатыр.Бұл жерде 250 орындық мешіт үйі, 30 адамдық медресе, 400 адамдық ас беру орталығы салынуда. Мешіт құрылысын бұрын осындай қасиетті орындарды салып маманданған, қырық адамнан тұратын құрылыс бригадасы сапалы жүргізуде. Имандылыққа бет бұрған, адамгершілікті, адалдықты жанына серік еткен жандар үшін Алланың бұл үйі жамағатқа үлкен қуаныш болды.
10 –оқушы:
Елбасы Н.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 1200 оқушыға арналып салынған санаулы мектептердің бірі. 2008 жылдың аяғында пайдаланылуға берілген мектеп заман талабына сай толық жабдықталған.Ғимарат көлемі 21 056 шаршы метр, 3 қабатты, 6 блоктан тұрады. Мектепте 468 бала оқиды. Балалар Ф.Вассерманның «Биоақпараттану және синергетика» білім беру технологиясы бойынша оқытылады.

11 – оқушы: Ауданда жаңа емхана мен аурухана бой көтерді. 2007 жылы аудандық ауруханадан денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрықтарына сәйкес емхана дербес бөлінді.2007жылдың қазан айында аудандық емхана жаңадан салынған типті екі ғимаратқа көшті; емхана құрамында 12 дәрігерлік амбулаториялар, 12 медициналық пункт қарайды. Халыққа дәрігерлік медициналық көмек көрсетудің деңгейі көтерілді, жаңадан заманға сай медициналық құрал-жабдықтар алынды, тұрғындардың емделуіне, медициналық қызметкерлерге барлық жағдай жасалынған.

12 – оқушы: 2006 жылы Аудандық аурухана ғимараты салынып, аурухана жаңа ғимаратқа көшірілді, бұрынғы аурухана ғимаратына туберкулез ауруларына қарсы жаңадан ашылған 60 койкілік (төсек) аурухана орналасты.
Тағы бір жаңалығымыз — биыл Шалқар ауданында келіп оқитын балалардың көптігіне байланысты, аудан орталығынан жергілікті әкімшілікпен келісе отырып, жаңа Бәйішев колледжі салынды. Бұл Шалқар мен оған жақын орналасқан аудандардың балалары үшін үлкен қуаныш.
Ән: «Шалқар валісі»

13 – оқушы: Шалқар ауданының халқы ауылы шаруашылығымен көптеп айналысады. 2006 жылдың басында ауданда 85, 0 мың қой мен ешкі, 8, 2 мың жылқы, 8, 6 мың түйе, 10, 5 мың мүйізді ірі қара болды.
14 – оқушы: Өнеркәсіп саласы бойынша ауданда “Көктас-Ақтөбе”, “Жаңа дәуір”, “Алай” минералды су құю цехтары, “Тау-кен”, “Ақтөбе — Жаңатас”, Бершоғыр қиыршық тас өңдеу з-ттары және вагон жөндеу шеберханасы жұмыс істейді. 2006 жылы өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 1007, 0 миллион теңгені құрады.

15 – оқушы: Әлеуметтік сала бойынша Шалқар ауданында жалпы білім беретін 44 мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, спорт мектебі, 3 балалар бақшасы бар. Денсаулық сақтау саласында ауданы емхана мен аурухана, 1 ауылдық аурухана, 6 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшілік-акушерлік пункт, 10 фельдшілік пункт қызмет істейді. Шалқар темір жол станциясының амбулаторлық орталығы, “Ақниет” ЖШС-і, Шалқар қаласында “Ақбөбек” сауықтыру орталығы жұмыс істейді.

16 – оқушы: Шалқар ауданы аумағында тарихи-археологиялық және мәдени ескерткіштер, қорғандар мен обалар сақталған. Олар: Есет-Дәрібай мазары, Тұяқбай тамы, Тоқпан күмбезі, Балғазын күмбезі, тағы басқа.
17 – оқушы: Шалқар қаласының перзенттері: Тілеуұлы Мөңке би, Есет Көтібарұлы, Достан би, Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаев, асыл тұқымды түйе өсіруші Әзім Ниетұлы, ұлы математик болған Дәулет Үмбетжанұлы, дүниежүзіне аты мәлім жазушы Тахауи Ахтановтың кіндік қаны Шалқарда тамған. Бірнеше романның авторы Сара Мыңжасарова Рахманқызы, әртіс Байеділ Наурызов, генерал Т. Жалмұханбетовтар, күлкі керуенінің мәйегі Лидия Каденова, салған әні сырнайдай Жанар Айжанова, ана тіліміздің абыройын қорғап жүрген Гүлмереке Сермағанбетқызы Шалқар топырағынан жаралғандар.

18 – оқушы: 1675 – 1756 жылдары өмір кешкен Мөңкені сөйлетіп көрейікші:
1. Көлдің суы кетіп, табаны қалар,
Жылқының жүйрігі кетіп, шабаны қалар.
Сөздің маңызы кетіп, мажары қалар,
Әулиенің аруағы кетіп, мазары қалар.
Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалар,
Ақылы жоқ санасыздың заманы болар.
2. ...Алашұбар тілің болады,
Дүлдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады.
Бұқараны құм алады,
Төрткүлді су алады.

3. Адам ақысыз жұмыс істемейді,
Дүниені түрлеп кестелейді.
Ащыны – ащы демейді,
Сағынып тамақ жемейді.
Тапқанын олжа дейді,
Алһам білгенін молда дейді.
Бір – біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса көрші көршіге кірмейді.

19 – оқушы: Халықаралық жарыста шашасына шаң жұқтырмай шабытты өнерімен өрге жүзген модельер Рауан Елубаева да қаным мен тегім Шалқар деп мақтанады. Ол «Жауқазын», «Костюм композициясы», «Ақерке» күй кітабының авторы. Рауан – алпыстай күйдің авторы. Олардың біразы шет жерге тараған.
20 – оқушы:
Ел болдық, қазақ, ел болдық, -
Әлемге атың таралған.
Елдермен барша тең болдық,
Таңымыз атты ағарған!
Жырменен шашу шашамын,
Жандарға қазақ, жаралған,
Ынтымақ бірлік берік боп
Шайқалмай тұрсын ақ ордам.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеухановтың әні «Елім менің». Орындайтын А. Есентүгел.

21 – оқушы: Ақ мәрмәрдай асылдан жасалған, Шалқар,
Атағың елге аңыз боп таралған, Шалқар.
Жағалай жұртым айдыныңнан нәр алған, Шалқар,
Жәннаттай жасыл желекке оралған, Шалқар.

22 – оқушы: Шалқарым менің көшіңе келем ілесіп,
Кеудемде әркез ізгілік дейтін гүл өсіп.
Тұрғындарыңа баянды бақыт тілеймін,
Тату ғып, барлық қуаныштарымды бөлісіп.
Мұғалім: Құрметті көрермендер! Осымен Шалқар қаласының 140 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концертіміз аяқталды. Тойларыңыз тойға ұлассын
8 903
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып қала - Ақтөбе
Ғажайып қала - Ақтөбе
Ғажайып қала - Ақтөбе. Ақтөбе қаласының көрікті жерлерімен таныстыру
Есімін иеленген Әйтекенің...
Есімін иеленген Әйтекенің...
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға туған жер туралы деректер бере отырып, білімділігін қалыптастыру Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу
Ер есімі - ел есінде
Ер есімі - ел есінде
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің технология пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Алмажан Тлеубаевна
Ұстаз портфолиосы
Ұстаз портфолиосы
Шалқар аудандық №12 балабақша тәрбиешісі Аманғожина Халима Әлжанқызының портфолиосы
Шежірелі Шалқарым!
Шежірелі Шалқарым!
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір орта мектебінің аға тәлімгері Мұқашев Ғ. Н
Туған жер
Туған жер
Тақырыбы: Туған жер Қ. Мырза Әли Мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру. - Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×