Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппемен қоштасу кеші

08 қазан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1 сынып
Әліппемен қоштасу
Ертеңгіліктің мақсаты:
• Алғаш қолдарына алған білім бастауы болған әліппеден үйренгендерін тиянақтау;
• Әліппеге арналған өлеңдерді жатқа айту арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту;
• Өлең арқылы ойын жеткізуге баулу;
• Оқушылардың өнерін тамашалау, еркін сөйлеуін, есте сақтау қабілетін дамыту, ата – анамен байланысты нығайту. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеп, эстетикалық талғамдарын кеңейтіп, оқу, білім алуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: нақыл сөздер, әріптер, суреттер, шарлар, интерактивті тақта
Өту барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Құрметті ата - ана, ұстаздар. 1 «а» сынып оқушыларыныі әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Біз бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы Әліппені аяқтап, білім атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз. Әліппені жемісті аяқтауға қолғабыс берген ата - аналарға зор алғысымды білдіремін. Ендеше, осы салтанатты мерекеміздің иелері 1 «а»сынып оқушыларын қарсы алайық.»

Хор: Әнұран

1 - жүргізуші: Саламат
Көз салып, қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі біздің ойымызға,
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!

2 – жүргізуші: Нұрсезім
Армысыздар, аналар
Бармысыздар балалар.
Сөзіме құлақ салыңдар,
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр - әніміз.

1 - жүргізуші: Саламат
Әріптерді таныған,
Өңкей білгіш балдырған.
Өсті міне бойларың,
Құтты болсын тойларың.

2 – жүргізуші: Нұрсезім
Біздің сынып тамаша
Көз тартады қараса
Кешікпейді сабақтан
Күнде түгел, санаса.

1 - жүргізуші: Саламат
- Балалар, іші толы әріпке,
- Білімдегі жарық не?

Хормен оқушылар: Болашаққа жол ашқан,
Ол – сүйікті әліппе.
Хор: Әліппе

Кенжеқыз:
Іші толы әріпке
Мынау әйбат Әліппе
Барлық ілім - білімің,
Бастауы осы Әліппе.

Димаш:
Әліппем, менің Әліппем
Көгілдір тудың түсіндей
Ақылшы жан досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.

Ақтілек:
Бар кітапқа бас болған
Әліппен ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы

Анел:
Әліппем, менің Әліппем
А деген мына әріптен
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.

Жігер:
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағының сәнімін.

Айнұр:
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Би: Жаңа күн

2 – жүргізуші: Нұрсезім
- Балалар, ең алғашқы Әліппені кім жазғанын білесіңдер ме?

Руслан:
Ия. Жырын жаттап саламыз,
Жалықпастан қыс – жазы,
Ұлы Ыбырай атамыз,
Ұстаздардың ұстазы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 565
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатының, әліппенің кең дүниеге есік ашатының сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; сүйікті оқулықтары - Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Әліппе - білім бесігі
Әліппе - білім бесігі
ШҚО, Аягөз аудан, «Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш класс мұғалімі Карабаева Жанар Кажымукановна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу 1) Так, так, так Бәрін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×