Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

28 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі. 2 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Зат есім туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Ойға толсын санамыз
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Қайталау оқу айнасы. Үй тапсырмасы.
Өткен тақырыптарда жаттығу жұмысын жүргіздік.
А «Көрші» ойыны арқылы бір - біріне сұрақ клямыз.
1. Жұрнақ дегеніміз не?
2. Жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады?
3. Түбір сөз дегеніміз не?
Жаңа сабақ.
Бос кеңістікте қанша планета бар?
9 планета бар. Ендеше сөз табында да 9 сөз табы бар.
Бізге ең жақын сөз табы: зат есім, сан есім, сын есім, етістік.
Зат есім дегеніміз - заттың атын білдіретін сөздер. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Деген сұрақтарға жауап береді.
Адамға - кім?, жануарлар мен заттарға - не? деген сұрақтар қойылады.

4. Мағынаны тану.
Жұптық жұмыс.
1 жұп. 7 - жаттығу. Өлеңді оқы кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек жазу.
2 жұп. 2 - жаттығу Сөздерді оқы. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі топқа бөліп, әрқайсысына сөйлемдер құрастырып жаз.
Кім? – ата, апа, ағатай, інішек.
Не? – кірпіш, шыны, сағат, қант, тауық.
5. Сергіту сәті.
Қоян шықты далаға
Жан - жағына қарады.
Жүгірді, секірді.
Орнына кеп отырды.
3 - жаттығу.
Жаңылтпашты жатқа айт. Зат есімдерге сұрақ қой.
Аралда бар аралар
Қалай бара алар балалар?
(аралар - нелер?)
(Балалар - кімдер?)
Шығармашылық жұмыс.
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер ойлап жазу.
« Аң, құс, балық» ойыны.
Оқушылар не? деген сұраққа аңдардың, құстардың, балықтардың атын тез айту керек.
4 - жаттығу.
Сұрақтардың орнына зат есімдерді тауып жаз.
Әкем отын жарды. Тігінші көйлек тікті. Аспанда жұлдыздар көрінеді. Орманда биік ағаштар өседі. Оқушылар серуенге шықты.

6. Ой толғаныс.
Диалогтік әдіс.
Сұрақ - жауап арқылы білімдері пысықталады.
Сөз таптары дегеніміз не?
Заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады?
Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
Кімдер? деген сұраққа жауап беретін сөздерді ата?
Нелер? деген сұраққа жауап беретін сөздерді ата?

7. Қорытындылау.
1. Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
2. Ережені қайталап бере аласыңдар ма?
8. Бағалау.
Әр баланың белсенділігін, ерекшелігін, жауапкершілігін, жан-жақтылығын ескеру.
Үй тапсырмасы. 5 - жаттығу.

Зат есім. жүктеу
5 127
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
381 - 384 жаттығу жұмыстары
381 - 384 жаттығу жұмыстары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еңсегенова Бақтыгүл
Сөз таптарын қайталау
Сөз таптарын қайталау
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар станциясы, Анар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×