Білімділер поралы

Ұлттық киімдер туралы мәліметтер. Бас киімдер жасау

Еңбекке баулу 4 сынып
Сабақтың атауы: Ұлттық киімдер туралы мәліметтер. Бас киімдер жасау
Сілтеме: Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы: Білімділік: оқушыларға ұлттық киімдер туралы түсінік беру, олардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың сабақ барысында халықтың өнерін, салт - дәстүрді бағалай білуге, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақ көрнекілігі: слайд, ұлттық киімдердің суреттері, түрлері
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып, бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір - біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Қызығушылықты ояту
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір - қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын - сауыққа пайдаланады (қалыңдыққа сәукеле кигізу). Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой - дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.

Мағынаны тану
Бас киім
Қазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі де әр баса. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, мұрақ (айырқалпақ). Оларды теріден, аң терілерінен, тыстық маталар сырып тігеді. Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, сәукеле, желек, шәлі бүркеніш, т. б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл матадан, ал тақия, құндыз бөрік, шошақ бөріктер ең қымбатты аң терілерінен тігіледі.
Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғыңа қарайды, дұшпан басыңа қарайды» дейтін мақалы осы жайдан қалыптасқан. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде, біреуден біреу кешірім өтінгенде, аяққа жығылғанда бас киімді шешіп немесе бөрігін аяқ астына тастап аһ ұру да осы бас киімді қастерлеуден туған. Қысқы, жазғы бас киімдер бір бөлек, той жиындарда, жорықтарда киетін бас киім бір бөлек болып түрліше тігілетін. Тымақ пен бөрікті көбінесе елтіріден, сеңсеңнен, лақ терісінен, пұшпақтан т. б. мал терілерінен жасап тыстайды, арасына жүн салып сыриды. Қыстыгүні киетін түлкі терісінен жасаған тымақты барқыт, пүліш, атлас, шұға сияқты жылы, әрі қымбат маталармен тыстаған.
Тымақ — қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай киізден құралып, шошақ болып келеді.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Мұнайшы ауылы, №7 орта мектеп КММ
Технология пәні мұғалімі Жанабаева Жаныл Жумабаевна

Ұлттық киімдер туралы мәліметтер. Бас киімдер жасау. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 84
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 84
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика