Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Негізгі және туынды зат есім

22 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың атауы: Негізгі және туынды зат есім
Мақсаты
Күтілетін нәтиже: Білімділік: зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын, айырмашылықтарын ұғындыру. Сөз құрамы туралы алған білімдерін пысықтау, жетілдіру;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, мамандық иелеріне деген құрмет пен алғыс сезімдерін ояту;
Дамытушылық: танымдық қабілеттерін, сауаттылықтарын және көркем жазу дағдыларын дамыту;
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау - жинақтау, проблемалық әдіс, ойын, ассосация

Психологиялық ахуал
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

Қызығушылықты ояту
Сергіту сәті
Ой толғаныс
1. Ұйымдастыру
Амандасу
Оқушыларды және құрал - жабдықтарын түгендеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру
Психологиялық дайындық
Балалар, бүгінгі сабақта Арман деген жалқау балаға қазақ тілінен жаттығуларды орындауға көмек көрсетейік. Келісеміз бе?

2. Жаңа сабаққа дайындық
Тірек білімдерін жетілдіру
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім деп атайды.: ыдыс, кілем, аяқ.
Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды: жұмыскер, ойыншық, күйші.
(Интерактивті тақтадан негізгі және туынды зат есімдерге мысалдар көрсету).

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
1. Оқулықпен жұмыс
1 - топ
Ребусты шеш. Суреттегі заттардың атын үлгіде көрсетілгендей жаз. Оларға сұрақ қойып, мағынасын салыстыр.
Көз + ілдірік = көзілдірік
Балық + шы = балықшы
Ас + паз = аспаз
Дәрі + гер = дәрігер
2 – жаттығу. Өлеңді оқы
Іскерлер
Дәрігер бала емдейді,
Жолшы жолды жөндейді.
Ұстаз сабақ береді,
Бағбан жеміс егеді.
Ұста темір соғады,
Балташы ағаш жонады.
Диқан тыңды тіледі,
Ісмер кесте тігеді.
Кенші жерді қазады,
Ақын өлең жазады.

• Туынды зат есімдерді теріп жаз, сөз құрамына талда.
• Тағы қандай туынды зат есім болатын мамандық атауларын білесің?

Дәрігер, жолшы, балташы, ісмер, кенші.
2 - топ Негізгі зат есімдерді бір қатарға, туынды зат есімдерді екінші қатарға жаз.
Суретші, ойпат, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер, қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана, көл, коньки, суат.
• Туынды зат есімдердің түбірі мен жұрнағын белгіле.
Негізгі зат есімдер: ойпат, сый, қалам, ағаш, өнер, су, балық, мұз, коньки, көл.
Туынды зат есімдер: суретші, сыйлық, қапшық, сусын, үйшік, құлыншақ, асхана, суат.
3 - топ Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып, туынды зат есім жаса.
Кітап, дос, егін, орын, - шы, - ші, - лық, - лік, таза, адам, мал, шебер - дық, - тық, - хана
Кітапхана, достық, егінші, орындық, тазалық, адамдық, малшы, шеберлік.

Сергіту сәті
Көрікті далама қарашы,
Тізілген орман, тау, қаласы,
Алтай мен Атырау арасы
Қазақтың кең байтақ даласы
Қазақтың кең байтақ даласы

Сабақты бекіту
«Ойлан, тап» ойыны
Интерактивті тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Сол суреттердің атын атап, жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасау керек. Туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
Суреттер: қой, етік, үй, бес, домбыра, мүсін, қобыз, қой, жылқы.

Негізгі және туынды зат есім. жүктеу
13 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім туралы білім қалыптастыру; Туынды сын есімнің жасалу жолын түсіндіру Сауатты, көркем жазуға төселдіру, ойлау әрекетін, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есімнің түрлерінің негізгі және туынды екендігін, айырмашылығын, ұқсастығын білу үшін жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×