Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күн жүйесіндегі планеталарға саяхат

13 шілде 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Күн жүйесіндегі планеталарға саяхат
Мақсаты:
Білімділік: Күн жүйесіндегі планеталар туралы алған білімдерін саралап, біліктілігін арттыру. Өз беттерімен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Бірге жұмыс жасай білу мәдениетін қалыптастыру
Дамытушылық: ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерлілігін дамыту, қорытынды жасай алуға қалыптастыру. Есте сақтау, елестету дағдыларын жетілдіру. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, сәйкестендіру, кесте.

Көрнекілігі: бейнеролик, компьютерлік презентация, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, топтың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (оқушылардың 3 топқа бөліп, үй жұмысын ия – жоқ жауаптары арқылы тексеру)

І. Ғалымдар тобына сұрақтар
1. Күн жүйесіндегі планеталар 2 топқа бөлінеді ме? (ия)
2. Күнге өте жақын орналасқан планета Меркурий ме? (ия)
3. Меркурийдің беткі жоғарғы температурасы - 4000С па? (жоқ)
4. Жерге ұқсас планета Юпитер ме? (жоқ)
5. Шолпанның жоғарғы температурасы +5000С па? (ия)

ІІ. Ғарышкерлер тобына сұрақтар
1. Жердің серігі Ай ма? (ия)
2. Тіршілігі бар планета Жер ме? (ия)
3. Күн жүйесінде Марс 7 орында ма? (жоқ)
4. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс жер тобындағы планеталарға жата ма? (ия)
5. Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун алып планеталарға жата ма? (ия)

ІІІ. Планеталар тобына сұрақтар
1. Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері ме? (ия)
2. Алып планеталар күнге жақын жатыр ма? (жоқ)
3. Марстың 2 серігі бар ма? (ия)
4. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаған Коперник пе? (ия)
5. Күн жүйесінде 9 планета бар ма? (жоқ)

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Кезең 2 - 3 мин.
Бейнеролик қарау.
Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса есептегенде 8 ірі аспан денелері бар. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс. Бұларды жер тобындағы планеталар деп атайды.
Алдын ала берілген тапсырмалар:
- Оқушылар Меркурий туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?
NASA ғалымдарының арқасында Күнге ең жақын Меркурий ғаламшары бетінен смайликке қатты ұқсас объект суретке түсіріліп алынды.
Сурет NASA ғарыш агенттігінің алып телескопы арқылы түсіріліп алынған екен. Меркурий бетін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар да бұл суреттің нақты не нәрсе екенін айта алмай отыр. Жақында осыған ұқсас жағдай болған еді. Бірақ ол кезде ғалымдар смайликтің емес, Меркурий кратерлерінің бірінен Микки Маустың түрі бейнеленген суретті түсіріп алған.

- Шолпан туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?
Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған. Шолпанның массасы Жердің 0, 815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0, 950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5, 24 г/см3 шамасында.
- Жер туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?
Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29, 765 км/с жылдамдықпен 149, 6 млн. км орташа қашықтықта 365, 24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай.
- Марс туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?
Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез - келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан құрамындағы оттегі газға айналып кете барады. Бұл дегеніміз адам 5 - 10 секундтың ішінде жан тапсырады деген сөз.

Мұғалімнің сөзі
Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.
Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады. Планетаның пішіні шар тәріздес келеді және барлығы да осінен айналады. Күн шығар алдында және кешке күн батқаннан кейін Шолпан жарқырап ерекше көзге түседі.

IV. Оқушыларға алдын ала берілген тапсырмалар бойынша жаңа материалды бекіту.
3 топқа бөлінген тапсырмалар бойынша үйден мағлұмат жинап алып келу.

Күн жүйесіндегі планеталарға саяхат. жүктеу
7 237
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш әлемі
Ғарыш әлемі
Шығармашылық идеяларды дамытуға әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинау.
Планеталар қозғалысы
Планеталар қозғалысы
Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон.
Жердің пайда болуы, пішіні, өлшемі, қозғалысы
Жердің пайда болуы, пішіні, өлшемі, қозғалысы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңатаң ауылы География пәні мұғалімі Бекмағанбетова Айдана
Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру
Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный кенті, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хожамбергенова Амина
Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Сарат орта мектебінің физика пәні мұғалімі Кемалова Акнур Жумагалиевна
Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі
Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Сарат орта мектебінің физика пәні мұғалімі Кемалова Акнур Жумагалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×