Білімділер поралы

Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі

Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жетілетін оқу мақсаттары( оқу бағдарламасына сілтеме):
Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.
Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Бағалау критерийлері
Білу және түсіну Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады;
Сюжетті суреттерді сипаттайды.
Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Тілдік мақсаттар: Отбасы – семья - family
Қоян - заяц - hare
Қуыршақ - кукла - doll
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: Ана тілі
Бастапқы білім: Менің отбасым. Қ дыбысы және әрпі

Басы
Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару
Шаттық шеңбері
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Ой қозғау
Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
- Балалар дыбыстардан не құраймыз?
- Буын.
- Буыннан не құраймыз?
- Сөз.
- Сөзден не құраймыз?
- Сөйлем.

Ортасы

Ал, балалар! Біз өткен сабақта қай дыбыспен таныстық.
- Қ дыбысы
- Қ дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз
- Қане тыңдап көрейік.
- Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме?
Кел, тыңдайық ертегі,
Ертегі сыр шертеді.
Талай ғажап оқиға
Естіген жан елтеді.
- Ерте, ерте ертеде ну орманда көптеген ағаштар өсіп, құстар сайрап, аңдар тіршілік етіпті. Түн болып, орман да, ормандағы аңдар да тіршілік біткеннің
барлығы мүлгіп ұйқыға кетіпті. Тым - тырыс. Сәлден соң тау арасынан күн де
сығалады. Қалың ағаш үстінен шыққан бір құстың үні орманды жап - жақсы жаңғыртып жібереді.
- Ол қандай құс?
- Тоқылдақ
- Тоқылдақты, орман емшісі дейді. Себебі ол ағаштағы құрт - құмырсқаларды
жеп емдейді екен.
Сонымен, тоқылдақ «Ерте тұрып, еңбек етсін» деген оймен теректің басына қонып айғай салады.
Тоқылдақ: Тоқ - тоқ - тоқ
Күн шықты енді ұйқы жоқ,- деп теректің қабығын қаққылап жатады. Тоқылдақтың айғайына ызаланып, ұйқысы қанбаған аңдар
ояна бастайды. Кейбір аңдар тоқылдақтың айғайын елемей, ұйықтап жата береді.
- Ол қандай аңдар екен?
Жұмбақ
Қалқиған екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян)
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
(Қонжық)
Аузы бейне шалғы, орақ,
Шөп емес, бірақ мал орады.
(Қасқыр)
- Балалар! Қ дыбысы буынның басында, буынның ортасында және буынның аяғында берілген сөздерді атайық.
Бұл аңдар да оянып, ашуға булығып, ызалана бастайды. Аңдардың барлығын ашуландырып алған тоқылдақ, енді олармен достасудың амалын іздейді.
Балалар ол бізден көмек сұрайды. Бізге тоқылдақ бірнеше тапсырма береді.
Сол тапсырмаларды орындасақ, тоқылдақ аңдармен қайта достасады екен. Қане балалар қандай тапсырма екен көрейік
1 тапсырма: Оқулықпен жұмыс.
№1. Оқылым
№2. Айтылым
Оқы.
Анам тамақ дайындады. Ол қасық, шанышқы алды. Мен атамды тамаққа шақырдым. Тамақ пісті. Тамақтан кейін ыстық шай іштік.
- сөздерді буындап немесе тұтас оқиды
- түсінгендерін баяндайды;

Мұғалімнің аты - жөні: Суханбердиева Жансая
Мектеп: Айдарлы орта мектебі
Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 32
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 32
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика