Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрлаулы мүшелер

14 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаттары:
білімділік: тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрайтынын түсіндіру, сөйлемнен бастауыш пен баяндауышқа сұрақ қоя отырып табуды меңгерту.
дамытушылық: байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік: тапқырлыққа, ұқыптылыққа, отаншылдыққа, өз елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тест, кесте, графопроектор, сызба.
Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн болсын
Тәуелсіздік туы
Мәңгі биік тұрсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!

Мұғалім: ата - бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл 20 жыл толғалы отыр. Осы мерекемен бәріңізді құттықтаймын. Бұл мерекеге біз саналы тәрбиемізді, сапалы білімімізді арнаймыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
ІІІ. Өткен сабақты қорыту
Тест
1. Сөйлемнің негізгі мүшесін тап:
а) мәтін
в) сөйлем
с) бастауыш
2. Баяндауыш деген не?
а) сөйлемнің негізгі мүшесі
в) бастауыштың іс - қимылын білдіреді
с) сөз
3. Құстар жылы жаққа қайтты. Осы сөйлемдегі бастауышты тап:
а) жылы
в) құстар
с) қайтты

Мұғалім: Балалар, өткен сабақ бойынша білімімізді тексердік, енді жаңа сабаққа көшейік.
Дәптермен жұмыс: күн реті, сынып жұмысы, тақырып
Жаңа сабақ (сабақтың мақсатын хабарлау)
Түсіндіру: Айша кеше кітапханаға барды.
1. осы сөйлемдегі кім? Не істеді? деген сұраққа жауап беретін сөздерді қалдырып оқыңдар. (кеше кітапханаға)
2. Не байқадыңдар?
3. Кім? Не істеді? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер сөйлемнің негізін құрайды.

Негізгі бөлім: Сонымен сөйлем құрауға негіз болатын қандай сөздер екен?
Кім? Не? Не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер - сөйлемге негіз болатын сөздер.
Кестемен жұмыс

Тұжырым: Сөйлем құруға негіз болатын сөздер сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады, яғни бастауыш пен баяндауыш тұрлаулы мүшелер.
1 - жаттығу. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөздерді сөйлем деп айтуға болатынын түсіндіру.
Сергіту сәті: (киіз үй құрастыру)
2 - жаттығу. ауызша.
3 - жаттығу. топтық жұмыс
4 - жаттығу. өзіндік жұмыс

Ойын: « Мен қандаймын?»
Сабақтан мен _____________
Жаман бала
Жақсылармен
Айтқан серттен
Үлкендерді
Айтқандарын
Көмектесем
Көріңдер, мен
Сабақты қорыту: Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан - тәуелсіз ел.
(сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді тапқызу)
Үйге тапсырма: 5 - жаттығу, ереже.

Алғыс хат!
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сендей өренді
Білімнің асқар шыңына, - деген тілекпен сабақта белсенділік көрсетіп отырған ұқыпты, зерек оқушыларды мадақтаймын.
Бағалау, мадақтау.
22 432
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жалаң болып бөлінуі тұрлаулы мүшелерге, жайылма болып бөлінуі тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беру, сөйлем ішінен тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем туралы берілген білімді кеңейту, бекіту. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Ертеде Тұрлаулы және Тұрлаусыз деп аталатын екі адам болыпты. Олар бір - бірімен қас екен. Бірде сөйлем мүшелерінің басты мүшесін тағайындауға жиналыс болып, Тұрлаулы ұшаққа билет сатып алыпты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×