Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М м дыбысы мен әрпі

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1) Дауыссыз М м дыбысы мен әрпін таныстыру:
2) Сөздерге дыбыстық талдау жасату;
3) Сауатты оқып, көркем жаза білуге дағдыландыру;
4) Оқуға деген ынтасын арттыру; қызығушылығын қалыптастыру
Сабақ өтілетін сыныбы: 1
Керекті құрал - жабдықтар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер, суретті кестелер, сандықшалар,
сиқырлы кубик, кеспе әріптер, буындар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды ертеңгілік жиынға, шеңбер бойына шақыру.
- Балалар, біз - бірімізге жүрек жылуымызды алақандарымыз арқылы жеткізіп, бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік:
Қайырлы таң,
Қайырлы күн.
Күліп шықсын
Бүгін күн!
Сабағымызды бастамас бұрын “ сиқырлы кубик” ойынын ойнайық,- деп кубикті ортаға лақтыру. Кубикті ортаға лақтыру. Кубик бетіндегі суретке қарап, затты бейнелеу, дыбысын шығару. Мыс: машина, ұшақ, ара, жылан, бұзау, қарғаның суреттері.

ІІ. – Балалар, мына мультфильмнен үзінді көрейік,- деп “ Том және Джерри” бейнетаспасынан үзінді көрсету. Жұмбақ жасыру:
Мұрны пұшық,
Көзі қисық
Өзі пысық
Бұл не?... (мысық)
Мысық( суретін көрсету)
Мысық сөзінің бірінші дыбысы - М м.
Балалармен бірге қайталау. Мысық сөзін буындату, дыбыстық талдау жасату.
М дыбысының айтылу ерекшелігіне тоқталу. Дауыссыз дыбыс екендігін анықтап, көк текшемен белгілету.
Балалар, мен сендерге “ М дыбысының туған күні ” деген ертегі оқып берейін, ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.- деп М дыбысына байланысты ертегі оқып беру.
Балалардың назарын “ Әліппе – дәптердің” 28 - бетіндегі суретке аудару. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Осы 28 - беттегі буындар мен сөздер, сөйлемдерді оқыту.
Сөздерді тақтаға іліп оқыту. Оқытып болған соң, төменгі сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Сергіту жаттығуы.”Қошақандар” ойынын ойнату. Мәтін мазмұны бойынша қимыл көрсету.
“Қошақандар өрісте”
“ Қошақандар су ішті”
“ Қошақандар ойнады”
“ Қошақандар қандай дыбыс шығарады?”
“Әліппе - дәптердің” 29 – бетіндегі қолжаттықтыру жұмыстарына көшу.
1 - жаттығу. М дыбысының орнын анықтау, дауысты, дауыссыз дыбыс екендігін ажырату. М м - әрпін тақтаға, ауада жазу.
2, 3 - жаттығуларды орындату арқылы қолдарын жаттықтыру. Кеспе әріптер қалтасынан әріптерді және текшелерден “мол” “мал” сөздерін жазғызып, дыбыстық талдау жасату.
Түйе өркешін қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? - деп М әрпінің баспа түрін көрсету.
әріптер қалтасынан кеспе әріптерді және текшелерді алып, “мол”, “мал”- сөздерін жазғызып дыбыстық талдау жасату.
“Менде” бар,
“Сенде” жоқ ( М әрпі )

Қорытынды: - Сонымен, балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап сабақты аяқтау.
Дидактикалық ойындар
“ Сөз құрастыру” Балаларға заттардың бірінші дыбыстарынан сөз құратып оқыту.
Мысалы: Машина Алма Маймыл Арыстан
“Сиқырлы сандық” – ойыны.
“М” дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты, әрбір сөзді сандыққа салу:
М...... М...... М
8 508
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы мен әрпі.
Т дыбысы мен әрпі.
Т дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрауға, буындап оқуға үйрету.
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Балаларды «к» дыбысы және әрпімен таныстыру. «К» дыбысын басқа дыбыстарда ажырата білуге үйрету, дыбыстық талдау жасату.
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ұ әрпі мен дыбысы
Ұ әрпі мен дыбысы
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Ғилымғалиева Раушан Муслимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×