Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


К дыбысы мен әріпі

22 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Біздің заманымыз – жазу заманы....
Сөздің жүйесін қиысын келтіріп жаза білуге, сөз қандай орынды қалай өзгеріліп, қалайша бір - біріне қиындасып, жалғасатын жүйесін білу керек» болғандықтан «қазақ бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, жүйелерін де үйрету керек»
А. Байтұрсынов

Сабақтың тақырыбы: К к дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасау.
Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Таза қазақ тілінде сөйлеуге,
байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, ойын, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктері: к дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер

Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі.
− Балалар, қанеки «Ұзын құлақ сұр қоян» өлеңін хормен, қимылмен айтайық.
− Бәрекелде! Ал енді балалар, біз өткен сауат ашу пәнінен қай әріпті өткен едік? Естеріңде бар ма?
− Дұрыс, Ее әрпі мен дыбысын өткенбіз. Қанеки, Е дыбыс кездесетін сөздерді айтайық. Кім маған сөзді пайдаланып сөйлем құрайды?
- Емен, ешкі, есік, екі, есен, еркін, есек, елік, емші т. б.
- Еркін емен ағашын отырғызды.
Бір оқушыға «есен» сөзін кеспе әріптерден қалташаларға салу арқылы жаздырамын.

− Ее қандай дыбыс?
− Дұрыс, дауысты. Неге дауысты?
− Өкпеден шыққан ауа іштен еркін шығады.
− Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
− Әріпті біз көреміз, жазамыз. Ал, дыбысты естиміз және айтамыз.
− Ее әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?
− Сөздің басында, ортасында және соңында
− Тамаша, тақтаға қарайық. «Буын құра» ойын ойнайық.

(балаларға жекелеп буын құратып айтқызамын мысалы: де, бе, ең, ер, ре т. б.)
- Ер сөзінің көмегімен қандай мақал айта аламыз?
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.

Ер қадірін ел біледі,
Зер қадірін зергер біледі.

- Мінекей, балалар, біз қанша әріпті білеміз. Осы буындармен сөз құрай аламыз.

- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Жыл мезгілдерінің қайсысының атауында Е дыбысы кездеседі?
- Дұрыс, «көктем» мезгілінде. Көктем қай жыл мезгілінен кейін келеді?
- Қыс мезгілінен кейін көктем мезгілі келеді.
- Көздеріңді жұмып көктемді көздеріңе елестетіңдерші. Нелер елестеді?
- Бәрекелде, ия, көк шалғын, қар еруі, құстар ұшып келуі, күн сәулесінің ысуы т. б.
- Көктемнің ертерек шыққанын қалайсыңдар ма?
- Ия...
-. Ол үшін мынадай тапсырмаларды орындауларың шарт. (күн көзі салынған суретті төртке бөліп...)

• Емен сөзін оқып, буынға бөліп бер
• Тер сөзін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жаса.
• Суреттегі затқа сөйлем құра (етіктің суреті)
• Еңбек жайлы мақал - мәтел айт.
Еңбек түбі - береке,
Көптің түбі - мереке.

Егін екпесең жерге өкпелеме.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,

− Жарайсыңдар, мына төрт бөліктің тапсырмаларын орындап, біріктірген едік ненің суреті пайда болды?
− Күннің бейнесі.
− Күннің көзінің жылуы көктем мезгілінің алғашқы нышандарының бірі.
− Күн сөзінде бірінші қандай дыбыс?
− Дұрыс, к дыбысы. Енді мына суретке қарап к әрпі бар сөздерді айтайық. Оларға сөйлем құрайық: (кірпі, көпір, керуен, көзілдірік, кептер, күрек, кітап, күн, кілт т. б.)

− Енді, к дыбысы сөздің қай жерде тұратынын талдайық.
− Қараңдаршы, күннің көзі ұйықтап жатыр. Оны ояту үшін бізге қонақтар келді. Оларды танимыз ба? (тақтаға күшік, кенгуру, бүркіт суреттері ілінеді; буынға бөліп, әр сөзде қанша дауысты, дауыссыз дыбысы бар екенін анықтау керек)
− Бәрекелде! Күннің көзі оянды.
− К дыбысын дыбыстайық. (хормен к дыбысын дыбыстаймыз)
Түсіндіру. К дыбысы дауыссыз дыбыс, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.

− Ал, балалар араларыңда жұмбақ жасырамын дегендерің бар ма?
Жұмбақтар
Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін. (карта)

Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (көздер)

Мен жүгірсем ол да жүгіреді,
Мен мүдірсем, ол да мүдіреді. (көлеңке)
− К әрпін ауада жазып көрейік.
Әліппе дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті. Жаза, жаза қолымыз,
Талып кетті көзіміз.
Бір, екі, үш
Отырамыз тып - тыныш.
Сөзжұмбақ шешу

Шешуі: көк, кесе, көжек, көлшік;
• Еліміздің туының түсі қандай?
• Әжелеріміз шәйді немен ішеді?
• Қоянның баласын не деп атайды?
• Жаңбырдан кейін қалған кішкентай су қалай аталады?

− Бәрекелде балалар, енді сызба көмегімен сөйлем құрайық.
Кемел, мектепке кел.
Мектепке кел, оқы.

Жаңылтпаш айту
Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.

Кербез керік кері кетті.
Көтере алмай керегін
Кезі келіп кезігіп,
Кекілік оны келемеж етті.

Ақ көбелек, көк көбелек,
Ұшып қонған көп көбелек.
Жалт бергенде топ көбелек,
Таба алмайсың, жоқ көбелек

Жұмбақ шешу
Қайталап атымды
Көктемде ән салам.
Кез келген ұяға
Жұмыртқа табамын. (көкек)

Дөп дөңгелек ілінген,
Күннен көмек тілеген.(күнбағыс)
− Көкек, күнбағыс сөздерінде неше дыбыс бар, бірінші қай дыбыс естіледі?
Қалай естіледі? – деп балалардан жауап ала отырып, сабақты қорыту.
Балаларды мадақтау.
32 565
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, таза сөйлеуге үйрету.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
К дыбысы және әрпі
К дыбысы және әрпі
К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып, сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
К дыбысы және әрпі
К дыбысы және әрпі
Қарағанды облысы, "Балқаш қаласы №2 Абай атындағы лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Кенжина Айгул Хамитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×