Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жер

14 тамыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Туған жер
Сабақтың мақсаты: Өлеңмен таныстыра отырып, ақынның туған жерге деген ыстық сезімін бөлісу.
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Көрнекілігі: Қ. Аманжолов, С. Торайғыров суреттері, карта, домбыра, кесте, қор, теңге,
елтаңба, сюжетті сурет.
Сабақ түрі: аралас сабақ, дәстүрлі, жарыс, топтық.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, халықтық педагогика

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі

II. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, біз өткен сабақта қандай жаңа тарауды, бөлімді бастадық?
- Біздің еліміз кең - байтақ. Отанымыз Қазақстан Республикасы. Ата - бабаларымыз 3, 5, 7 сандарын киелі санаған. 3 санына байланысты ұғымдарды айту.
- Жігіттің 3 жұрты бар: нағашы, қайын, өз
- Үш арсыз: ұйқы, күлкі, тамақ
- Үш асыл: көз, тіл, көңіл
- Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз
- Үш жақын: жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті
- Үш дауасыз: мінез, кәрілік, ажал
- Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат
- Сендердің алдарыңда «Туған жерге қосар үлесім»атты қорға өз білімдеріңмен үлес қосуларың керек. Әрқайсыңның алдарыңа үш теңгеден құны бір жылқымен бағаланатын теңге қойдым. Егер жауаптарыңа жақсы, өте жақсы деп бағаласам, қорға үлестеріңді саласыңдар. Сабақ соңында қай топ көп үлес қосса, сол топқа ту табыс етеміз.

Үй тапсырмасы С. Торайғыровтың «Туған еліме» өлеңін жатқа айту.

III. Жаңа сабақ
Өзі өскен еліне, туған жеріне, оның табиғатына жыр арнамаған ақын жоқ. Мен сендерге осындай ақындардың бірі Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» әнін орындап берейін.
- Бүгін Қ. Аманжоловтың «Туған жер»өлеңімен танысамыз. Өлең 1946 жылы жазылған.

IV. Қ. Аманжолов туралы түсінік беру.
Қ. Аманжолов 1911ж Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1955 ж. 17 қаңтарда Алматыда қайтыс болды. Қасым жастайынан жетім қалып, Семейдегі балалар үйінде тәрбиеленген. Сонда бастауыш білім алған. Семейдегі мал дәрігерлік техникумын бітірген. Кейін Орал педагогикалық институтында білім алды. Ұлы Отан соғысына қатысып, жаудан елін қорғаған жауынгер.

V. Өлеңді мұғалімнің жатқа оқуы.
VI. Әр шумақты мәнерлеп оқып, ондағы негізгі ойды табу.
1. Кең даланы қанша шарласа да шаршамайтыны
2. Туған жер алтын бесігің, Осындай туған жердің қадірін білмесем, кешіре гөр!- деп кешірім өтінуі.
3. Мақтаныш сезімі
4. Туған жердің байлығы, жомарттығы.
VII. Сұраққа жауап
1сұрақ - 3 шумақ
2сұрақ - Туған жерде қандай байлық бар.

VIII. Ақын қолданған көркем сөздерді жазу: кең дала, жас бала, алтын бесік, туған жер, байтақ жер...

IX. Оқулықпен жұмыс
- Шумақтап оқу
- Тұтас мәнерлеп оқу

X. Өлең ұйқасын кестеге сәйкес табу.

XI. Топтық жұмыс
1. Туған жер туралы мақаланың мағынасын ашу
2. Туған жер туралы шығарма жаз
3. 4жол өлең құрастыру

XII. Ребус шешу
- 16 желтоқсан қандай мереке?

XIII. Өмірмен байланыс
- Ал, балалар сендердің туған жерлерің қалай аталады?
- Біздің туған жеріміз Жаңаөзен қаласы Республикамызға несімен танымал?
(Жер нәрі кітабынан суреттер көрсету)

XIV. Венн диаграммасы
Екі өлеңді салыстыру
С. Торайғыров ------------------- Қ. Аманжолов
Еліне арнайды ---------------------- Жеріне арнайды
Елі үміт артады ---------------------- Алтын бесікке теңейді
Ілім - білім жинайды ----------------- Кешірім сұрайды
Үмітін ақтайды ---------------------------- Байлығын, кеңдігін, ұлылығын жазады
Ризашылығын білдіреді ------------------- Барымды беремін
Екеуі де туған жерге деген сүйіспеншілігін жазады.

XV. Қорытынды, топтастыру, бағалау.
Әр топтың, әр баланың қанша үлес қосқанын санау арқылы топпен жеке оқушыны бағалау.
22 429
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзен. Көл
Өзен. Көл
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметпен қарауға тәрбиелеу. сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Жақан Смақов «Отан»
Жақан Смақов «Отан»
Біздің Отан анамыз Қазақстан республикасы. Біздің ата - бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өсті. Бізде осында туып өстік. Өз ана тілімізде сөйлейміз. Мұндағының бәрі бізге етене жақын. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Отанымыз бізді нанымен,
Санды 3 - ке көбейту кестесі (қайталау)
Санды 3 - ке көбейту кестесі (қайталау)
Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы № 17 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі А. Жексенбаева
Туған-туысқандар
Туған-туысқандар
Атырау қаласы. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Шудабаева Гульбаршин Кенжегаликызы
«Туған жер» Қасым Аманжолов
«Туған жер» Қасым Аманжолов
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай станциясы, «№8 жалпы орта білім беретін» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Мейрамбаева Жанар Кеңесбайқызы
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №185 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайырқұлов Алмат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×