Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақан Смақов «Отан»

04 желтоқсан 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жақан Смақов «Отан»
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ж. Смақовтың өмірі туралы және Отан туралы түсінік беру. Отан туралы түсініктерін кеңейту.
2. Оқушылардың туған елі, Отаны туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3.. Оқушыларды Отанын сүйетін, патриот болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой тастау, кластер, аймақ құру, түртіп алу.
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, сөзжұмбақ, ағаш суреті, Ж. Смақовтың суреті.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Балалар екі көз не үшін керек?
Жақсы нәрселерді көру үшін.
Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін
Екі қол не үшін керек?
Елге көмек беру үшін
Екі аяқ не үшін керек?
Шетте жүрсең туған жерге жету үшін.
(Оқушыларға өзін - өзі бағалау парағын таратып беру)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Деңгейлік тапсырмалар
1 оқушы: Ж. Аймауытов туралы әңгімелеу.
2 оқушы: Қартқожаның туған жерін суреттеп келу, жұмысын қорғау
3 оқушы: Менің туған жерім суреттеу, жұмысын қорғау
4 оқушы: «Ыстық қой шіркін, туған жер!» әңгіме құрастыру

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
Кеспе қағазбен жұмыс.
Автор: Ж. Аймауытов
Тақырыбы: Қартқожаның туған жері
Басты кейіпкер: Қартқожа
Әңгіме не туралы? - Туған жер, туған ел туралы
Туған жер туралы қандай мақал білесің? - Туған жерге туың тік


IV. Жаңа сабақты игерту
(оқушыларға күннің жадын жаздыру)
«Кластер» әдісі арқылы Жақан Смақов туралы түсінік беру.

Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.
Д О С Т Ы Қ
Е Л Т А Ң Б А
Қ А З А Қ
А Н А

Сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы
2. Мемлекеттік рәміздердің бірі
3. Ұлттың аты
4. Сені өмірге әкелген мейірімді жан

- Қызыл тор көзден шыққан сөз «Отан»
- Балалар Отан деген не?

«Аймақ құру» әдісі Ата – аналарымыз

Туған өлке
(Отан туралы айтқан оқушылардың пікірін тыңдау)

- Балалар бүгінгі тақырыбымыз да Отан жөнінде болмақ

V. Оқулықпен жұмыс
• Мұғалім мәнерлеп оқып береді
• Оқушылар тізбектей оқиды
Өлеңнің мазмұнын ашу (әңгімелеу)
- Сенің Отаның -............................(Қазақстан)
- Иә балалар. Біздің Отан анамыз Қазақстан республикасы.
Біздің ата - бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өсті. Бізде осында туып өстік. Өз ана тілімізде сөйлейміз. Мұндағының бәрі бізге етене жақын. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Отанымыз бізді нанымен, суымен асырады. Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа мемлекеттер көп. Бірақ ана әр адамда біреу – ақ. Ендеше Отан - ана да ол үшін біреу. Қазақстанның көп бөлігін далалы жерлер алып жатыр. Жеріміздің ұшы – қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын ақ нанға толтырған егістігі, суы мөлдір өзендері, пайдалы қазбалары өте көп.
Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері де көптеп тұрады. Олар бір - бірімен тату – тәтті. Әр адам өз Отанын сүйеді, Отан үшін отқа да, суға да түсуге болады. Себебі сен ҚР - ның азаматысың. Отанды қорғау сенің міндетің.

VI. Дәптермен жұмыс
Түртіп алу стратегиясы
Өлеңдегі Отанға, аспанға, тауға, гүлге қатысты көркем сөздерді тауып жазу
Отан – Ұлы Отан, мөп - мөлдір аспан, асқар тау, қауызын ашқан гүл.

VII. Сергіту сәті «Мен қазақпын»
Видео ролик арқылы.

- Сабақ басында «Отан деген не?» дейтін сұраққа берген жауаптарыңызды толықтырайық.

VIII. Жаңа сабақты қорытындылау
«Даналық ағашы» Сенің пікірің?
Мен Отанымды қорғаймын
Мен Отанымды сүйемін

- Біздің Отанымыз? (Қазақстан)
- Ал енді осы Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз, егеменді)
- Отанымыздың астанасы қай қала? (Астана)
- Еліміз несімен айбатты?( Елтаңба, әнұран, туымен)
- Еліміздің болашығы -......(жастар)
- Отанымыздың көркеюіне болашақта сендер үлестеріңді қосуларың керек. Ол үшін.....
Оқу, білім керек. Ендеше, білімді болу өз қолдарыңызда!

IX. Үйге тапсырма
«Отаным»» өлеңін жатқа айту
«Менің Отаным» ойтолғау жазу

X. Бағалау
Бағалау парағы арқылы
10 319
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақан Смақов «Отан»
Жақан Смақов «Отан»
Оқушылардың туған елі, Отаны туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
«Отан» Ж. Смақов
«Отан» Ж. Смақов
Ж. Смақов туралы мағлұмат беру. Отан туралы оқушыларда жақсы түсінік қалыптастыру, Отан сөзінің мәнін түсіндіру. Балаларға сөзжұмбақты орындату арқылы ақыл - ойын дамыту, көркем сөзбен теңеу таба білу қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту.
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Гульдана Молдазаевна
Жақан Смақов «Айтшы, әжетай»
Жақан Смақов «Айтшы, әжетай»
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Муханбетжанова Әлия Орынғалиқызы
Жақан Смақов "Отан"
Жақан Смақов "Отан"
№ 65 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Салтанат Карыбаевна
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына.  Мұқағали Мақатаев Отан туралы
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына. Мұқағали Мақатаев Отан туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Каратаева Майя Исимкуловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×