Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Т дыбысы

20 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Т дыбысы
Мақсаты: 1. Т т дыбысы таныстыру. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. Өткен дыбыстарды қайталау. Буын туралы түсінігін кеңейту.
2. Сөздік қорын молайту. Тілін, ой – өрісін, шығармашылығын дамыту.
3. Балалардың білімге деген құштарлығын, пәнге деген қызығушылығын арттыру, еңбекке, адамгершілікке баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Ойын - сабақ.
Көрнекілік: текшелер, көк, қызыл түсті үйлер, Т дыбысына байланысты суреттер, «Түлкі мен торғай» ертегісінің мазмұнына байланысты суреттер, сөзжұмбақ, өткен әріптер, сыйлық.
Әдіс - тәсілдері: қайталау, сұрақ – жауап, сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.«Бір, екі, үш, бойға жинап күш. Ана тілін үйренейік, құс тәрізді ұш». Балалар, біздің сынып:
- Балдырған
Девиз (ұран): Білім, өнер, еңбекпен көркейетін ұрпақпыз!
Ендеше сендердің білімдеріңді тексеру үшін, өздеріңді қатар бойынша 3 топқа бөлемін:
1. Алғырлар
2. Білгірлер
3. Тапқырлар

II. Қазір өткенді қайталайық.
Жұмбақ: Ұқсайды өзі шалғыға,
Елестет көз алдыңа.
Кәне, ойланып табайық.
Болды екен бұл қай әріп? Ғ
Әріптің шешуін дұрыс таптыңдар. Енді жарысымыз басталады.
1. Алғырлар – дыбыс деген не? Оны не істейміз?
2. Білгірлер – әріп деген не?
3. Тапқырлар – дыбыстар неше топқа бөлінеді? Қалай олар аталады? Неліктен?
Жауаптарын дұрыс, жарайсыңдар.

Ойын: « Дыбыстарды ажырату»
Әр топтан үш бала келеді. Әріптерді әр үйге орналастырады (қызыл, көк үй – 3 әріптен беру).
Тапсырма: Дыбыстық талдау жасау: әр топтан 3 бала: АНА НАН ТАС
Схема бойынша сөйлем құрастыру └─ ─ ─˙ └─ ─ ─˙ └─ ─ ─˙
Сұрақ: сөйлем неше сөзден құрастырылған? Соңында қандай тыныс белгісі бар, ол неге қойылады?
Осы балалар дайындалғанша, сынып оқушыларымен ойын жүргізу. « Әріп тастамақ». Әріпті айту, сөз ойлау, буындау.
Тақтадағы тапсырманы тексеру.
Сергіту сәті(торғай жүргізеді):
Тік ұста бойыңды
Жоғары сөз қолыңды.
Соз қолыңды тағы да,
Жеткіз жираф мойына.
Кел, балалар, кел бері,
Қыздырайық денені.
Орнымызда тұрып - ақ Жүгірейік бір уақ!

III. Жаңа тақырып:
Ал, балалар, енді біз өткенді қайталадық. 3 топ та өздерінің алғырлар, білгірлер, тапқырлар екенін көрсете алды. Әлде де жұмыс істейміз.
Мына суреттерге қарайық.
1. Түйе: Кезекті бір жануар.
Үстінде екі тауы бар.
2. Тасбақа: Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар.
Бұл не?
3. Түлкі: Жалпақ тастың астында
Қызыл тонды қыз жатыр.
Не болмаса: Сайқымазақ құлағы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бұл қандай аң? Ұғып ал.
4. Торғай: Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт - құмырсқа, шіркейден
Бау - бақшаны қорғаймын.
5. Тай: Ай сөзінің алдына
Т қой – дағы, оқып көр,
Тай болады кәдімгі,
Көкейіне тоқып қой.

Балалар, осы сөздердің басында қандай дыбыс естіледі?- Т дыбысы. Дұрыс, олай болса бүгін мен сендерді осы дыбыс және әріппен таныстырамын. Бәріміз ақырын ғана «Т» деп дыбыстайықшы. Не байқадыңдар? Тілдерін қандай жағдайда? Ондай болса аузымызда не бар дейміз?- Бөгет бар. Дыбыс мынандай әріппен белгіленеді – тиын суреті ілінеді, Т әрпі жазылған. Енді, балалар, тез ғана тырна, тауық деген сөздерге дыбыстық талдау жасайық (буындау, талдау). Жақсы, мына суреттерге қайта қараңдаршы. Осының ішінде маған түлкінің суреті ұнап тұр. Түлкі туралы кім тақпақ біледі? (айтқызу). Ал енді айтыңдаршы, ол туралы біз қандай ертегілер білеміз?(атайды). Есімізге түсірейік – көрініс « Түлкі – бауырсақ». Түлкі қандай? – Қу, айлакер. Бүгін түлкі туралы тағы бір ертегі айтып берейін, бұл болгар халқының ертегісі « Торғай мен түлкі».(Суреттер пайдаланып, мазмұнын айту.)

IV Бекіту.
Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
– Түлкі, ит, торғай.
Сендерге қайсысы ұнады? Неге? Қайсысына сендер ұқсағыларың келеді? Неге?
Торғай еңбекқор, ақылды. Ит адал, қамқоршы, кішілерге болысады. Ал түлкі – қу.
Бұл ертегіде де жақсылық жамандықты да жеңеді.
Мен ойлаймын, сендер ит сияқты адал, торғай сияқты еңбекқор, ақылды боласыңдар. Келесі тапсырманы тез, бұлжытпай орындайсыңдар.

Сергіту сәті: Дыбыстық талдау
1. Алғырлар (ит)
2. Білгірлер (торғай)
3. Тапқырлар (түлкі)
(Өз бетімен жұмыс).
V. Қорытындылау. Бағалау (рефлексия). Мадақтау
30 319
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«С» дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
М дауыссыз дыбысы
М дауыссыз дыбысы
М дыбысына артикуляциялық сипаттама беру, М дыбысы бар байланысты сөздермен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау. Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау, сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×