Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Я дыбысы мен әрпі

20 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Я я дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Я я дыбысы мен әрпін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буынға бөлгізу, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Дамытушылық: Я дыбысы қатысты сөздерді білдіру арқылы оқушының ой - өрісін сөздік қорын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Я дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, электронды оқулық, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Үлкеге де сіз
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпен біз.
Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің бойында

ІІ Өткенді қайталау:
1)- Дыбыс дегеніміз не, әріп дегеніміз не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс ше?
- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
- Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын қай дыбыс?
- Қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады?
- Балалар қанша дыбыс, қанша әріппен таныстық.?(29)
2) Дыбыстарды шарты белгілермен көрсету (дыбыстық сигналдармен)
3)«Шашылған әріп» ойыны. И н т ұ м ы р (Итмұрын )
4) Буындық лото. Буындардан сөз құра: Ба, жа, сан, қа, лақ, бұ, лық, рыс, жу, ла, (Балық, жусан, жарыс, қала, бұлақ )
5)«Артық сөзді тап» ойыны
а ) Бір, бала, шана, бас, балға, боран, балық
ә) көже, көке, көлік, сөз, көмек, көз, көлшік
б) әже, әсем, әке, ешкі, ән, әдемі, әпке,

ІІІ Жаңа сабақ
- Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?(күн суытады, аяз болады т. б.)
-«Құстар» туралы не білеміз? (Құстар сөзіне ассоц - қ аймақ құру)

Құстар
- Құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?(жем беремін, ұя жасаймын)
- Ендеше ұя сөзінде таныс емес қандай дыбыс?
- Дыбыстайықшы. Қандай дыбысқа жатады?
(Я дыбысының артикуляциясымен таныстыру. Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығын, оның я әрпімен таңбаланатынын түсіндіру)
- Баспа, жазба түрімен танысайық.
Электронды оқулықтан Я дыбысы мен әрпін түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Оқулықпен жұмыс.
1. Шығармашылық жұмыс. (Сурет бойынша әңгіме құрау)
2. Бағандағы сөздерді оқыту (хормен), мағынасын түсіндіру. Сөйлем ойлату.
3. Шаян сөзіне дыбыстық талдау жасау.
4. «Ұя» өлеңін оқыту. түсіндіру.
Сергіту сәті: «Сұр қоян» өлеңі.
Құс бұтаққа ұя салды.
1 2 3 4
5. «Орныңды тап» ойыны.(Ретсіз жатқан сөздерді сандардың реті бойынша орналастыру.
6 Дәптермен жұмыс. Я дыбысының таңбалануын таза, көркем жазу.

ІV Бекіту кезеңі:
Буындар. Сөздер. (бөліп жазу)
а о ұ түл бал қал бот қой дүр жыл сор
яқ яз ян яу ял яң кі ға та қа шы бі қы па
1. «Буындардан сөз құра» ойыны
2 Бағандағы сөздерді оқыту, «Ұя» өлеңін оқыту.

V Сабақты қорытындылау Г дыбысы мен Я дыбысын салыстыру
VІ Балаларды мадақтау
VІІ Үйге тапсырма: 1. Я дыбысы мен әрпі
2. «Ұя» өлеңін жаттау.
35 680
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
У дыбысы мен әрпі
У дыбысы мен әрпі
У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×