Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулық - зор байлық

03 сәуір 2020, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Денсаулық зор байлық
Мақсаты:
Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.

Барысы: Ұйымдастыру Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!

Мұғалім: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі.
Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.
Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? Оқушылар: Денсаулық.

Жұмбақ жасыру, жұмбақ өлең.
Дымқылдап күнде сен
Қолыңды сүйкесең
Кетіп кір, ласың
Тап - таза боласың. Бұл не? (сабын)

Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолын да
Сүртеді жонын да Бұл не? (сүлгі)

Аузы жоқ, көзі жоқ
Тілі жоқ, сөзі жоқ
Бірақ та тісі жоқ
Басыңмен ісі бар Бұл не? (тарақ)
- Балалар, жұмбақтың шешуі қандай заттар?
- Тазалық сақтайтын заттар
Тазалық бар жерде денсаулық болады. Олай блса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Денсаулық зор байлық». Сыныпты топқа бөліп қойдым, әр топ басшы өз тобын қорғап шығуы керек. Ал топ басшысына, топ мүшелері көмектеседі

Мұғалім: Әр топ өздерін таныстыра кетсін.
Топ спикерлері өз топтарының аты мен ұрандарымен таныстыра кетеді.
І топ:«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң шымыр боларсың!»
ІІ топ: «Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық - зор байлық!»
ІІІ топ:«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қолыңда!»

Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
І: Бейбарыс: Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.
ІІ: Дильяра
Жан – адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса, дені саудың – жаны да сау. Ендеше әр топ денсаулық туралы ой бөлісіп, топтастырсын. Уақыт біткен кезде әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
І топ
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
ІІ топ
Қара айнаға, көресің
Өзіңді – адам денесін.
Қол - аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар -
Құрылысың бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе, миың, бүйрегің -
Құрылысың бұл ішкі.
ІІІ топ
Сымбат - мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алга селосы
бастауыш сынып мұғалімі Қуанышева Ботакөз

Толық нұсқасын жүктеу
95 110
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дені сау адам – табиғаттыӊ еӊ қымбат жемісі
Дені сау адам – табиғаттыӊ еӊ қымбат жемісі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбат екендігін, өмір сүру үшін денсаулықтың маңызын, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық - адам өміріндегі ең үлкен байлық. Денсаулықтың арқасында адам еңбек етеді, жетістікке жетеді және бақытты өмір сүреді.
Тазалық – денсаулық кепілі
Тазалық – денсаулық кепілі
Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
Нашақорлық – шын қорлық
Нашақорлық – шын қорлық
Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Дені саудың – тәні сау
Дені саудың – тәні сау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөмішкөл ауылы, №66 мектеп Анапияев Олжас
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №8 «Теремок»бала - бақшасы тәрбиешісі: Балдырова Бақыт Мейрамовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×