Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді мыңды жығар, Білікті бірді жығар

10 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Биология
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің
биология пәні мұғалімі Изимова Айгул

Сабақтың тақырыбы «Білімді мыңды жығар
Білікті бірді жығар.»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың өсімдіктермен жануарлардың құрлысы, маңызы, ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.
Танымдық ойындар арқылы логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттерін, өздігінен іздену біліктілігін дамыту.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ұжымдыққа татулыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: сайыс сабақ.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес.
Сабақ көрнекіліктері: Интерактивті тақтадан көрсетілген слайдтар, сұрақтар, мақал мәтелдер, плакаттар, дәрілік өсімдіктер гүл мульяждары, т\б..
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Армысыздар қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абыройың атақ даңқың.
Ұстаздар аман ба екен құрбы құрдас,
Сыныптас бірге оқыған болған сырлас.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі 7а ә б в г сыныптар арасындағы
«Білімді мыңды жығар
Білекті бірді жығар» сайысына қош келдіңіздер.!

Шеберлікті білімді
Саралап сіздер көріңіздер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер. деп әділ қазылар алқасын сайлаймыз.
-------------------------------------------------------------
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріңізге
Сайысты біз бастайық
Көрсетіп өнерлеріңізді
Қалмаңыздар жасқанып.
деп сайыстың жоспарымен және де сайысқа қатысушы тобтарды таныстырамыз.

Жоспар.
1. Таныстыру.
2. Алтын ұяшықтар.
3. Қара сандық құпиясы.
4. Сөз мерген.
5.. Хатқа жауап
6.. Қортынды.

Сайысқа 5 топ қатысады.
1. Алқа тұқымдастар тобы.
2. Лала гүлділер тобы.
3. Асқабақ тұқымдастар тобы.
4. Раушан гүлділер тобы.
5. Бұршақ тұқымдастар тобы.

2. Алтын ұяшықтар.
1. Биология ғалымдары. 10. 20. 30. 40. 50.
2. Аңыздар.. 10. 20 30 40 50.
. 3. Жұмбақ жануарлар 10. 20 30 40 50.
4. Өсімдік сырлары. 10. 20 30 40 50.

. Биология ғалымдары10
Мен ұлым екеуміз, өсімдік жасушасын зеттеуде үлкен мүмкіндік жасап, микроскоп ойлап таптық.„
Сұрақ: Менің аты - жөнімді, тегімді білесіңбе?
“Ал мен болсам алғаш рет өсімдік қабығынан майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атадым.„
Сұрақ: менің аты - жөнім кім және бұл қай жылы еді?

Биология ғалымдары20
Адам мен өсімдіктер және жануарларды ауруға шалдықтыратын бактериялар бар. Ауру тудыратын бактерия ауада суда тағамда тіршілік етеді. адамның өкпесіндегі туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды
Сұрақ: Мен қай жылы анықтадым. аты - жөнім кім?
Мен алғаш рет вирусты ойлап таптым. Оның өте зиянды екенін білдім.
Сұрақ: Бұл қай жылы еді менің аты жөнім кім?

Биология ғалымдары30
• Мен жануарларды жеке - жеке топтап ажырату үшін оларды: түрге→ туысқа→ тұқымдасқа → отрядқа → классқа → типке→ жануарлар дүниесіне жіктедім.
• Сұрақ: Менің өмір сүрген жылдарымды және аты - жөнімді білесің бе?

Биология ғалымдары 40
Мен дүние жүзінің 52 елін аралап шықтым. Мәдени өсімдіктерді зерттеп мәдени өсімдіктердің жеті орталықтарын аштым.
Оңтүстіказиялық тропиктік орталық.
Шығысазиялық орталық.
Оңтүстік батысазиялық орталық.
Жерортатеңіздік орталық.
Абиссиналық орталық.
Орталық америкалық орталық.
Оңтүстік америкалық орталық.
Сұрақ: Менің аты жөнімді білесің бе?

Биология ғалымдары50

1683 жылы Лондондағы Король қоғамына бактериялардың мөлшерін, пішінін, қозғалысын сипаттап хат жіберген, 1632 - 1733 жылдары ұсақ ағзаларға алғаш рет зерттеу жасаған голландиялық ғалым
Сұрақ: Ғалымның аты жөні кім, қай жылдары өмір сүрді?

Аңыздар. 10
Ел ауған “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” кезінде Төле би қасиетті жұртын қимай, үйін жықпай елінде жалғыз қалыпты. Жоңғар басшысы айдалада қалған жалғыз үйді көріп неге көшпегенін сұрайды. Сонда:
Төле би – Шаңырағыма бір бейкүнә құс ұя салып еді, ол құс жер бетінде топан су болғанда Нұһ пайғамбарымыздың кемесін сақтап қалған, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын сарнатып кете алмадым депті.

Аңыздар. 20
Тау перілері бұл гүлді күні түні қорғап, ешкімге жұлғызбайды екен. Тек шынайы сүйген адамдарға бұл гүлді сыйлыққа береді..
Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік.
Тау шыңында өседі, махаббат, бақыт, ерлік символы.
Альпинисттер сайысында жүлдеге гүлдің алтын мүсінімен марапаттайды.

Аңыздар 30
Ежелгі Грекияда бір өте сымбатты жігіт өмір сүрген екен. Ол өзін - өзі өте жақсы көрген. Сондықтан оған халқы мынадай қатал жаза берген. «Бұл жігіт өлгенге дейін ұдайы өзінің судағы суретін қарап отырсын.»! Ол бұл жазаға шыдай алмай бір күні өз өзіне қол жұмсап дүниеден қайтыпты. Оның аққан қанының тамшыларынан әдемі гүл өсіпті, сол гүлге жігіттің атын беріпті.
Бұл қандай гүл?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 136
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты математика
Қызықты математика
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ө. Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Урисбаева Жанат Алдамуратовна
Сан есім
Сан есім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, № 9 орта мектеп мұғалімі: Махметова Ұлжан
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" интеллектуалдық сайыс
"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" интеллектуалдық сайыс
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дина Мағауияева
Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің мұғалімі Илясова Анар Имамадиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×