Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (27 - вариант)

26 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
27 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Тұқымы су арқылы таралатын өсімдік:
A) Бақбақ.
B) Ошаған.
C) Долана.
D) Тұңғиық.
E) Қараған.
2. Спора арқылы көбейетін өсімдік:
A) Шырмауық.
B) Алма.
C) Шаңжапырақ.
D) Бидай.
E) Бақ - бақ.
3. Өсiмдiк бiрлестiгi деген -
A) Бiр тұқымдасқа жататын өсiмдiктер тобы.
B) Бiр топырақта өсетiн өсiмдiктер тобы.
C) Бiр қолтұқымға жататын өсiмдiктер тобы.
D) Бiрдей жағдайда өсетiн және тiршiлiгi үшiн күресiп отыратын өсiмдiктер тобы.
E) Бiр бөлiмге жататын өсiмдiктер тобы.
4. Жаңа іріктемелер, гибридтер шығару әдістерін зерттейтін ғылым:
A) Селекция.
B) Анатомия.
C) Медицина.
D) Генетика.
E) Физиология.
5. Дизентерия, іш сүзегі, тырысқақ ішек ауруларын қоздыратын микробтар -
A) Мүшелерді қабындырады.
B) Иммунитетті төмендетеді.
C) Ағзаны уландырады.
D) Мидың жұмысын бұзады.
E) Жүйкені тежейді.
6. Саңырауқұлақтардың басқа өсімдіктерден айырмашылығы
A) Жасушаларында хлорофилдері болмайды.
B) Дамылсыз өсуін тоқтатпайды.
C) Тұқым мен жеміс түзуге қабілетті.
D) Органикалық емес заттардан органикалық зат түзеді.
E) Тек жынысты жолмен ғана көбеюге қабілетті.
7. Судың қалың қабатында жүзіп жүретін ішекқуыстылар -
A) риф түзуші маржандар.
B) гидралар.
C) актиниялар.
D) қызыл маржандар.
E) медузалар.
8. Құс миының жорғалаушыға қарағанда өте жақсы жетілген бөлігі:
A) алдыңғы ми сыңарлары мен мишық
B) тек қана ортаңғы ми
C) тек қана сопақша ми
D) тек қана мишық
E) аралық ми
9. Сүйек түзілетін ұлпа:
A) дәнекер
B) жүйке
C) көлденең жолақты бұлшықет
D) эпителий
E) бірыңғай салалы бұлшықет
10. “Ми рефлекстері” деген ғылыми еңбекті жазған:
A) И. М. Сеченов.
B) Н. И. Пирогов.
C) П. К. Анохин.
D) И. И. Мечников.
E) И. П. Павлов.
11. Автотрофты қоректенетін ағзалар:
A) Саңырауқұлақтар.
B) Өсімдіктер.
C) Жануарлар.
D) Вирустар.
E) Адам.
12. Негроидтік нәсілдерге тән емес белгілер:
A) Жалпақ бетті.
B) Көз пигменті қоңыр түсті.
C) Терісінің түсі қара.
D) Шашы қою, қара.
E) Мұрны қыр мұрынды.
13. Еменді орман өсімдіктерінің ішінен жоғарғы ярустыларға (сатыға) жататындар:
A) Алмұрт.
B) Алма ағашы.
C) Үйеңкі.
D) Жөке ағашы, емен.
E) Итмұрын.
14. Биосферада атом энергиясын пайдаланғанда -
A) Көмірқышқыл газының мөлшері азаяды.
B) Зиянды газдар жинақталады.
C) Атмосфера құрамы ластанады.
D) Радиоактивті сәулелер жинақталады.
E) Көп мөлшерде оттегі сіңіріледі.
15. Көкек мүгі өсімдігінің споралар дамитын бөлігі:
A) қақпағы
B) сабағы
C) қалпақшасы
D) төмпешік қалтасы
E) қауашағы
16. Жасушалары бір - біріне тығыз жанасқан, жасушааралық заттары өте аз ұлпа:
A) Бұлшықет.
B) Жүрек.
C) Жүйке.
D) Эпителий.
E) Дәнекер.
17. Қанның қызметіне жатпайтыны:
A) оттегін тасылмалдау
B) заттарды артық қорға жинау
C) заттарды тасылмалдау
D) ағзаны қорғау
E) дене температурасын реттеу
18. Тыныш отырғанда адамның жұтатын ауа мөлшері:
A) 3000 см3
B) 500 см3
C) 3500 см3
D) 1500 см3
E) 2000 см3
19. Ұрықтың (баланың) дамуына әсер ететін дәрумені
A) В1.
B) Д.
C) В2.
D) В6.
E) В12.
20. Құлақ қалқаны -
A) тепе - теңдікті сақтайды.
B) дыбысты қабылдайды.
C) ауадағы дыбыс тербелістерін сыртқы дыбыс жолына бағыттайды.
D) дабыл жарғағын серпімді жарғақпен байланыстырады.
E) сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
21. Қарапайым көмірсулардың аталуы:
A) моносахарид
B) ди және полисахарид
C) дисахарид
D) полисахарид
E) трисахарид
22. Шартәрізді іші қуыс ұрық... деп аталады.
A) жұмыртқа жасуша
B) бластомер
C) бластула
D) зигота
E) гаструла
23. Сперматогенез нәтижесіндегі хромосомалар жиынтығы:
A) диплоидты
B) гаплоидты
C) триплоидты
D) полиплоидты
E) ди және триплоидты
24. Адамның іс - әрекетінің ағзаларға әсер ету факторы:
A) Абиотикалық (Бейбиотикалық).
B) Экологиялық.
C) Биотикалық.
D) Шектеуші.
E) Антропогендік.
25. Минералды заттар мен суды сору және тірек қызметін атқаратын тамырдың -
A) Бөліну аймағы.
B) Сору аймағы.
C) Оймақшасы.
D) Өсу аймағы.
E) Өткізу аймағы.
26. Ақ сұламаның асқорыту мүшесі:
A) Ауыз өңеш ішек.
B) Ауыз өңеш қарын.
C) Ауыз өңеш ұлтабар.
D) Ауыз жұтқыншақ тұйық ішек.
E) Ауыз жұтқыншақ қарын.
27. Былқылдақденелілердің сыртқы қаңқасы:
A) Шапанша.
B) Көпқылтанды жабын.
C) Бақалшақ.
D) Жабын.
E) Сирекқылтанды жабын.
28. Тең қанаттылар отрядына жататын бунақденелі:
A) Бит.
B) Біте.
C) Бүрге.
D) Инелік.
E) Көбелек.
29. Жылу реттеу орталығы:
A) алдыңғы мида
B) мишықта орналасқан
C) гипофизде
D) ортаңғы мида
E) аралық мида
30. Комбинативтік өзгергіштік дегеніміз:
A) хромосомалар санының өзгеруі
B) сыртқы орта жағдайына әсері
C) хромосома құрылысының өзгеруі
D) митоз барысында генетикалық материал көшірмесі
E) гаметалардың кездейсоқ қосылып, жаңа үйлесімдердің түзілуі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
2 338
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (46 - вариант)
Тест биология (46 - вариант)
Биология пәні бойынша тест жауаптарымен
Тест биология (44 - вариант)
Тест биология (44 - вариант)
Биология пәні бойынша тест тапсырмалары
Тест биология (38 - вариант)
Тест биология (38 - вариант)
Ерте егiлетiн мәдени өсiмдiктер (1 - 4 С°) – A) Қауын, қарбыз, асқабақ. B) Арпа, бидай, сұлы, шалқан, пияз, сәбiз. C) Күнбағыс, қызылша. D) Жүгерi, мақта. E) Қияр, қызанақ.
Тест биология (31 - вариант)
Тест биология (31 - вариант)
Гүлден дамиды: A) Тұқым пен тостағанша жапырақша B) Аналық пен тостаған жапырақша C) Аталық пен күлте жапырақша D) Жеміс пен тұқым E) Күлте жапырақша мен гүлсағақ
Тест биология (14 - вариант)
Тест биология (14 - вариант)
Терек тұқымының таралу жолы: A) Сумен. B) Өздігінен. C) Құстармен. D) Желмен. E) Бунақденелілермен.
Тест биология 15 пен 16 нұсқа
Тест биология 15 пен 16 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×