Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (29 - вариант)

26 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
29 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Жасуша шырынында болады:
A) Су, қант
B) Су, тұз
C) Тек қана қант
D) Су, қант, тұз
E) Тек қана су
2. Аталықтың құрылысы:
A) Жатын.
B) Аузы.
C) Түйіні.
D) Мойны.
E) Жіпше, тозаңқабы.
3. Лалагүл тұқымдас өсімдік:
A) Аспарагус.
B) Бидай.
C) Картоп.
D) Асбұршақ.
E) Күріш.
4. Балықтардың мекен ету ортасы:
A) Ауа.
B) Жер астында.
C) Орман.
D) Су.
E) Құрлық.
5. Асқорыту жүйесінің қызметі -
A) Қоректік заттар мен оттегіні жасушаларға тасымалдау.
B) Денедегі керексіз зиянды заттарды шығару.
C) Мүшелер жұмысын гуморальды реттеу.
D) Кенеулі қоректік заттарды күрделі түрінен жай, қанның құрамына өте алатын күйіне айналдыру.
E) Ағзаны сыртқы ортамен байланыстыру.
6. Қырықбуынның спорасының жетілетін орны -
A) Жапырағында.
B) Сабағында.
C) Жасыл өркенінде.
D) Тамырсабағында.
E) Споралы масақшаларында.
7. Бактерия талшығының маңызы:
A) Қозғалуға.
B) Қоректенуге.
C) Жарық пен қараңғыны сезуге.
D) Жан - жақты бағдарлауға.
E) Көбеюге.
8. Гидраның қармалауыштарының орналасқан жері:
A) ауыз қуысының айналасында.
B) табанында.
C) дене бүйірінде.
D) денесінің ортаңғы бөлігінде.
E) денесінің артқы бөлігінде.
9. Ағзадағы тіршілік құбылыстарын және мүшелердің қызметін зерттейтін ғылым:
A) Медицина.
B) Физиология.
C) Экология.
D) Тәнтану.
E) Гигиена.
10. Адамның қимыл - әрекетін реттеп дене тепе - теңдігін сақтайтын:
A) ортаңғы ми.
B) мишық
C) бас ми бағаны
D) аралық ми
E) алдыңғы ми
11. Тез жиырылатын бұлшық еттер:
A) Қуықтың.
B) Қаңқаның.
C) Жүректің.
D) Қан тамырларының.
E) Ішектің.
12. Түрді латын тілінде қос атпен атауды ғылымға ұсынған ғалым:
A) Ч. Дарвин.
B) Т. Шванн.
C) К. Линней.
D) К. Ф. Рулье.
E) Ж. Б. Ламарк.
13. Агроценоздарда қоректік тізбектің міндетті бөлігі -
A) Микроорганизмдер.
B) Жануарлар.
C) Саңырауқұлақтар.
D) Адам.
E) Жасыл өсімдіктер.
14. Биосфера туралы ілімнің негізін қалаған:
A) С. С. Четвериков.
B) Н. И. Вавилов.
C) А. Н. Северцев.
D) В. И. Вернадский.
E) И. И. Шмальгаузен.
15. Адам демалуға болатын ауадағы оттегі мөлшері:
A) 10 %
B) 21 %
C) 40 %
D) 50 %
E) 5 %
16. Ағзада бүйректің атқаратын қызметі:
A) Адреналин гармонын түзуге қатысады.
B) Инсулин гармонын түзуге қатысады.
C) Су мен улы қосылыстарды бөліп шығаруға қатысады.
D) Қанды оттегімен қанықтырыды.
E) Ақуызды ыдыратады.
17. Жыныс жасушасындағы хромосома саны:
A) 43
B) 23
C) 21
D) 22
E) 46
18. Жоғары дәрежелі нерв қызметінің негізін қалаушы ғалым:
A) Л. Пастер
B) И. И. Мечников
C) П. К. Анохин
D) И. М. Сеченов
E) И. П. Павлов
19. Жасуша орталығының негізін құраушы:
A) Гранулалар.
B) Лейкопластар.
C) Ядро қосындылары.
D) Өсінділер.
E) Центроильдар.
20. Дезоксирибонуклеин қышқылының түзілуі
A) Эндоплазмалық торда
B) Рибосомада
C) Ядрода
D) Жасуша ортасында
E) Цитоплазмада
21. Егер аналықта 12 хромосома болғанда мейоздық бөліну кезеңінен соң жасушадағы хромосома жиынтығы:
A) 4
B) 18
C) 6
D) 12
E) 24
22. Ағзадағы ата - анадан алынатын гендер жиынтығы:
A) генофонд
B) аллель
C) фенотип
D) филогенез
E) генотип
23. Мәдени өсімдіктердің орталықтарын ашқан:
A) С. С. Четвериков
B) Н. И. Вавилов
C) П. П. Лукьяненко
D) И. В. Мичурин
E) Н. В. Цинин
24. Ағзаның тіршілік ету қабілетін төмендететін фактор:
A) Шектеуші.
B) Экологиялық.
C) Антропогендік.
D) Абиотикалық.
E) Биотикалық.
25. Негізгі тамыры айқын байқалатын өсімдік -
A) Бақбақ.
B) Сарғалдақ.
C) Жүгері.
D) Жолжелкен (иманжапырақ).
E) Пияз.
26. Бидай тұқымы өне бастағанда қоректік заттардың эндоспермнен ұрыққа келуі:
A) Тұқымжарнақ арқылы.
B) Тұқым қабығы арқылы.
C) Сабақша арқылы.
D) Бүршікше арқылы.
E) Тамырша арқылы.
27. Балық, қос мекенді және сүт қоректілердің ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік ететін құрттар:
A) сүлік
B) нереида
C) трематодтар
D) шұбалшаң
E) ақ сұлама
28. Тағам ретінде пайдаланатын былқылдақденелілер (ұлулар):
A) Жалаңаш шырыш.
B) Айқұлақ.
C) Кіші тоспа ұлуы.
D) Үлкен тоспа ұлуы.
E) Каракатица.
29. Өрмекшітәрізділерге жататын тайга кенесі:
A) Құс.
B) Энцефалит.
C) Алма.
D) Ұн.
E) Қышыма.
30. 1мм3 қанда эритроцит саны:
A) екі жүз мыңнан үш жүз мыңға дейін
B) жүз мыңнан үш жүз мыңға дейін
C) бес мыңнан екі жүз мыңға дейін
D) бес млн - ға жақын
E) үш мыңнан төрт мыңға дейін

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
2 509
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (44 - вариант)
Тест биология (44 - вариант)
Биология пәні бойынша тест тапсырмалары
Тест биология (37 - вариант)
Тест биология (37 - вариант)
Ағаш қабығының қабаттары: A) Тоз, өзек B) өзек, тоз C) Тін, сүрек D) Камбий, сүрек E) Тоз, тін
Тест биология (18 - вариант)
Тест биология (18 - вариант)
Аналықтың бөліктері: A) Тозаңқабы. B) Жіпшесі. C) Күлтесі. D) Тозаңы. E) Аузы, мойны, түйіні.
Тест биология (17 - вариант)
Тест биология (17 - вариант)
Гүлсеріктің қызметі: A) Ұрықтану. B) Органикалық зат түзу. C) Қоректену. D) Көбею. E) Гүлдің ішкі бөлігін қорғау.
Тест биология 33 пен 34 нұсқа
Тест биология 33 пен 34 нұсқа
Биологиядан тест дұрыс жауаптарымен
Гүл және оның құрылысы
Гүл және оның құрылысы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектеп Жинақтап, құрастырған: 8 сынып оқушысы Жәлел Әсел
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×