Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (39 - вариант)

26 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
39 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Атақты селекционер, ғалым:
A) И. В. Мичурин.
B) И. П. Павлов.
C) С. П. Боткин.
D) И. М. Сеченов.
E) И. И. Мечников.
2. Жасушаның көбею қызметін атқарады:
A) Вакуоль.
B) Ядро.
C) Қабықша.
D) Цитоплазма.
E) Пластид.
3. Күнбағыс гүлшоғырының шетіндегі гүлдер:
A) Жеміс беретін бар гүлдер.
B) Жыныссыз гүлдер.
C) Жынысты гүлдер.
D) Аналықтары ғана бар гүлдер.
E) Аталықтары ғана бар гүлдер.
4. Астан уланған адамның ауру белгілері -
A) Қарынның сілекейі тітіркеніп, қабынады.
B) Бүкіл денесі қалшылдап, тынысы тарылады.
C) Басы айналып, көзі қарауытады, есінен танады.
D) Жүрегі айниды, құсады, іші ауырып, өтеді, әлсізденеді.
E) Тісі сарғайып, кіреукесі бұзылады.
5. Лептесік дегеніміз:
A) Жапырақ өңі.
B) Жасушааралық қуыс.
C) Хлоропласт.
D) Фотосинтездеуші ұлпа.
E) Жасушамен шектелген саңылау.
6. Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі:
A) Дендрит.
B) Нейрон.
C) Аксон.
D) Түйіндер.
E) Денесі.
7. Сапрофиттерге жататыны:
A) Шаңжапырақтар.
B) Саңырауқұлақтар.
C) Балдырлар.
D) Қыналар.
E) Плаундар.
8. Суық тиіп, қабыну ішкі құлаққа таралғанда -
A) Есту сүйектерінің қозғалғыштығы жойылады.
B) Дыбыс тербелістерін өткізу бұзылады.
C) Дабыл жарғағы зақымданады.
D) Керең болады.
E) Ұлулы дене зақымданады.
9. Тек өсімдіктер жасушасына ғана тән органоид.
A) Митохондрия.
B) Гольджи комплексі.
C) Рибосома.
D) Лизосома.
E) Пластидтер.
10. Монголоидты нәсілдердің ең негізгі белгілері:
A) Терісі қоңырқай сарғыш түсті.
B) Дөңгелек жүзді.
C) Шашы қара, бұйра.
D) Қыр мұрынды.
E) Сақалы мен мұрты жақсы жетілген.
11. Адамның қалыпты ұйқысының уақыты:
A) 8 сағат.
B) 12 сағат.
C) 9 сағат.
D) 7 сағат.
E) 10 сағат.
12. Жердің саналы қабығы -
A) Ноосфера.
B) Гидросфера.
C) Биосфера.
D) Литосфера.
E) Атмосфера.
13. Ішкі секреция бездерінің бөлетіні
A) Дәрумендер
B) Сілекей
C) Тер
D) Гормон
E) Фермент
14. Шаянның құрсақ бунағындағы қысқа аяқшалар саны -
A) Сегіз - сегізден.
B) Екі - екіден.
C) Үш - үштен.
D) Бір - бірден.
E) Төрт - төрттен.
15. Өзі мекен ететін иесін ауруға шалдықтырып, тіршілік етуі:
A) Паразиттік.
B) Жыртқыштық.
C) Бәсекелестік.
D) Арамтамақтық.
E) Селбесу.
16. Эктодермаға орналасқан жұлдызша тәрізді жасушалардан құралған ұлпа:
A) Асқорыту.
B) Жүйке.
C) Бұлшық ет.
D) Жабын.
E) Дәнекер.
17. Балықтардың судың бағытын, ағын күшін қабылдайтын мүшесі:
A) естуі
B) бүйір сызығы
C) торсылдағы
D) иіс сезуі
E) көруі
18. Ағзада жетіспегенде “мешел”ауруы пайда болатын дәрумен:
A) E
B) A
C) D
D) K
E) B
19. Кепкенде түсі ағарып кететін мүк:
A) Көкек мүгі.
B) Плаун.
C) Жасыл мүк.
D) Ламинария.
E) Шымтезек мүгі.
20. Көмірсулардың жасушада атқаратын қызметі.
A) Тұқымқуалау ақпаратын сақтап қалу.
B) Қорғаныш.
C) Энергетикалық.
D) Тасымалдау.
E) Катализаторлық.
21. Ата - тегі арқылы берілетін белгілерді зерттейтін генетикалық әдіс:
A) цитогенетикалық
B) егіздік
C) генеологиялық
D) биохимиялық
E) гибридологиялық
22. Қылқұрттың қауіптілігі:
A) Адамға ауру туғызады
B) Суда жұмыртқаламайды
C) Адамның бұлшықетін зақымдайды
D) Дернәсілі бунақденелілердің паразиті
E) Миды зақымдайды
23. Қаны бірінші топқа жататын адамға қай топтағы қанды құяды:
A) үшінші топтағы
B) кез - келген топтағы
C) екінші топтағы
D) тек төртінші топтағы
E) тек бірінші топтағы
24. Ағзаның жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгі кезеңі:
A) эмбриогенез
B) түрленіп даму
C) постэмбриогенез
D) филогенез
E) онтогенез
25. Тоспа ұлуы бақалшағының бұрала иірленуі -
A) 6 - 7 бұрама.
B) 2 - 3 бұрама.
C) 3 - 4 бұрама.
D) 4 - 5 бұрама.
E) 5 - 6 бұрама.
26. Қыста орамжапырақ (қырыққабат) көбелегі -
A) Ересек күйінде қыстап шығады.
B) Дернәсіл қалпында қыстап шығады.
C) Жұмыртқа қалпында қыстап шығады.
D) Қырылады.
E) Қуыршақ күйінде қыстап шығады.
27. Буынның бүгілу әрекетінің жүзеге асуы:
A) жазылдырғыш еттің кемуі
B) бүгілдіргіш еттің кемуі, жазылдырғыш еттің жиырылуы
C) бүгілдіргіш еттің жиырылуы жұмыс істеу дәрежесінің кемуі
D) жазылдырғыш еттің жиырылуы
E) бүгілдіргіш еттің жиырылуы
28. Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ шығу тегі басқа мүшелер:
A) Аналогиялық.
B) Атавизм.
C) Рудименттік.
D) Гомологиялық.
E) Регенерациялық.
29. Темекі түтінінде адам организміне өте қауіптісі -
A) Алкоголь.
B) Күл.
C) Инертті газ.
D) Көмір тотығы.
E) Органикалық қышқылдар.
30. Шыршалы орманның үшінші қабаты(сатысы)-
A) Қайыңдар.
B) Үйеңкі.
C) Мүктер.
D) Теректер.
E) Қарақат.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
3 582
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (50 - вариант)
Тест биология (50 - вариант)
Биологиядан тест жауаптарымен
Тест биология (42 - вариант)
Тест биология (42 - вариант)
Биология пәнінен тест тапсырмалары
Тест биология (20 - вариант)
Тест биология (20 - вариант)
Лептесік дегеніміз: A) Жасушааралық қуыс. B) Хлоропласт. C) Жасушамен шектелген саңылау. D) Жапырақ өңі. E) Фотосинтездеуші ұлпа.
Тест биология (7 вариант)
Тест биология (7 вариант)
1. Тірі табиғат: A) өсімдіктер, топырақ, тау жынысы, адамдар B) Адамдар, бактериялар, өсімдіктер, құм, балықтар C) өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, бактериялар, адамдар D) Жануарлар, саңырауқұлақтар, ауа, адамдар E) Жорғалаушылар, жануарлар,
Тест биология 19 бен 20 нұсқа
Тест биология 19 бен 20 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Тест биология 3 пен 4 нұсқа
Тест биология 3 пен 4 нұсқа
1. Жасуша дегеніміз: A) Ағзаның ең кіші бөлшегі. B) Органоид. C) Ұлпа. D) Жеміс. E) Жапырақ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×