Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (56 - вариант)

22 маусым 2018, Жұма
Категориясы: Биология
56 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Ақуызды ыдырататын фермент:
A) Өт.
B) Липаза.
C) Амилаза.
D) Инсулин.
E) Пепсин.
2. Жасуша қабықшасының қызметі:
A) Энергия түзу.
B) Көбею.
C) Түс беру.
D) Зат алмасу.
E) Органикалық зат түзу.
3. Қосмекенділердің миының ерекшелігі -
A) Алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген, мишығы жақсы дамыған.
B) Сопақша миы жақсы дамыған.
C) Ми қыртыстарының көлемі ұлғаяды, мишығы жақсы дамыған.
D) Алдыңғы ми сыңарлары айқын бөлінген, мишығы нашар дамыған.
E) Аралық ми жақсы дамыған.
4. Жүгері өсімдігінің гүлшоғыры:
A) Сыпыртқыгүл.
B) Собық пен шашақ.
C) Қалқаншагүл.
D) Шатыршагүл.
E) Шашақгүл.
5. Бағалы ауылшаруашылық өсімдіктері:
A) Итмұрын, раушангүл, қарақат
B) Қауын, беде, шомыр
C) Жүгері, бидай, қарабидай, күріш
D) Асбұршақ, бақбақ, сұлы
E) Орамжапырақ, қарбыз, жауқазын
6. Тіршілік үшін түраралық күрес дегеніміз -
A) Қайшылықпен өтетін күрес.
B) Бір түрдің арасындағы күрес.
C) Жеке түрлер арасындағы күрес.
D) Қоршаған ортамен күрес.
E) Жеке даралар арасындағы бәсекелестік.
7. Халықаралық Адам және биосфера бағдарламасына қатысушы мемлекеттер -
A) Микроқорықтар ұйымдастырады.
B) Табиғат ескертқіштерін ұйымдастырады.
C) Кәдімгі қорықтар ұйымдастырады.
D) Қорықшалар ұйымдастырады.
E) Биосфералық қорықтар ұйымдастырады.
8. Адам тыныс алуына қажетті газ:
A) азот (IV) оксиді
B) азот
C) көмірқышқыл газы
D) азот (II) оксиді
E) оттегі
9. Денсаулық сақтау шарттары және аурудың алдын алу шаралары туралы ғылым:
A) Гигиена.
B) Физиология.
C) Медицина.
D) Экология.
E) Тәнтану.
10. Сүтқоректілердің қысқы тыныштық күйге көшкен жасушаларының құрамында
A) Қоректік заттар қоры көп болады.
B) Тыныс алу жиілейді.
C) Су көп болады.
D) Көмірсулар қоры азаяды.
E) Зат алмасуының қарқыны артады.
11. Сырттай ұрықтану... тән.
A) сүтқоректілерге
B) құстарға
C) адамға
D) қос мекенділерге
E) бауырымен жорғалаушыларға
12. Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі:
A) Нейрон.
B) Түйін.
C) Жүйке.
D) Аксон.
E) Дендрит.
13. Ағзаның жаңа белгілерге ие болу қасиеті:
A) көбеюі
B) өзгергіштігі
C) тұқым қуалауы
D) тітіркенгіштігі
E) дамуы
14. Төменгі қысымды қан жүретін тамыр:
A) Көктамыр.
B) Қылтамыр.
C) Өкпе көктамыры.
D) Салатамыр.
E) Қолқа.
15. Тұқым қуалайтын белгіні ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші:
A) Хромосомалар.
B) Вакуоль.
C) Цитоплазма.
D) Митохондриялар.
E) Лизосомалар.
16. Гидраның су астындағы заттарға бекінуі:
A) Қармалауыштармен.
B) Сабақшасымен.
C) Эктодермамен.
D) Табанымен.
E) Аузымен.
17. Айқұлақ:
A) қосжынысты
B) дара жынысты
C) оралма бақалшақты
D) гермафродит
E) бақалшақсыз
18. Биосфера энергияны... алады.
A) күн сәулесінен
B) жануарлардан
C) тау жыныстарынан
D) микроорганизмдерден
E) өсімдіктерден
19. Аталық жасуша.
A) Зигота.
B) Қан.
C) Зәр.
D) Ұрық.
E) Сперматозоид.
20. Естімей қалушылық:
A) Сыртқы құлақ рецепторларының зақымдауынан.
B) Дабыл жарғағы рецепторларының зақымдауынан.
C) Ішкі құлақ рецепторларының және есту орталығының зақымдануынан.
D) Есту жүйкесінің рецепторларының зақымдауынан.
E) Ортаңғы құлақ рецепторларының зақымдауынан.
21. Органикалық заттардың жасушада түзілуі үшін қажет болатындар.
A) Энергия.
B) Өсу.
C) Қозғалу.
D) Қозу.
E) Бөліну.
22. Балаларда мешел ауруының дамуы мына витаминнің (дәруменнің) жетіспеуінен болады -
A) В1.
B) Д.
C) В12.
D) А.
E) С.
23. Ұрықтанғаннан соң түзілетін
A) Гаметалар.
B) Талшықсыз споралар.
C) Зигота.
D) Органоид.
E) Зооспоралар.
24. Бассүйектің бет сүйектеріне жатпайтыны:
A) жақ сүйектері
B) астыңғы жақ сүйек
C) жоғарғы жақ сүйек
D) мұрын сүйегі
E) маңдай сүйегі
25. Жемтамыры бар өсімдік:
A) Үнді фикусы.
B) Арамсояу.
C) Қызылша.
D) Батат.
E) Мангр ағашы.
26. Тең қанаттылар отрядына жататын бунақденелі:
A) Бит.
B) Инелік.
C) Бүрге.
D) Біте.
E) Көбелек.
27. Биогеоценоздың ауысуына байланыссыз жүретін өзгерістер:
A) Ағзалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бейімделуі.
B) Табиғаттағы түрлі апаттар.
C) Биогеоценоздағы организмдердің тіршілік ортасына байланысты өзгеруі.
D) Адамның түрлі шаруашылық әрекеттері.
E) Климаттың өзгеруі.
28. Жеміс түзіледі:
A) Аталық жіпшесінде
B) Аналық аузында
C) Аналық жатынында
D) Спермияда
E) Аналық мойында
29. Жауынқұрттың қан айналым жүйесі:
A) Ашық жүйе.
B) Бір қантамыр мен жүрекше.
C) Қылтамырлар.
D) Арқа құрсақ қантамырлары мен «жүрекше».
E) Көктамырлар.
30. Қалпақшалы саңырауқұлақтың жер бетіндегі жемісті денесін үзіп алған соң топырақта қалатыны
A) Тамыршасы.
B) Жіпшумағы.
C) Спорасы.
D) Жер үсті денесінің бір бөлшегі.
E) Ешнәрсе қалмайды.


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
2 590
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (50 - вариант)
Тест биология (50 - вариант)
Биологиядан тест жауаптарымен
Тест биология (40 - вариант)
Тест биология (40 - вариант)
Тірі табиғатқа жатады: A) Тау жыныстары. B) Ауа. C) Су. D) Өсімдік. E) Жер.
Тест биология (32 - вариант)
Тест биология (32 - вариант)
Сабақ қалемшесінен көбейетін өсімдік: A) Итмұрын. B) Пеларгония. C) Бидайық. D) Қойбүлдірген. E) Ақжелкен.
Тест биология (30 - вариант)
Тест биология (30 - вариант)
Тірі табиғатқа жатады: A) Ауа. B) Өсімдік. C) Жер. D) Тау жыныстары. E) Су.
Тест биология (28 - вариант)
Тест биология (28 - вариант)
Мәдени өсімдіктер: A) Теңгежапырақ, самырсын, жоңышқа B) Беде, қара алқа, қойбүлдірген C) Адамның қолымен өсірілетін өсімдіктер D) Қоңыр балдырлар, қыналар, шаңжапырақтәрізділер E) өздігінен өсіп - өнетін өсімдіктер
Тест биология (7 вариант)
Тест биология (7 вариант)
1. Тірі табиғат: A) өсімдіктер, топырақ, тау жынысы, адамдар B) Адамдар, бактериялар, өсімдіктер, құм, балықтар C) өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, бактериялар, адамдар D) Жануарлар, саңырауқұлақтар, ауа, адамдар E) Жорғалаушылар, жануарлар,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×