Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отыз ойын №2 Абдрахман Асылбек

10 сәуір 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Арқан тарту
Аумағы үш - төрт метрлік шеңбер сызылады да, сызықтың екі басына бір - біріне арқасын беріп ек бала шығады. Оларды белдерінен байлаған арқан жалғастырып тұрады. Ойыншылар еңкейе тізелерін бүгіп, бастаушының бұйрығына дайын тұрады.
Белгі берілген кезде әрқайсысы қарсыласын сүйреп, шеңбердің сыртына шығаруға құлшынады. Қарсыласын шеңберден шығарғаны жеңеді. Белгі берілмей тұрып сүйретуге, қолды жерге тіреуге болмайды. Бұл шартты бұзған ойыншы жеңілген болып есептелінеді.
Ойын балалардың айла - амалын арттырып, күш - қуатын жетілдіре түсуге бағытталған.

Теке - тірес
Жерге не еденге аумағы екі - үш метрлік шеңбер сызылады. Ойынға қатысушылар сол шеңбердің ішінде екі - екіден күш сынасады. Олар қолдарын артына ұстап, иықпен, кеудемен тіресіп, қарсыласын шеңберден шығарып жіберуге тырысады. Қайсысы шеңбердің шетін басып кетсе немесе шеңбердің сыртына шығып қалса, сол ұтылады. Ал, жеңімпаз келесі ойыншымен айқасады. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын балалардың айла - амалын арттырып, күш - қуатын жетілдіре түсуге бағытталған.

Қарсақ
Ойынға он шақты бала қатысады. Ашықтау жерге топтасып, өз араларынан бір баланы қарсақ етіп белгілейді. Қарсақ тұрған жерінде қозғалмай қала береді де, басқалары одан әрірек кетіп қалады. Содан кейін ойынға қатысушылар қарсақты алыстан қоршап, бірте - бірте жақында түседі. Таяп келіп:
Мына тұрған кім? – деп, шошынғандай, бірін - бірі сұрасады. Біреуі:
Ойбай, бұл қарсақ қой! – деп, тұра қашады.
Қалғандары да:
Қарсақ біреуін ұстап қалу үшін тұра қуады. Кімді ұстаса, енді сол қарсақ болады да, ойын солай жалғаса береді.
Ойын баланы тапқырлыққа, батылдыққа, жылдамдыққа баулиды.

Ақ серек, көк серек
Ойын ашық алаңда өтеді. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, бір - бірлерінен он - он бес метрдей қашықтықта қол ұстасып, қаз - қатар тізіліп тұрады. Ойынды бастаушы топ:
Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек? – дейді.
Екінші топтық балалары өздері қалаған бір баланың атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп өтуге тырысады.
Егер үзіп кетсе, бір баланы жетектеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалып қояды.
Одан кейін ойынды екінші топ бастайды. Осылайша ойын кезекпен жалғаса береді. Қай топ өз ойыншыларынан көп ажырап қалса, сол жеңілген болып танылады.
Ойын баланы батылдыққа, жылдамдыққа баулиды.

Абдрахман Асылбектің "Балғын балалық" кітабынан алынды.

Толық нұсқасын қарау
4 247
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шеңбер мен дөңгелектің қасиеттері
Шеңбер мен дөңгелектің қасиеттері
Егер шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусынан кіші болса, онда түзу мен шеңбердің ортақ екі нүктесі бар болады.
Дидактикалық ойындар жинағы
Дидактикалық ойындар жинағы
Дидактикалық ойындар жинағы «Әуе таяқ» Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта 5 - тен 10 – ға дейін ойыншы. Болады. Екі топқа екі таяқша (жұмсақ) беріледі, жерге түзу сызық сызылады. Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып, екінші
Отыз ойын №4 Абдрахман Асылбек
Отыз ойын №4 Абдрахман Асылбек
Ашық алаңқайда ұзындығы жиырма-отыз метрдей сызық сызылады да, оның екі басында екі топ ойынға қатысушылар тұрады. Алдымен бір жағында топтан бір ойыншы шығады де, допты аяғымен домалата сызық бойымен жүгіреді.
Отыз ойын №3 Абдрахман Асылбек
Отыз ойын №3 Абдрахман Асылбек
Оң қолының бес саусағын бір жерге түйістіресің де, сол қолыңмен оны бүркемелеп, саусақтарыңның басын ғана көрсетіп, қапсыра ұстайсың да, досыңа: Ортан қолымды тапшы, - дейсің.
Дене шынықтыру пәнінен сабақ топтамасы
Дене шынықтыру пәнінен сабақ топтамасы
Қызылорда қаласы, №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі: Ережепова Эльмира
Бинго ойыны (сайыс)
Бинго ойыны (сайыс)
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, № 17 кәсіптік лицей Математика, информатика және арнаулы пән мұғалімі Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×