Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білгір географ сайысы (8 – 9 сыныптар)

19 маусым 2014, Бейсенбі
Категориясы: География
Мақсаты: Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығы мен белсенділігін, білімділігін арттырып, жылдам ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, шешендікке, танымдылыққа баулу, жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әлемнің саяси картасы, жарты шарлардың физикалық картасы, Қазақстанның физикалық және саяси - әкімшілік карталары, компьютер, интерактивті тақта.

Сайыстың жоспары:
І. Жұмбақтар.
ІІ. Литосфера.
ІІІ. Гидросфера.
ІV. Атмосфера.
V. Биосфера.
VI. Ең, ең...
VII. Материктер мен мұхиттар.
VIII. Қазақстан географиясы.
IX. Әлем ғажайыптары.

Сайыстың жүру барысында 8 - 9сынып оқушылары 2 топқа бөлінді.
І. Жұмбақтар (15 ұпай).
1 – топқа:
1. Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.
(Бұлт)
2. Күні - түні жүйткиді,
Кең далада бір тарлан.
(Жел)
3. Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
(Күн күркіреуі)

2 – топқа:
1. Аузы көпіріп құтырды,
Кез келгенді ұшырды.
(Құйын)
2. Аумаған қар, жаумаған қар,
Таңертең бар, сәскеде жоқ.
(Қырау)
3. Мөлдір моншақ
Өзі жұмсақ.
(Шық)

ІІ. Литосфера (10 ұпай).
1 – топқа:
1. Темір мен никельден тұратын, жердің ең орталық өзегі.
(Ядро)
2. Жер бетіндегі таулардың орташа қалыңдығы.
(70 - 80км)
2 – топқа:
1. Қазақстанның ең биік тау жүйесі (Тянь - Шань)
2. Жер сілкінісі жиі болатын аймақты қалай атайды? (Сейсмикалық аймақ)
ІІІ. Гидросфера (10 ұпай).
1 – топқа:
1. Жер асты жер сілкінуінен, жанартаудың атқылауынан пайда болатын толқын. (Цунами)
2. Дүние жүзінің «түсті» теңіздерін ата. (Ақ, Қара, Қызыл, Сары)
2 – топқа:
1. Ең биік сарқырама. (Анхель, 1054м)
2. Дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс. (Гольфстрим)

IV. Атмосфера (10 ұпай).
1 – топқа:
1. Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын не дейміз? (Жел)
2. Әрбір 1000 м сайын температура қанша градусқа төмендейді? (6ºС)
2 – топқа:
1. Екі жарты шардың қоңыржай белдеулері бойымен соғатын желдер қалай аталады? (Батыс желдері)
2. Барометр, флюгер. (Ауа қысымын өлшеу, желдің бағытын анықтау)

V. Биосфера (10 ұпай).
1 – топқа:
1. Аустралияның эндемик өсімдіктері? (Эквалипт, казуарина)
2. Канаданың туында не бейнеленген? (Үйеңкі жапырағы)
2 – топқа:
1. Мұхит гиганты, сүтқоректі. (Көк кит)
2. Ең кішкентай құс. (Колибри)

VI. Ең, ең... (10 ұпай).
1 - топқа:
1. Ең кіші мұхит. (Солтүстік Мұзды мұхит)
2. Ең үлкен арал. (Гренландия аралы)
2 - топқа: 1. Ең тұзды теңіз. (Қызыл теңіз)
2. Ең терең шұңғыма. (Мариан, 11022м)

VII. Материктер мен мұхиттар (10 ұпай).
1 - топқа:
1. Қай құрлықта өзен жоқ. (Антарктида)
2. Ең тұзды мұхит. (Атлант)
2 - топқа:
1. Арабия түбегіне таяу жатқан шығанақ. (Парсы)
2. Аңызда, құдай бүкіл пайдалы қазбаларды осы тауда көміп тастады деп айтылған. Мысты таулар. (Анды)

VIII. Қазақстан географиясы (40 ұпай).
1 - топқа:
1. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы. (1991ж.)
2. ҚР - ның жер көлемі. (2, 7 млн шаршы км)
3. Қазақстандағы ең биік нүкте. (Хан Тәңірі, 6995м)
4. Қазақстанның ең көп шекарасы қай елмен шектеседі? (Ресеймен)
5. Республикадағы ең ұзын өзен. (Ертіс өзені)
6. Қазақстандағы ең төмен нүкте. (Қарақия ойысы)
7. Еліміз нешінші сағаттық белдеулерде орналасқан? (4 - ші, 5 - ші)
8. Қазақтың тұңғыш географ - ғалымы. (Ш. Ш. Уәлиханов)
2 - топқа:
1. Қ Р - сы жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында? (9 орын)
2. Республикадағы ерекше көл. (Балқаш)
3. Ең көне қала. (Тараз)
4. Республикадағы ең үлкен көл. (Каспий теңізі)
5. Қазақстан қандай климаттық белдеуде жатыр? (Қоңыржай)
6. Қанша геологиялық эра бар? (5 эра)
7. Мал шаруашылығының басты саласы. (Қой)
8. Қазақстаннан шыққан тұңғыш геолог – ғалым. (Қ. И. Сәтбаев)

IX. Әлем ғажайыптары (әрқайсысы 20 ұпайдан).
Интерактивті тақтада берілген нысандардың аттарын тауып, оларға толық сипаттама беру.
1. Эйфель мұнарасы.
2. Египет пирамидалары.
3. Александриялық шамшырақ.
4. Бостандық мүсіні.
5. Бурдж Дубай.

Х. Қорытынды.
Сайыс соңында әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Білгір географ» жеңімпазы анықталды.
10 139
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы саяхатшылар
Ұлы саяхатшылар
Материктер мен мұхиттар географиясы – мектеп географиясының ең қызықты, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға мүмкіншілігі жоғары буыны.
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру. Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып, бағалау критерилерін пысықтау.
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық
Интеллектуалды сайыс
Интеллектуалды сайыс
ШҚО, Үржар ауданы, Жанай ауылы, "Жанай орта мектеп» КММ география - биология пәндері мұғалімі Агимбекова Базаргүл Алтынбекқызы
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебі география пәнінің мұғалімі Әлмұратова Г. Қ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×