Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Африка өзендері мен көлдері

11 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: География
Орал қаласы, № 34 мектеп – гимназиясының
география пәнінің мұғалімі Оразгүл Нағымғалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Африка өзендері мен көлдері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік:
Оқушыларға жер шарындағы ең құрғақ материк туралы түсінік бере отырып, ішкі сулары туралы толық мағлұмат беру.
ә) Тәрбиелік:
Оқушыларды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, жер бетіндегі су көздерін қорғауға, тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
б) Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, картамен жұмыс жасау шеберліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта.
Сабақтың пән аралық байланысы: география, экология

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Дәптермен жұмыс
V. Картамен жұмыс
VI. Бекіту
VII. Қорытынды.

I. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасып
2. Сыныпты түгендеу
3. Оқушыларды сабаққа дайындау

II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Ауызша әңгімелеу.
2. Топтастыру стратегиясы
Шеткі нүктелерін тап:

Мына ғалымдар қай жылдары материкті зерттеген сәйкестендір:
сурет 1840 - 1870
сурет 1876 - 1896
сурет 1497 - 1498

«Сұрақ менен – жауап сізден»
1. Африка материгінің аудандары мен қоса есептегендегі ауданы?
2. Материктің биік нүктесін атаңыз?
3. Материктің ірі аралы және астанасы?
4. Африканың шығысындағы ірі арал?
5. Субтропиктік ылғалды климат дегеніміз?

III. Жаңа сабақ
Африкадағы өзендер жүйесінің неғұрлым жиі таралған жері – экватор маңы мен материктің оңтүстік - шығыс бөлігі. Шөлді аймақтарда өзендер өте аз. Керсінше кеуіп қалған арналар – уәдтер көп кездеседі.

Конго – Африканың ең мол сулы өзені, су жинау алабы мен суының молдылығы жағынан дүниежүзінде Амазонкадан кейінгі екінші орын алады. Жоғарғы ағысы (Кисангани қаласынан жоғары) Луалаба деп аталады. Экватор сызығын екі рет кесіп өтетін жалғыз ірі өзен. Салалары: Ридольфа Танганьика
Су алабының ауданы — 4 014 500[1] км². Конго ұзындығы — Чамбези бастауынан бастап 4700 км, Луалаба бастауынан бастап 4374 км құрайды. Луалаба Конго Демократиялық Республикасының оңтүстік шығысынан бастау алады.

Нигер (Nіger) – Батыс Африкадағы өзен; алабы мен ұзындығы жөнінен Конго мен Нілден кейін үшінші орында. Гвинея, Мали, Нигер, Нигерия мемлекеттерінің аумағы арқылы ағып өтеді. Ұзындағы 4160 км, алабының аумағы 2, 1 млн. км². Жылдық орташа су ағымы 12000 м3/с. Солтүстік Гвинея қыратынан басталып, Атлант мұхитындағы Гвинея шығанағына атырау жасап құяды. Басты салалары: Бани (оң), Сокото, Кадуна және Бенуэ (сол). Жоғары және төменгі ағысы тұсында жауын - шашын мол, орта ағысы климаты құрғақ аймақта. Өзенде Каинджи СЭС - і мен бөген салынған. Жеке бөліктерінде кеме жүзеді. Балық ауланады. Сахарамен іргелес өңірде кең көлемде жер суаруға пайдаланылады.
Замбези - Оңтүстік Африкадағы өзен. Ұзындығы 2660 км, су жиналатын алабы 1330 мың км². Бастауын Конго - Замбези үстіртінен, 1100 м биіктіктен алады. Үнді мұхитының Мозамбик бұғазынақұяды. Бастауынан Виктория сарқырамасына дейін 1200 км бойы Баротсе жазығын бойлап ағады. Луангинга саласының құйылысынан төмен қарай көптеген сарқырамалар мен шоңғалдар кездеседі.
Ең ірісі – дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі Виктория. Төменгі ағысында аңғары мен арнасы барынша кеңейеді (арнаның ені 5 – 8 км - ге дейін). Шире өзеніне қосылғаннан кейін Мозамбик ойпатын басып ағады да, құйылысында аумағы 8, 0 мың км² болатын атырау түзеді.
Негізінен, жаңбыр суымен молығады. Жазда тасиды. Қыс айларында су деңгейі күрт төмендейді. Жылдық орташа су ағыны 16000 м3/с. Ең ірі салалары Кафуэ мен Луангва. Замбези алабына Ньяса көлі де кіреді.

IV. Дәптермен жұмыс
Өзендері: Ніл, Конго, Замбези, Нигерия.
Көлдері: Тана, Чад, Танганьика

V. Картамен жұмыс
Аталған су жүйелерін картадан көрсету.
VI. Бекіту
Атауы -------Көл --------Өзен ----------Шөл -----------Түбек
Сахара
Замбези
Чад
Намиб
Сомали
Ніл
Калахари

Сөзжұмбақты шешу.
Қорытынды.
Венн диаграммасы.

Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан - жануар табынып бір өзіңе,
Сенен асып тұрғандай бар тынысын

Үйге тапсырма: §48 (180 - 183 беттер), кескін картаға африка ішкі суларын түсіру.
Бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
3 406
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспарлары, Африка материгінің өзендері мен көлдері
Күнделікті сабақ жоспарлары, Африка материгінің өзендері мен көлдері
Африкадағы өзендер жүйесінің неғұрлым жиі таралған жері – экватор маңы мен материктің оңтүстік - шығыс бөлігі. Шөлді аймақтарда өзендер өте аз. Керісінше кеуіп қалған арналар – уәдтер көп кездеседі.
Еуразияның ішкі сулары
Еуразияның ішкі сулары
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің География пәні мұғалімі Тілеп Жаңылсын
Қазақстан көлдері. Ірі көлдер
Қазақстан көлдері. Ірі көлдер
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
Еуразияның ішкі сулары
Еуразияның ішкі сулары
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Африка материгін қайталау
Африка материгін қайталау
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің география пәні мұғалімі Алашбаева Баян Әліпбекқызы
Африка материгінің ішкі сулары
Африка материгінің ішкі сулары
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі География пәнінің мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×