Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы

06 маусым 2022, Дүйсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы (презентциясымен)

Мақсаты: Оқушыларды географиялық жағдайларға баға бере білуіне үйрету.
Экономикалық географиялық жағдаймен шаруашылықтың байланысын түсіндіре білу.
Экономикалық серіктестерге Қазақстанға әсерінің қаншалықты екенін ажырата білу.

Дамытушылық мақсаты: Экономикалық географиялық нысандарға қатысты негізгі жағдайларды жете түсіндіріп ойлау қабілетін арттыру. Көлік
жолдарының маңыздылығы мен қолайлы жағдайы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақты еске түсіру.
1. Қаз. Респ. БҰҰ – на қай жылы қабылданды?
2. Қа. Респ. Қай материкте орналасқан?
3. Астана Ақмолаға қай жылы көшірілді?
4. Унитарлық мемлекет – дегенді қалай түсінесіз?
5. Делимитация дегеніміз не?

Жаңа сабақ: Экономикалық – географиялық жағдай – ол кәсіпорындардың елді мекендердің, аймақ – ң, елдің сыртқы экономикалық географиялық нысандарға қатысты алғандағы жағдай.
ЭГЖ – аумақты шаруашылық және әлеуметтік географиядағы негізгі түсінік. Оны зерттеуге кеңес географтары Н. Н. Баранский мен Н. М. Майоргойз көп үлес қосты.
ЭГЖ. Аумақты шаруашылық мақсатты игеруге қалалар мен жолдар салуға байланысты өзгеріп отырады. Көп жағдайда оның өзі қоғам арқылы жасалады.
- Бұл ұғым өте күрделі, өйткені ол физикалық – географиялық жағдайдың сипаттарын да қамтиды Мысалы (тауларға, өзендерге, теңіздерге климаттық белдеулерге қатысты орналасуы.)
Э. Г. Ж. қолайлы (пайдалы) немесе қолайсыз (пайдасыз) болуы мүмкін.
Э. Г. Ж.

Орталықта орналасу көбінесе қолайлы, ал шеткі жағдай қолайсыздау болып келеді.
Байланыс жолдарынан қашықта, «түкпірде орналасқан аудандардың жағдайы қолайсыз болып табылады. Оларды «Аюдың үңгірі» деп те атайды.
ЭГЖ ең алдымен көліктік жағдаймен, яғни шаруашылық байланыстарының көлік мүмкіндіктерімен анықталады. Әлемдік байланыс жолдары мен транзит мүмкіндігінің маңызы зор.
- Нарықтық жағдай негізі сауда серіктес жеріне қатысты жағдайды.
- Көршілік шекаралас елдерге қатысты жағдайды айқындайды.
Көршілік жағдайға баға бергенде көршілердің даму деңгейін, табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуін, шығарылатын өнім құрамын еске алады.

Біздің еліміз Еуразияның ортасында әлемдік сауда жолдарынан оқшау.
Әлемдік экономиканың негізі орталықтары – АҚШ - тан, Жапониядан, аздап Еуропадан да қашықта орналасқан.

Темір жолдар асуы оңт. Шығыс шекараны кесіп өте алмайды. Бұл Үндістан мен Пәкістан сияқты ірі елдермен сауда жасауды қиындатады.
Орталық Азиядағы көршілермен шаруашылық байланысқа олардың даму дәрежесінің төмендігі кедергі жасайды.

- Негізгі қолайсыз жағдай – ашық теңізге шығу мүмкіндігінің болмауы (құрлық ішілік жағдайы)
Қазақстанның ЭГЖ – ның қолайсыздау жақтары осындай.
Дегенмен оның қолайлы тұстары да бар.
1. Еуропаны Шығыс және Оңтүстік шығыс Азиямен қосатын транзиттік жағдай. (Жолаушы және тауар).
2. Қаақстанның негізгі экономикалық серіктестері Ресей мен Қытайдың көрші орналасуы. Қаз - да шығарылатын өнімнің ¼ сатып алады.
Әзірге ЭГЖ – дың тиімсіз жақтары басым.
Қазақстан – транзиттік мүмкіндіктерді кеңейте отырып қолайлы ЭГЖ жасайды.
Қ. Р. тәуелсіздік алған жылдар ішінде дүниежүзілік мемлекеттер қоғамдастығының толық құқылы мүшесіне айналады.
Елді тиімді басқару жүйесін құрып, шекара мәселелерін шеше алды. Өзінің ЭГЖ - ын жақсартуға кірісті.

Сабақты қорытындылау:
1. ЭГЖ қолайсыз жақтары – шеткі жағдай, байланыс жолдарынан қашықта орналасуы (түкпірде) шаруашылық байланыстарының көліктік мүмкіндігі. Әлемдік сауда жолдарынан оқшау орналасуы.
Қолайсыз жағдайдың ең негізгісі – құрлық ішілік жағдайы (ашық теңізге шығу мүмкіндігінің болмауы.
2. Қолайлы жақтары: транзиттік жағдай, Ресей мен Қытайдың көрші орналасуы, Каспий теңізіне шығу жолы.
Үйге тапсырма:
Кескін картаға Республикамыздың Сол. Оңт. Бат. Шығ. Орт. Облыстарының аумақтарын түсіріп белгілеу.

Нұртас Оңдасынов атындағы
Түркістан аймақтық “Дарын” мектеп – интернатының
география пәні мұғалімі Сержанов Фархад

Презентациясын жүктеу
139 188
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның өткен, қазіргі кездегі экономикасы және болашақ әлеуеті туралы түсінік беру, шаруашылығының кезеңдеріне сипаттама жасауға бағыттау. Негізгі ұғымдарды енгізіп, оларға анықтама беру.
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×