Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Канада. Орталық Америка елдері

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: География
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Канаданың географиялық орнының ерекшеліктері және
пайдалы қазбаларының орналасуындағы ерекшеліктерді көрсету.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын ояту, өзіне деген сенімділікті, жұмыста өз бетінше орындауға, ұқыптылыққа, батылдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: дүниежүзінің саяси картасы, кескін карталар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, жаңа сабаққа назар аударту.
2. Үйге тапсырманы қайталау

«Канада» сөзжұмбағының сұрақтары:
1. АҚШ – тың неше жылдық тарихы бар? (екі жүз мың)
2. АҚШ - тың байырғы халқы (эскимостар)
3. Астанасы (Вашингтон)
4. АҚШ жерінің көпшілік жерін қандай жерлер алып жатыр? (Жазық)
5. Лос-Анджелес қаласында кино өндірісінің орталығы (Голливуд)
6. АҚШ – та аң аулайтын аң терісі кәсіпшілігімен және орман шаруашылығымен белгілі штаты (Аляска)

3. Жаңа сабақ
Канаданың туы, жануарлары, өсімдіктері туралы слайдтар көрсетіледі. Қазақстан мен Канада арасындағы экономикалық байланысы туралы видео көрсетіледі.

Картамен жұмыс. Астаналарын табу
Мексика -
Никарагуа -
Коста-Рика -
Панама -
Сальвадор -

Кескін картадағы сандар тұрған жерлерді тауып аттарын жазады
4. Семантикалық карта
Нысандардың атауы ------ Тау ----- Бұғы ------ Ұлттық парк ----- Астанасы ----- Байырғы халқы
Макензи +
Джаспер +
Эскимос+
Оттава +
Карибу +

5. «Ойлы болсаң озып көр»
ГАСКАНАДАВСЕАЛГОНКИННВДКАЙОТДМЫГЛЕЙШЕРЯБЕЗҮЙЕҢКІЗИМВГППРЕРИЙ осы сөздерден жаңа сабаққа байланысты сөздерді табады

6. Географиялық пошта
1. Сұрақтары: Орталық Америка елдеріне қай мемлекеттер жатады?(Мексика, Коста-Рика, Панама, Никарагуа, Сальвадор Гватемала)
2. Канада атауы қай тілден аударғанда қандай мағына береді? (Елдің аты үндістер тілінде «қоныс» «қауымдастық» дегенді білдіреді)
3. Канада жерінің ауданы (9 млн 970 мың км)
4. Канада да қандай зауыттар, өнеркәсіптер жақсы дамыған? (ірі мұхит кемелері, жеңіл машиналар, ауыл шаруашылық машиналары жасалынады. Ағаш өңдеу, қағаз жасау өнеркәсіптері жақсы дамыған)
5. Бұл елде неше ұлттық парк бар? (31)
6. Канаданың туында қандай өсімдік бейнеленген? (үйеңкі)

Географиялық диктант
1. Орталық Америка елдерінде материктік бөліктегі ең ірі елі -...., ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел.... болып табылады.
2...... халықтың тұрмыс жағдайы жағынан өте жоғары елдердің қатарына жатады.
3. Канада - дүние жүзінде жерінің ауданы жөнінен.... кейін екінші орында
4. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда... бен... тіршілік етеді.
5. Көлдердің саны жөнінен Канада дүние жүзінде... орын алады.
8. Сабақты қорыту кестені толтыру
Білдім -----------Білгім келеді

9. Оқушыларды бағалау
10. Үйге тапсырма беру
13 160
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.
Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.
Солтүстік Американы мекендеген үндістер арасында саны жағынан басым болған Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкиндер (ормандық тайпалар) аңшылықпен және балық аулаумен, қолөнермен шұғылданған. «Вигвам» деп аталатын лашықтары мен жеңіл қайықтары
Аласа таулар
Аласа таулар
Оқушыларды аласа таулармен таныстыру Оқушылармен техникалық нұсқау картасы және плакат бойынша жұмыс жасап, білім сапасын көтеру. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру,
АҚШ - тың экономикалық аудандары
АҚШ - тың экономикалық аудандары
Тарихи - мәдени ерекшеліктері мен әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіне қарай, АҚШ аумағында 4 экономикалық аудан қалыптасқан
Америка Құрама Штаттары
Америка Құрама Штаттары
Бейнеу гимназиясының география пәнінің мұғалімі Иниргалиева Нургул Нуровна
Канада
Канада
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұрымбаева Ақмарал Сейілбекқызы
Канада. Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы
Канада. Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы
Қазалы қаласы, Қ.Нұрмаханов атындағы № 95 орта мектеп География пәні мұғалімі Кеулімжай Әлия Талғатбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×