Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Егемендік – ежелден ел тілегі

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: География
Мұғалім сөзі:
- Қазақстанның өткен тарихы - ата - бабаларымыздың еркіндік пен болашақ бақыты үшін соның жолындағы ұзақ та ауыр күрестің тарихы. Тәуелсіздік бұл оңай келген жоқ. Бұл - ұзақ жылғы азапты, отты жылдардың жемісі еді. Елбасы Н. Назарбаевтың «Бостандық пен Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтан ұрпаққа қалдыру қажет»- деген сөзін әрқашан есімізден шығармауымыз қажет. Егеменді еліміздің ертеңі - сіз бен біздерміз. Кешегі өткен от ауызды шешен, билеріміздің, етігімен су кешкен ерлеріміздің айбынды күштерімен сақтап қалған, бүгін тәуелсіз атанған Қазақстанды, жаңа ғасырдағы атамекенімізді мәңгі қастерлеу, өз Отанымыздың лайықты азаматы болу - бәріміздің қасиетті борышымыз.
Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті.
Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең,
Қазақ болу – зор бақыт дер күн жетті - деп, ақын жырлағандай
«Егемендік – ежелден ел тілегі» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз!
І топ – «Тәуелсіздік»
Таныған соң оң менен солымызды,
«Тәуелсіздік» деп айдарлап тобымызды.
Білім шыңдап, бақ сынау мақсатымыз,
Жеңіспенен шықса дейміз жақсы атымыз – деп отырған
«Тәуелсіздік» тобының мүшелерін шақырамыз.
ІІ топ – «Егемен»
Сайыста біз танытпаймыз өр қылық,
«Тәуекел» - деп сайысамыз бел буып,
«Егеменбіз» күллі әлемге танылған.
Байтақ елміз күн нұрына шомылған, - деп отырған
«Егемен» тобының мүшелерін шақырамыз.

Ойын 6 кезеңнен тұрады:
І кезең «Тәуелсіз елдің - ұланы»
ІІ кезең «Қазақстан - Ғажапстан»
ІІІ кезең «Рәміздерім - мақтанышым»
ІV кезең «Теңге - Қазақстанның ұлттық валютасы»
V кезең «Арман қала - Астана»
VІ кезең «Халқы өскен ел - құдіретті»

І кезең «Тәуелсіз елдің ұланы» (Топ басшылары бақ сынайды)
Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Меридиан сызықтары глобус бетін шарлайды,
Керек болса ол бүгін білім төріне самғайды.
Бүгінгі өткізілген ойынында
Қиын сұрақ топ басшысын тайсалдыра алмайды.

«Тәуелсіздік» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстан жерінің аумағы?/ 2, 7 млн км2/
2. Қазақстанның батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы?/3000км/
3. Қазақстанмен ең ұзақ шекаралас ел?/Ресей/
4. Қазақстан қай жылы ТМД - ға мүше болды?/1991 ж 21 желтоқсан/
5. Қазақстанда неше облыс бар?/ 14/

«Егемен» тобына
1. Қазақстан жерінің аумағы бойынша дүние жүзінде нешінші орын алады?/9/
2. Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы?/1600км/
3. Қазақстанмен ең қысқа шекаралас ел?/Түркіменстан/
4. Қазақстан қай жылы БҰҰ - на мүше болды?/ 1992ж 2 наурыз/
5. Қазақстанда неше аудан бар?/ 160/

ІІ кезең «Қазақстан - Ғажапстан»
1991 жылдың 10 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес бұрынғы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын «Қазақстан Республикасы» деп атау туралы шешім қабылдады.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Тек осы кезден бастап қана Қазақстан әлемдік аренаға халықаралық құқықтың толыққанды субьектісі ретінде шықты. 1991 жылдың соңына дейін 2 апта ішінде Қазақстан тәуелсіздігін 18 мемлекет танып үлгерді, олардың ішінде Түркия, АҚШ, Қытай, Германия т. б мемлекеттер бар. Сөйтіп, әлемнің саяси картасында «Қазақстан» атауы пайда болды.
«Тәуелсіздік» тобына
Қазақстан атауының әр әрпінен басталатын Қазақстанның 9 қаласын атау
/бір қаланы атауға болмайды, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады../
«Егемен» тобына
Қазақстан атауының әр әрпінен басталатын Қазақстанның 9 өзен - көлдерін атау
/бір өзен - көлді атауға болмайды, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады./

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 793
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан – Ұлы Дала елі
Қазақстан – Ұлы Дала елі
Еуропаның дәл ортасындағы, жүрегі атанған ел – Қазақ елі. Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатындай ұлан – ғайыр аумақтың иесі. Мен мақтанышпен, көкірегімді көкке көтеріп «Мен Қазақстанның жас ұрпағымын, келешегімін!» - деп жарияға жар сала аламын.
Мәңгілік ел идеясы - Жұбан жыры
Мәңгілік ел идеясы - Жұбан жыры
Жайық өңірінің перзенті, ел тарихында биіктен көрінер ұлы тұлға, «қазақпын» деуге ұлтшыл атанудан қорқып, көбі жалпақтап жүретін заманда, «Мен қазақпын» деп жариялап келген, өмірде де, поэзияда да оңай жол іздемеген, қазақтың халық жазушысы, КСРО
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Желтоқсаншылардың бәрі де бір - бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға» теңейтіндігіміз осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев «Егер қазақ Желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны»
Менің Тәуелсіз - Қазақстаным!
Менің Тәуелсіз - Қазақстаным!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Манашы орта мектебі Илясова Анар Имамадиновна
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Тәуелсіздік тірлігімнің айғағы
Тәуелсіздік тірлігімнің айғағы
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Тәрбиеші: Төреханова Г.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×