Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның ғарыштық проблемалары

12 маусым 2014, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Қазақстанның ғарыштық проблемалары
Әлемдегі ең көп пайдаланылатын ғарыш айлағы бар Қазақстанның космостық державаға айналуына ракеталық технологиясының жоқтығы кедергі болып отыр.

Адамзат тарихындағы тұңғыш ғарыш айлағы – Байқоңыр космодромы Қазақстанда орналасқан.
Қазақстан билігі совет заманынан қалған - құтқан технология мен Ресейге тәуелсіз, жоғары технологияны дамытуға көмектесетін ғарыштық инфрақұрылым жасауға тырысып жатыр. Бұл салада бірқатар қадамдар жасалғанымен, бастамалардың көпшілігі қаржы немесе техникалық қиындықтарға тіреледі.

«БӘЙТЕРЕК» ЖОБАСЫ

2004 жылы Ресей мен Қазақстан президенттері Байқоңырда «Бәйтерек» деп аталатын жаңа старт кешенін тұрғызу туралы келісті. Қазақстан жобаны қаржыландыруды өз міндетіне алды. Жобаның бастапқы бағасы 223 миллион доллар деп белгіленгені хабарланды. Ресей жағы Байқоңырды жалға алу келісімі бойынша Қазақстанға жыл сайын аударылатын қаражат есебінен жұмыстарды бастай беруді ұсынды. Кешен құрылысы 2010 жылға қарай аяқталады деп жоспарланды.
Жобаны іске асырумен айналысатын «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорнының ресми сайтында жазылғандай, «старт кешені «Ангара - 5 зымыран - тасығышын техникалық кешеннен қабылдау, орнату, жанар - жағармай құю, ұшыруға арналған».

«Ангара - 5» Байқоңырдан жиі ұшырылатын «Протонға» қарағанда экологиялық тұрғыдан анағұрлым қауіпсіз екені айтылды.
Бірақ жобаны қаржыландыру сол күйі басталмады. Ресейдің «Известия» газеті 2012 жылдың аяғында «Роскосмос» агенттігіндегі дереккөзге сілтеме жасап, «Бәйтерек» жобасының жүзеге асуы қазір мүмкін емес» деп жазды.
«Известия» газетінде ғарыш тақырыбына жазатын ресейлік журналист Иван Чеберко «Ангара» зымыран тасығышына арналған ұшыру қондырғысын құру үшін Ресей сұраған 1, 6 миллиард доллар қазақстандық әріптестерді абыржытып тастаған тәрізді деген пікірде.

ӨГЕЙ СПУТНИКТЕР

«Қазғарыш» ұлттық ғарыш агенттігі сәуірдің 10 - ында, Космонавтика күні қарсаңында үшінші қазақстандық спутникті (шын мәнінде, жұмыс істеуге қабілетті екінші спутник) ұшыру 2013 жылдың аяғына жоспарланды деп хабарлады.
Қазақстан жаңалықтары оны «тұңғыш қазақстандық жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) спутнигі» деп хабарлағанымен, «ҚазСат» ұлттық спутниктік бағдарламасымен ешбір байланыстырмайды. Осы бағдарлама бойынша бұған дейін екі спутник ұшырылды: 2006 жылы ұшырылған, қызмет ету мерзімі 10 жылға жарамды делінген «ҚазСат - 1» екі жылдан кейін істен шығып қалды. Ал 2011 жыл ұшырылған «ҚазСат - 2» спутнигі қазір бірқалыпты жұмыс істеп тұр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 535
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғарышкерлер
Ғарышкерлер
Атақты ұшқыш Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын.
Ғарышты игеру
Ғарышты игеру
Ғарыш, кеңістік, космос туралы ақпарат беру. Қазақ ғарышкерлерінің дүниеге, келген ғарышқа ұшқан жылдарын ажырата білуге үйрету.
Қазақстан және Ресей
Қазақстан және Ресей
Қазақстан мен Ресейдің тарихи байланысы және Қазақстанның Ресейге қосылуы жайында оқушыларға мағлұмат беру, Ресей империясының Қазақ елін отарлау саясаты жайында түсіндіру.
Байқоңыр - ғарыш айлағы
Байқоңыр - ғарыш айлағы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Ресейдің экономикалық-географиялық жағдайы
Ресейдің экономикалық-географиялық жағдайы
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің география пән мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Жер кіндігі-Байқоңыр
Жер кіндігі-Байқоңыр
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×