Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшысы

06 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан - жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: интелектуалды - зияткерлік сайыс
Сабақтың әдістері: ойын, сұрақтар, тапсырмалар;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім:
Жүргізуші: - Армысыңдар, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Бүгінгі сайысымызға 8 - 9 сынып оқушыларынан құралған 2 топ қатысып отыр. Әр топта 3 немесе 5 оқушыдан. Сұрақтар химия және биология пәндерінен қойылады.

І. Бәйге(15 сұрақ)
Әр топқа жеке биология пәнінен сұрақтар қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

8 – сынып оқушылары:
1. Саналы адам қалай аталады?
2. Адам ағзасының құрылымы неше деңгейден тұрады?
3. Адамдағы дене хромосомаларының саны нешеу?
4. Жасушаның химиялық құрамы қандай заттардан тұрады?
5. Жұлынның диаметрі неше см? (1см)
6. Адам миының салмағы? (1300 - 1400 г)
7. Ми қарыншаларындағы сұйықтық қалай аталады? (ликвор)
8. Адамның миы неше жасқа дейін өседі? (20 жас)
9. Үлкен ми сыңарларындағы жүйке жасушаларының саны (14 млрд)
10. Жоғары дәрежелі жүйке қызметінің негізін салған ғалым? (Павлов)
11. «Ми рефлекстері» деген еңбек жазған ғалым
12. Ағза қызметінің қандай реттелу жолдары бар? (жүйкелік және гуморалдық)
13. Адамның қимыл әрекеттерін реттеп, дене тепе - теңдігін сақтайтын ми бөлігі (мишық)
14. Энцефалит дегеніміз не? (мидың қабынуы)
15. Ұлпаның қандай түрлері бар? (эпителий, дәнекер, жүйке, бұлшық ет)

9 - сынып оқушыларына:
1. Ботаника нені зерттейді? (өсімдіктерді)
2. Организмдердің өздерінің белгілерін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуі (тұқымқуалаушылық)
3. 1 г нәруыз ыдырағанда бөлінетін энергия (17, 6 кДж)
4. Прокариоттарға нелер жатады? (бактериялар)
5. Ядроның хромосомасында орналасады (ДНҚ)
6. Жасушаның энергия станциясы (митохондрия)
8. Өсімдіктерге ғана тән органоид (пластид)
9. Цитоплазма дегеніміз не? (жасушаның қоймалжың сұйықтығы)
10. Митоз қандай фазалардан тұрады?(профаза, метафаза, анафаза, телефаза)
11. Митоздың бөліну неше сағатқа созылады? (0, 5 - 3 сағат)
12. Жануарларды зерттейтын ғылым (зоология)
13. Цитология нені зерттейді? (жасушаны)
14. Аталық жыныс клеткаларын не деп атайды? (сперматозоид)
15. Зигота дегеніміз не? (ұрықтанған жұмыртқа жасушасы)

IІ. Домина ойыны Сөйлемді ретімен орналастыру. Әр сөйлемге 10 ұпайдан
8 - сынып оқушыларына.
1. Сыртқы ағзаның жүйке жүзеге ортамен жүйесі асады арқылы байланысы. (Ағзаның сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады)
2. В. Эйнтховен электр жазып ұсынған алуды жүректің ғалым тоғын. (Жүректің электр тоғын жазып алуды ұсынған ғалым В. Эйтховен.)
3. Ата - ананың қасиетін тұқымқуалайтын хромосома – ұрпаққа жеткізеді. (Хромосома – ата - ананың тұқымқуалайтын қасиеттін ұрпаққа жеткізеді.)
9 - сынып оқушыларына:
1. Жұмыртқа атайды аналықтарды жасуша деп (Аналықтарды жұмыртқа жасуша деп атайды)
2. Арқылы, түрдің ұрпақ көбею даралары жалғасады сақталады. (Көбею арқылы ұрпақ жалғасады, түрдің даралары сақталады.)
3. Қосылыс, жоғары молекулалы нәруыз. (Нәруыз – жоғары молекулалы қосылыс)

ІІІ – «Иә - жоқ». Бөлінген топтарға 10 сұрақтан қойылады. Олар иә - жоқ деп жауап береді, әр жауап 1 ұпай.
8 сынып оқушыларының сұрақтары:
1. «Атом» сөзі грекше «бөлінбейтін» деген сөз. (иә)
2. Литий ең ауыр металл. (жоқ)
3. Күкірт (VI) оксиді негіздік оксид. (жоқ)
4. Тығыздығы ең көп металл осмий (ия)
5. Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттеседі. (ия)
6. Натрийдің валенттілігі ІІІ тең. (жоқ)
7. Ең жеңіл газ сутегі (ия)
8. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым С. Арениус. (ия)

9 сынып оқушыларының сұрақтары.
1. Атом құрамындағы ядро заряды теріс таңбалы болады (жоқ)
2. Молекула «ең кішкене» деген мағына береді. (ия)
3. Күкірт сутек екі негізді оттексіз қышқыл (ия)
4. Кальций оксиді қышқылдық оксиді (жоқ)
5. Сынап – сұйық металл. (ия)
6. Алюминий қосылыстарында - 3 тотығу дәрежесін көрсетеді. (жоқ)
7. Калий сілтілік металл (ия)
8. Атомның планетарлық моделін ұсынған Ломоносов. (жоқ)

ІV. Жорға әр топқа химия пәнінен сұрақтар қойылады, әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі

9 - сынып.
1. Электролиттер және бейэлектролиттер дегеніміз не?
2. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз не?
3. Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдарға анықтама беріңдер. 4. Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан негіздерге анықтама беріңдер.
5. Тұздар гидролизі дегеніміз не?

8 - сынып.
1. Химия ғылымы нені зерттейді?
2. Қоспа деп нені айтады және оның түрлері қандай?
3. Химиялық құбылыстар дегеніміз не?
4. Жай заттар дегеніміз не?
5. Күрделі заттар дегеніміз не?

V кезең «Ребустар шешу» Толық жауапқа 10 ұпай, жартылау жауап берсе 5 ұпай

♦ 1 - топқа ребус беріледі. Ребустан бір элементтің аты шығады, оны әрі қарай хлормен әрекеттесу реакциясын жазып, теңестіру керек.
Ребус

2Al+3Cl2=2AlCl3

♦ 2 - топқа ребус беріледі. Ребустан бір элементтің аты шығады, оны әрі қарай оттегімен әрекеттесу реакциясын жазып, теңестіру керек.
Ребус
4Fe+O2=2Fe2O3

VI кезең Бұл кезеңде мұғалім 2 топқа алма - кезек сұрақ қояды, жауап берген топ жауапқа байланысты мақал - мәтел құрастыруы керек. Толық жауапқа 10 ұпай. Мақал құрастырмаса 5 ұпай
1. СаО молекулалық массасы қай элемент атомына сәйкес келеді? /Темір/
Мақал: Темірді қызған кезде соқ.
2. І Б топшада орналасқан с. а. м. 108 болатын элемент? /Күміс/
Мақал: Тағасының күмісіне мақтанба, атыңның жүрісіне мақтан.
3. Н2О / Су/ Мақал: Су ішкен құдығыңа түкірме.
4. ІҮ А топшасындағы рет саны 82 болатын элемент? /Қорғасын/
Мақал: Қойдың сүті қорғасын, қойды ұрған оңбасын.
5. Қанға қызыл түс беретін металл? /Темір/
Мақал: Ағаш кессең ұзын кес қысқартуға оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуға оңай.
6. Сұйық металл? /Сынап/
Мақал: Көз бұлақ, көңіл – сынап.

VІІ кезең: Анаграмма шешу
Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі, әр топ кезектесіп жауап береді

VІІІ кезең: Көңілді шарлар.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай
8 сынып: Үш әріптен тұратын 3 элемент атаңыз.
9 сынып: Төрт әріптен тұратын 4 элемент атаңыз.
Қорытынды әділ қазылар өз бағаларын береді, жеңімпаз топ марапатталады.

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,
Аралбай ауылы, Жангелдин орта мектебі
химия биология пәнінің мұғалімі Естайлақ Ақгүл Абусағитқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 707
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы
XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз Шәкірттерге әділ шешім беріңіз Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - деп келе біз келесі кезең – бәйгені бастайық.
Жануарларды қорғау
Жануарларды қорғау
Оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан - жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×