Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі

18 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Павлодар облысы, Май ауданы,
«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп»
мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі
Жанагуль Толеуовна Аубакирова

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтінді бойымен жылжыту. Мәтінді үзіндісін ерекшелеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға WordPad мәтіндік процессорын терең ұғындырып, осы бағдарламаны толық меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылырдың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мултимедиалық тақта, картчкалар, жетон.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Асыл тасты сұрақтар.-
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Практикалық тапсырмалар
1. Тапсырма №1.
2. Тапсырма №2.
V. Жаңа сабақты бекіту
VI. Қорытындылау
VII. Үй тапсымасын беру
VIII. Білімгерлердің білімін бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі 1) Сәлемдесу.
2) Оқушыларды түгелдеу.
3) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
4) Компьютерлерді қосу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Бүгін үйге берген сабақты “Алтын тасты сұрақтар ” арқылы сұралады. Үй тапсырмасы мәтінмен жұмыс істеу болатын. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұарқтарға жауап беруіміз қажет.
Егер дұрыс жауап берсе, Орташа жауап берсе, тіпті нашар жауап берсе

Осы жетондар арқылы бағаланады.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Электрондық оқулық қолдану.
Word Pad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. Word Pad құжаттарында мәтін мен абзацты пішінддеу, шекараларды жылжытуға, шегіс орнатуға, әр түрлі қаріптерді қолдануға, сонымен қатар графикалық кесінділерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болды.
Бастау - Барлық программалар - Стандартты - Word Pad.
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элменттерден тұрады: Тақырып жолы, меню жолы, құрал - саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Мәтін теру ережелері
1. Бас әріп немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.
2. Егер бас әріппен бірнеше әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock пернесін қос.
3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
4. Дефис бос орынсыз қойлады.
5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойлады.
6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты ( инициалы) енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады.
7. Тықнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды.
8. Рим цифрларды енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.
9. Enter пернесін абзацтыі соңында басады. Жолдарды тасмалдау автоматты түрде жүзеге асады.
Мәтін бойынша жылжыту - пернетақтадағы ( Home, End, PageUp, PageDown) Home - жолдың басына, End - жолдың соңына, PageUp, PageDown – бір бетке жоғары немесе төмен.
Мәтінді үзіндісін ерекшелеу.

IV. Практикалық тапсырмалар

V. Жаңа сабақты бекіту
тест сұрақтары
VI. Қорытындылау.
VII. Үйге тапсырма беру:
• Материалды қайталау § 26 - 27
• “Менің досым” тақырыбына шығарма жазып келу

VIII. Бағалау.
Оқушылардың жетондарымен бағалау
Осы мен бүгінгі сабағымыз аяқталды.
Сау болыңдар.
1 982
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтінді теру және түзету ережелері
Мәтінді теру және түзету ережелері
Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруге үйрету. WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін оқушы бойына сіңіру. - АКТ - мен жұмыс жасау мәдениетін, тақырып бойынша сыни тұрғыда ойлауға оқушылардың танымдық қасиетін арттыра отырып,
Мәтінді теру ережесі
Мәтінді теру ережесі
WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейінің информатика пәні мұғалімі Архарова Алтынай
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика - информатика пәндері оқытушысы Сайсанбекова Дания Абдикаймовна
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×