Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

WordPad мәтіндік редакторы

05 наурыз 2016, Сенбі
Категориясы: Информатика
Оңтүстік Қазақстан Облысы, Түркістан қаласы,
№14 жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Сарсенбаева Гулмира Муратовна

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың WordPad - ты іске қосу, WordPad терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, зейінділікке, жан - жақты болуға, өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және логикалық ойлау абстракциясын дамыту, пәнге деген қызығушылығы мен компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, деңгейлік әдіс.
Көрнекілігі: Буклеттер, карточка, кеспе қағаздар.
Құрал – жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, компьютерлік слайдтар, оқулық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру,
оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару;
2. Топқа бөлу.
3. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйде тест құрап келу, тесттің жауабын оқушылар айту.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:
 Мәтіндік құжаттарды құруға;
 Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
 мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;
 Құжаттарды баспаға шығаруға;

WordPad мәтіндік редакторын іске қосудың бірнеше тәсілі бар:
1. Пуск - Программы – Стандартные - WordPad
2. Пуск - WordPad белгішесінде тышқанды шерту арқылы
3. Жүмыс үстеліндегі WordPad жарлығында тышқанды шерту арқылы

WordPad бағдарламасының жұмыс терезесі

WordPad редакторының батырмалары

ІV. Сабақты бекіту.
1. Электронды оқулықпен тапсырмалар орындау.
2. Эйлер – Венн диаграммасы /Ұқсастығын табу/

3. Деңгейлік тапсырма /компьютерде мәтінмен жұмыс жасау/
1 – деңгейлік тапсырма: Мәтінді сол жақ шеті бойынша туралап жазу керек. Қаріп - Times New Roman, мөлшері – 14.
Адам туралы
Адамның бойындағысының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір - бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл - ойы, сана - сезімі, істеген ісі ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

2 – деңгейлік тапсырма: Мәтінді ортасы бойынша туралап, мәтін тақырыбын көк түспен, мәтінді жасыл түспен жазу. Қаріп - Times New Roman, Мөлшері – 14.
Адам туралы
Адамның бойындағысының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір - бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл - ойы, сана - сезімі, істеген ісі ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

3 – деңгейлік тапсырма: Мәтінді көрсетілген пішімдеу бойынша жазу керек. Қаріп - Аrial, Мөлшері – 16.
Адам туралы
Адамның бойындағысының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір - бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл - ойы, сана - сезімі, істеген ісі ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

V. Сабақты қорыту.
1. Сәйкестендіру кестесі /парақшаға белгілейді/

2. Адасқан әріптерді табу /табылған сөздерді дәптерге жазу/.
Тіндікмә дакторре (мәтіндік редактор), қырыпта лыжо (тақырып жолы),
нюме ылжо (меню жолы), шімдеупі (пішімдеу).

VІ. Үй тапсырмасын беру.
Жұмыс дәптеріне жазылған сөздерге анықтама жазу, оқулықтан “WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі” тақырыбын оқу. 15 тест сұрақтарын құрастыру.
VІІ. Бағалау. /Оқушыларды сабақ барысында дұрыс жауаптарына қарай берілген белгішелер бойынша бағалау/
2 189
0
  • 0
0 дауыс

Жаңалықтар
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторы. Мәтін үзінділерімен жұмыс
WordPad мәтіндік редакторының құрылымы және мүмкіндіктерін меңгеру, топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

Оқушылардың WordPad - ты іске қосу, WordPad терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Word - ты іске қосу, Word терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ информатика пәнінің мұғалімі Магзумова Диана Сайлаубековна
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×