Білімділер поралы

Компьютерлік графика. Компьютерлік графиканың түрлері

Тақырыбы: Компьютерлік графика. Компьютерлік графиканың түрлері.
Жалпы мақсаттар: Оқушыларды компьютерлік графикамен және түрлерімен таныстыру, оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап, сөйлеуге дағдыландыру.

Түйінді идеялар: Компьютерлік графиканың түрлері таниды
Әдіс - тәсілдер: Топпен, АКТ, кері байланыс.
Күтілетін нәтиже: Компьютерлік графиканың түрлерін айырып таниды. Берілген сызба нұсқадағы терминдердің байланысын анықтайды.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, слайд
Топқа бөлу: Сан бойынша топқа бөлу
Топ ережесін құру
Үй тапсырмасын тексеру
1. Модель деген не?
2. Модельдерді қасиеттеріне қарай неше топтарға жіктейді?
3. Модельге мысал келтір.
4. Модельдеу дегеніміз не?
5. Нені модельдеуге болады?
6. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Жаңа сабақ
Компьютерлік графика туралы
Деректерді компьютер мониторында графикалық түрде көрсету алғаш рет өткен ғасырдың 50 - ші жылдарында ғылыми және әскери бағытта қолданылатын ЭЕМ - дердің көмегімен жұзеге асырылған болатын. Содан бері ақпаратты графикалық тәсілмен беру компьютерлік жүйелердің, әсіресе дербес компьютерлердің ажырамас бөлігі болып табылады.
Компьютерлік графика – арнайы есептеу кешендерінің көмегімен бейнелерді жасау мен оларды өңдеу құралдары мен әдістерін зерттейтін пән болып табылады.
Компьютерлік графика монитор экранында немесе сыртқы тасымалдаушыларда (қағаз, кинопленка, мата және т. б.) көшірмелерінде кескіндерді бейнелеудің барлық түрлерін қамтиды.
Деректерді көрнекілеу адамзат қызметінің әр түрлі салаларында орын алып келеді. Мысалы, медицина (компьютерлік томография), ғылыми зерттеулер, киімдерді модельдеу, тәжірибелік - конструкторлық жұмыстар және т. б.
Кескіндерді жасаудың тәсілдеріне қарай компьютерлік графика келесі түрлерге бөлінеді:
- растрлық;
- векторлық;
- фрактальдық.
Пәннің тағы да бір ерекше бөлімі - үшөлшемді (3D) графика. Бұл пән объектілердің көлемдік модельдерін виртуалды кеңістікте құрастырудың әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Әдетте мұнда кескіндеудің векторлық және растрлық тәсілдері үйлесімді қолданылады.
Түстеріне байланысты графика қара - ақ және түрлі - түсті болады. Әр түрлі салаларға мамандандырылғанына байланысты инженерлік графика, ғылыми графика, Web - графика, компьютерлік полиграфия және т. б. түрлер болады.
Компьютерлік графика көбінше тек құрал ретінде қолданылғанмен, оның құрылымы мен әдістері математика, физика, химия, биология, статистика, бағдарламалау және т. б. фундаментальді және қолданбалы ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді. Сондықтан компьютерлік графика қарқынды дамуда және көп жағдайда жалпы компьютерлік индустрияда жетекші орын алады.
Компьютерлік графиканың түрлері
Фрактальдік графика
Фрактальдік графика математикалық есептеулерге негізделеді. Фрактальдік графиканың базалық элементі математикалық формула болып табылады. Яғни компьютердің жадында ешқендей объектілер сақталмайды, ал кескіндер берілген теңдеулер бойынша тұрғызылады. Осы тәсілмен қарапайым құрылымдардан бастап табиғи ландшафттар мен үшөлшемді объектілерді имитация жасайтын күрделі кескіндерге дейін тұрғызылады.
Үшөлшемді графика.
Үшөлшемді графика ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық объекттерді
компьютерлік модельдеуде кеңінен орын алады. Мысал ретінде үшөлшемді модельдеудің күрделі вариантын – физикалық дененің қозғалыстағы кескіндерін құрастыру. Объетіні кеңістік модельдеу үшін келесі қадамдарды орындау керек:
o объектінің нақты формасына барынша сәйкес виртуалдық каркасын «скелетін» жобалау және жасау;
o физикалық қасиеттері объектінің нақты материалдарына ұқсас болатын виртуалды материалдарды жобалау және жасау;
o объектінің беттерінің бөліктеріне тиісті материалдарды тағайындау (кәсіби жаргонда оны «текстураларды объектіге проекциялау» дейді);
o объект орналасқан кеңістіктің физикалық параметрлерін келтіру керек – жарықты, графитацияны, атмосфера қасиеттерін, өзара байланысты объектілер мен беттердің қасиеттерін беру;
o объектілер қозғалысының траекториясын беру;
o кадрлардың қорытынды реттілігін есептеу;
o анимациялық роликке қажетті эффекттерді беру.
Объектінің реалистік моделін құру үшін геометриялық примитивтер (тік төртбұрыш, куб, шар, конус және т. б.) және онлайндық депе аталатын жатық беттер қолданылады.
Компьютерлік графика. Компьютерлік графиканың түрлері жүктеу
Компьютерлік графика. Компьютерлік графиканың түрлері слайд жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 64
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 63
Роботтар: 2
Аягоз Болатбековна
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика