Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасиетпен құт дарытқан Қызылорда!

11 ақпан 2014, Сейсенбі
Қасиетпен құт дарытқан Қызылорда!

Құтты болсын айтамын бұл тойыңа,
Құдіретті жинағансың бар бойыңа,
Қызылордам қасиетті құт мекенім,
Алламның сыйы берген сыр бойына.

Сен менің шырқалатын шаттық үнім,
Тек өзіңде арайлап атты күнім,
Бақыттымын өзіңде туғаныма,
Ақындықтың ақ сандығын аштым бүгін.

Әрбір атқан таңыма шаттанамын,
Шайырлардың ізімін деп мақтанамын,
Өлең десе жүрегім елегізіп,
Жыр - маржаны көгіме атты алауын.

Мәңгілік мекен еткен Қорқыт бабам,
Сүлейлерді түлеткен сайран далам,
Жер жәннәті өзіңсің ғаламдағы,
Тек өзіңнен туған жер бақыт табам.

Сыр елі аңыздағы жырдың елі,
Жыраулар күміс көмей дүл-дүл еді,
Сұлу сырда бойжеткен Роза апам,
Қазақтың ерке қызы, бұл - бұл еді.

Сырдың елі қашаннан да бағалы,
Тұғырынан түлеткен ел дананы,
Екінші Абай деп таниды мына әлем
Сыр сүлейі, Тұрмағамбет бабаны.

Ақ күрішті ақ алтынды аймағым,
Өсе берсін асқақтасын айбарың,
Бірлігіңмен татулығың бекем боп,
Сүттей ұйып, бұзылмасын қаймағың.

Ару қалам Ақмешітім астанам,
Мәдениеттің үлгісін сен бастаған,
Ана тілдің биік ұстап тұғырын,
Ата - салтын әркез халқың сақтаған.

Тең келмейді өзіңе күміс, алтын,
Тілеуіңді тілейді барша халқым.
Алашымның Ұлы анасы бір өзіңсің,
Әлемге қанат жайған атақ - даңқың.

Сен менің байлығымсың сарқылмайтын,
Айдын - шалқар көлімсің тартылмайтын,
Тарихың бар сан ғасырлық тұнып жатқан,
Тұңғиыққа батсам да таусылмайтын.

Сыр Алаштың анасы бұл қашаннан,
Тарихы бар тасқа ойып қашалған,
Сенсің менің Меккем менен Мединам,
Жаратқанның құдіретімен жасалған.

Қасиетпен құт дарытқан Қызылорда,
Тарихыңды таңбаладың сара жолда,
Жасара бер, жайнай бер мәңгілікке,
Жаратқаным жар болып Аллам қолда.
2 557
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауылым – алтын бесігім!
Ауылым – алтын бесігім!
Ауылым – алтын бесігім, Халқыңның сенде несібі. Ашық болсын әрдайым Кең далаңның есігі!
Мен қазақпын
Мен қазақпын
Мен қазақпын әуелден қарапайым Қонақ келсе қарсы алып, құшақ жайдым. Мен қазақпын деймін мен мақтанамын Қонақтарға тосатын қою шайын.
Туған қалам - Қызылордам
Туған қалам - Қызылордам
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Батракова Лаура Майдановна Тақырыбы: «Туған қалам - Қызылордам» атты мұражайда өткізілген саяхат – сабақ 11 сынып оқушыларына
Шуақты өлең
Шуақты өлең
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы, "Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушысы Төребекова Гүлнұр
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Аукишева Алмагүл Слямбекқызы
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×