Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арналы бұлақ асыл сөз

12 қазан 2012, Жұма
Қостанай облысы, Рудный қаласы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Шынар Даниярқызы

Тақырыбы: «Арналы бұлақ – асыл сөз»
Мақсаты: оқушылардың бойындағы ой және тіл жұтаңдығын ескере отырып, олардың сөздік қорын байыту, сауатты сөйлеуді үлгілеу, тіл мәдениетін жетілдіру.
Қажетті құралдар: интерактивті тақта, тіл туралы ұлы адамдардың нақыл сөздері жазылған плакаттар

Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Міне бүгін 22 қыркүйек «Тілдер мерекесі». 1989 жылы қыркүйектің 22 күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Осыдан 22 қыркүйек күні республикада Қазақстан халықтарының тілдер күні деп аталып келуде. Осы мақсатта «Арналы бұлақ – асыл сөз» атты тақырыпта 6 сыныптар арасында интеллектуалдық ойынын өткізгелі отырмыз. Ал енді осы сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ал енді осы сайысты Несіпбек Айтовтың мына өлең жолдарымен ашқым келіп отыр.

Ана тілім
Ана тілім жүрегісің анамның
Жүрек – ана мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін.
Сенсіз мынау керегіне ғаламның.
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем,
Ел бетіне қалай түзу қараймын
Ана тілім, егер сені білмесем! – деп айтқандай, осы елдің әрбір азаматы ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, тіл мәртебесінің биіктеуіне барынша үлес қосуға міндетті.
Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі ойынымызға төрешілік ететін әділқазыларды таныстырып өтсем.

Бүгінгі ойынымызға 3 топ қатысқалы отыр. Сайысқа өз өнерлерін көрсетуге келген топтарға іске сәт дегіміз келеді. Ойынымыздың шарттарын ойын барысында түсіндіреміз.
Қанаттарың талмасын,
Өнерлерің самғасын
Білімді болып ер жетіп,
Халқыңа тигіз пайдасын

1) Ал енді І кезең «Мен елімнің ертеңімін» (таныстыру). Әр топ өзін таныстырады.
Кезекпен топтарды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Қазақ тілі!
Байсалды бабам тілім!
Сол байлықтан аз емес алатыным)
Сен тілісің!
Адамзат –Абайының
Сен тілісің
Ұрпақтың талайының!

2) Ал ендігі ІІ кезең «101 мақал» сайысы. Бұл шарт бойынша тек қана «Тіл» тақырыбында мақал-мәтелдер айтылады (кезекпен). Айтылған мақал-мәтелдер қайталанбайды. Білмеген топ ойыннан шығады.
Жүргізуші:
Ең бірінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

3) Ал ендігі кезең «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» мәнерлеп оқу сайысы.
Ортаға кезекпен топтарды шақырамыз.
Жүргізуші:
Сөз қандай бай, білем соның қаншасын
Жатып тұрып санадым
Әрбіреуін қолыма ұстап үңіле,
Асыл тасша қарадым.

4) 4 - кезең «Білімділер сайысы». Ойынның шарты әр ұяшықта сұрақтар берілген, «жеңілден ауырға» тапсырмасы бойынша ұпай жинаймыз. Әр топтың барлық оқушысы бір сұраққа жауап береді.
Тіліңмен жүгірме,
Біліміңмен жүгір.

5) «Сөз ойла да, тез ойла» ойынының шарты берілген сөздер құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, сөздер құрастыру. «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі»
Қанша сөз болса, сонша ұпай жинайды

Әділ қазы алқасы
Әділ баға беретін
Сайыскердің бағасын
Бір жүйеге келтірсін
Келесі кезекті әнге берсек.

Келесі қорытынды сөзді төрешілерге береміз.
Жүргізуші: Тіл мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Ойынға қатысқан сайыскерлерді жүлделі орындарымен құттықтаймын!
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімді таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. – деп Жұбан Молдағалиев айтқандай ана тілімізді, мемлекеттік тілімізді қадірлей білейік ағайын.
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызға ат салысқандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз!
6 861
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара.
Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара.
22 қыркүйек - Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Содан бері 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
22 - қыркүйек Тілдер мерекесіне арналған сценарий
22 - қыркүйек Тілдер мерекесіне арналған сценарий
Тіл туралы алғашқы заң 1989 жылы 22 – қыркүйекте қабылданған еді. Содан бері Қазақстан Республикасында бұл жыл сайын Тідер мерекесі болып аталып өтуде. Бүгін міне біз де осы жерде Қазақстанда тұратын халықтардың тілдер күнін атап өтуде жиналып
Қасиетті ана тілім
Қасиетті ана тілім
Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.
Cөз мерген (сынып сағаты)
Cөз мерген (сынып сағаты)
Тіл жұтаңдығын ескере отырып, олардың сөздік қорын байыту, сауатты сөйлеуді үлгілеу, ұмыт болуға айналған мақал-мәтелдер мен көне сөздерді ұтымды пайдалана отырып, қолданысқа ендіру, тіл мәдениетін жетілдіріп, тіл тазалығы мен шұрайлылығына көңіл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×